1-кесте Әр ауылдан алуға болатын қызанақтың мөлшері мен 1 т пиязды тасу құны (теңгемен)
Қызанақтың мөлшері (тоннамен)
1300
1100
1200
900
1 т қызанақтың құны (теңгемен)
15
12,5
10
13,5
Қызанақты тасу бағасы ең аз болатындай етіп қаланы қызанақпен қамтамасыз ететін жоспар құруымыз керек.
1-кестеден көріп тұрғанымыздай, егер 1 т қызанақты тасу бағасының арзандығы бойынша орналастыратын болсақ: 10; 12,5; 13,5; 15 деп орналасады, ал оларға сәйкес қызанақ мөлшері мына ретпен тұрады: 1200; 1100; 900; 1300.
Есептің шешімі бағалау әдісі арқылы табылады:
1200 4000
Демек, қалаға әкелінетін пияздың ең аз әрі тиімді бағасы 49900 теңгені құрайды.
Енді алгебра, геометрия курсындағы экстремумге берілген қолданбалы есептерді шығарайық. Осындай есептер Әбілқасымова А.Е. мен Солтан Г.Н. 8-9 сынып алгебра оқулығында кездеседі. Солтан Г.Н. кітабында арнайы жоғарыдағы тақырыптарға мәтінді есептер мен олардың мысалдары кеңінен келтірілген. Олардың ішінде экстремумге берілген есептер де аз емес.
3-есеп. Табанының периметрі 20 дм, биіктігі 4 дм болатын тікбұрышты параллелепипед жасау керек. Көлемі ең үлкен болуы үшін оның табан қабырғалары қандай болуы керек [4]?