«Теңсіздік» тақырыбында экстремумге берілген қолданбалы есептерді шешу Жоспар



бет1/4
Дата21.04.2023
өлшемі31,88 Kb.
#85152
түріОқулық
  1   2   3   4
Байланысты:
«Òå?ñ³çä³ê» òà?ûðûáûíäà ýêñòðåìóìãå áåð³ëãåí ?îëäàíáàëû åñåïòåðä


«Теңсіздік» тақырыбында экстремумге берілген қолданбалы есептерді шешу


Жоспар

Кіріспе
І 5-6 сыныптарда математика курсында кездесетін есептер


ІІ 7-11 сыныптарда алгебра, геометрия курстарында кездесетін есептер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Ең үлкен және ең кіші мәнді табуға берілген қолданбалы есептер 5-6 сыныптың математика оқулықтарында бастау алады. Экстремалды есептерді шешуде келесідей әдістер қолданылады: тірек функция, бағалау, таңдау, жазықтықты түрлендіру. Соның ішінде «Теңсіздік» тақырыбындағы есептермен 6 сыныпта таныса бастайды. 5-6 сынып оқитын оқушыларға көбінесе бірнеше жауабы бар есептер де кездеседі, ал оларды шешуде бір ғана теңдеуді құрып шығару қиындық тудырғандықтан, теңсіздіктің көмегімен ең оңтайлы шешімді таңдайды. Яғни, бұны әдетте бағалау әдісі деп те атайды. Кейбір есептерде оқушылар ең үлкен немесе ең кіші мәнді табуды сұрап тұрғанын түсіне бермейді. Сондықтан оларға қолданбалы есептерді, яғни өмірде кездесетін жағдайлар арқылы есептерді беріп, оның әдістемесін түсіндіріп өту керек. Нақты «экстремум», «ең үлкен, ең кіші мән» деген терминдермен оқушылар 10-сыныпта танысса да, одан ерте уақытта да олар соған ұқсас есептерді шығарып дағдыланған, сондықтан туындыны қолданбай-ақ есептің экстремум мәндерін табуға болатындығын оқушыларға түсіндірген жөн. Математика және алгебра, геометрия курстарындағы экстремумге берілген есептерді теңсіздіктер арқылы шығаруға бірнеше есептер қарастырайық.

Төменде 5-6 сыныптарда математика пәнінен берілген қолданбалы есептер шешу жолымен келтірілген.


1-есеп. Мырыштан жасалған қоспаның салмағы 15 кг. Әрқайсысының салмағы 13 кг болатын 42 бұйым жасау үшін қанша мырыш қоспасы қажет болады [4]?
Шешуі: бұл есепті шешудің бірнеше әдісі бар. Біз теңсіздіктер арқылы шығарылатын әдісті қарастырамыз.
a – қоспалардың саны болсын, онда 15a – қоспалардың салмағы, ал – бұйымдардың салмағы.
Әрі қарай берілген деректерді қолдана отырып, есеп шартына сай келесі теңсіздікті құрамыз:
15a 13·42
15a 546
a 546:15
a 36. Осыдан a–ның мәндері мына шексіз жиынды құрайды:
a={37,38,39,…}
Мырыш қоспаларының ең аз шамасы 37 болады.
Жауабы: 37
Кішкентай сынып оқушыларын берілген тақырыптағы есептерге қызықтыру мақсатында өмірмен байланысты, экономикалық мазмұндағы есептерді берсе, олар аса үлкен қызығушылықпен шығарады. Соған сай келетін есептердің бірін көрсетсек болады:
2-есеп. Қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 4 ауылдан 4000 т қызанақ сатып алу керек. Әр ауылдан алуға болатын қызанақ мөлшері мен 1 т қызанақты тасу құны төмендегі 1-кестеде көрсетілген [4]:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет