ІV. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау
1. Олимпиаданың
әр кезеңінің жеңімпаздары I,
II және III дәрежелі
дипломдарымен марапатталады.
2. Олимпиаданың үшінші кезеңінің жеңiмпаздар саны қатысушылар
санының 45%-ын құрайды, ҚР Білім және ғылым
министрінің жеңімпаздары I, II
және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
3.
Олимпиаданың
үшінші
кезеңінің
барлық
қатысушыларына
сертификаттар табысталады.
V. Қаржыландыру
Олимпиада қатысушыларының жол жүруі, тамақтану шығындары жіберуші
білім мекемелерінің есебінен жүзеге
асырылады, жатын орны тегін.
Олимпиаданы өткізу, жүлдегерлерді
марапаттау Абай атындағы
Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға
арналған қазақ тілі мен
әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты
бекіткен шығындар
сметасы шегінде жүзеге асырылады.