Йа. Садақ. Boδum ẹrdi oq tẹg köŋül ẹrdi ja ДТС 221 (Бойым оқ сияқты, жүрегім садақтай болды). Ким ол йа қашларың зүннар кескай Мн 512 (Садақтай қасыңның талшықтары зуннарды тіліп түскендей). Ен-орх., МК, ҚБ осындай; қазіргі қазақ тілінде: жай.
Йаңақ, Жақ. Qïzïl jaŋaq ДТС 233 (Қызыл бет). Қара мең ал йаңақыңда йарашур Мн 191 (Қара меңің ал қызыл өңіңе жарасып тұр). Түркі тілдерінде: тат., башқ. яңақ; ноғ. як; құм. яякь; қ-қарп., қаз. жақ тұлғасында қолданылады.
Ужмах. Жұмақ. Soluŋdïn tamu ornï uštmah oŋ ol ДТС 617 (Сол жақ тамұқ орны, оң жақта жұмақ). Ким ужмақтур сениң базмиң бинасы Мн 145 (Болып жатқан сенің тойың болған жер жұмаққа ұқсайды), Мн ужмах және ужмақ варианттары да бар. МК учмақ. Тарихи ескерткіштерде уштмақ деген варианты да кездеседі. Қазақ тілінде: жұмақ.
Күванж. Қуаныш. Kür alp ẹr küvänči čärig künlari ДТС 330 (Ержүрек ерлер қуанышы әскермен). Мухаммад-Хожа-бек ғалам күванжи Мн 110 (Мұхаммед Хожа-бек – әлем қуанышы).
Қазіргі түркі тілінде күванж сөзі мына түрде кездеседі: түрк., kıvanç; әзірб., güvenc; башқ., kıvanis, gorurlık, maktanıs; қырғ., sıymık, kubanıç; өзб., sevinç, kuvánç; тат., kuanıç; түркм., guvanç; ұйғ., hursänlık; қаз., қуаныш.
Йармақ. Ақша. Ol čïγajqa jarmaq ülätti ДТС 242 (Ол кедейлерге жармақ үлестірді). Бүгүн майханада йармақ сачалың Мн 434 (Бүгін майханада жармақ теңге шашалық). МК, ҚБ-да осындай; йармақ – Шығыс Түркістанда революцияға дейін ақшаның атауы болған.
Достарыңызбен бөлісу: |