Тест физика. №1



бет1/2
Дата20.04.2023
өлшемі85 Kb.
#84840
  1   2
Байланысты:
ТЕСТ ФИЗИКА ҰБТ


ТЕСТ ФИЗИКА. №1
(Бір жауапты тест тапсырмалары)
1. Керілген арқанның үстімен жүріп келе жатқан гимнаст көрермендерді ықыласқа бөледі. Ал егер арқанның үстімен иығына иінағашқа ілінген шелектегі суды алып өтсе тіпті керемет. Арқанның үстінде
A) тепе-теңдікті сақтау иінағашпен шелектегі суды алып өткенде жеңілірек
B) тепе-теңдікті сақтау гимнаст тек өзі жүріп өткенде жеңілірек
C) тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес
D) гимнасттың салмағы артады
E) гимнасттың салмағы азаяды
2. Жабақ пробирканың түбінде маса отыр. Пробирка вертикаль жағдайда еркін құлап келеді. Құлау кезінде маса пробирканың төменгі бөлігінен жоғары бөлігіне ұшып өтсе, пробирканың құлау уақыты:
A) азаяды
B) артады
C) өзгермейді
D) бірінші артады,сосын азаяды
E) бірінші азаяды, кейін артады
3. Құс таразының бір басына орналасқан жәшіктің ішінде отыр. Таразы, екінші басына кір тасы салынып теңгерілген. Егер құс жәшіктің ішінде жоғары көтеріліп ауада қалықтап тұрса, таразының ... .
A) тепе-теңдігі сақталады B) кір тасы жағы басып кетеді
C) құсы бар жәшік басып кетеді D) жалпы салмағы артады
E) жалпы салмағы кемиді
4. ν жылдамдықпен келе жатқан автомобиль жүргізушісі, кенет алдында s қашықтықта орналасқан жалпақ қабырғаны көрді. Жүргізушінің іс-әрекеті:
A) автомобильді тежеп тоқтату қажет B) автомобильді бұру қажет
C) ештеңе істеудің қажеті жоқ D) көзін жұмып қалу
E) жылдамдықты арттыру
5. Жоғары қозғалып бара жатқан эскалатор баспалдағында тұрған адам, сол эскалатордың бойымен өзі де тұрақты жылдамдықпен қозғалуда. Бұл жағдайда эскалатор моторының жасаған жұмысы мен қуаты:
A) жұмысы артады, қуаты азаяды
B) қозғалмай тұрған адамды шығарған кездегіден көп
C) қозғалмай тұрған адамды шығарған кездегіден аз
D) жұмыс азаяды, қуаты артады
E) өзгермейді
6. «Арқан тарту» ойынында екі топ сайысуда. Бірінші топ арқанды өзіне қарай 400Н күшпен тартады, ал екінші топ 100Н күшпен тартады. Екі топтың тең әрекетті күші:
A) 500Н B) 100Н C) 400Н D) 300Н E) 250Н
7. Қиярға ұзақ уақыт тұз сіңірмеу үшін, қияр салынған тұздықты суық жерге сақтау керек. Себебі,
A) конденсация баяу жүреді B) компенсация жылдам
C) конденсация жылдам D) диффузия жылдам жүреді
E) диффузия баяу жүреді
8. Консерві қалбырларын дайындауға пайдаланылатын қаңылтырлар тоттанбау үшін, ауданы 200 см2 қаңылтырға 0,45 грамнан есептелген, қалайының жұқа қабатымен қаптайды. Қаңылтырдағы қалайы қабатының қалыңдығы:
A) 0,003 мм B) 0,005 мм C) 3 мм D) 5мм E) 30 мм
9. Мыс детальды қыздырса және балқытса оған әсер ететін ауырлық күші:
A) қыздырса артады, балқытса азаяды
B) қыздырса азаяды, балқытса артады
C) қыздырса өзгермейді, балқытса артады
D) қыздырса азаяды, балқытса өзгермейді
E) барлық жағдайда өзгермейді
10. Бөрене оңға қарай жылжытылған болса, сырғанау үйкеліс күші ..... бағытталған.
A) оңға B) солға C) солтүстікке D) батысқа
E) оңтүстік шығысқа
11. Волейбол добының камерасына ауаны біртіндеп жіберсек, ондағы ... .
A) қысым артады B) қысымы өзгермейді
C) салмағы азаяды D) салмағы өзгермейді
E) қысым азаяды
12. Салмақсыздық жағдайында тіс пастасы:
A) сығылмайды B) сығылады C) салмағы артады
D) салмағы азаяды E) көлемі артады
13. Жас турист иығына асынған массасы 10 кг жолқабымен үйінің төртінші қабатына 25секундта көтеріле алатынын байқаған. Егер бір қабаттың биіктігі 3м болса, онда жол қабын көтеру үшін туристтің өндіретін қуаты:
A) 3,6 Вт B) 36 Вт C) 0,36Вт D) 3,6 кВт E) 36 гВт
14. Кейбір гайкаларды құлақшалы етіп жасау себебі:
A) күш моментін арттыру үшін B) күш моментін азайту үшін
C) салмағын көбейту үшін D) салмағын азайту үшін
E) тығыздығын арттыру үшін
15. Тамыры терең шөпті отағанда, оны топырақтан жұлқымай тарту құбылысы бағынатын заңдылық:
A) қысым B) конденсация C) дисперсия
D) диффузия E) инерция
16. Жауын-шашын мөлшерін өлшегіш, оның мөлшері 8 мм екендігін анықтады. Олай болса 1 га жерге сіңген судың мөлшері:
A) 60 т B) 70 т C) 80 т D) 70 кг E) 80 кг
17. Қырманнан 3т бидайды тасымалдау үшін кузовының ұзындығы 2,5 м, ені 1,8 м және биіктігі 80 см жүк машинасы бөлінді. Машина кузовы бидаймен толтырылған деп есептесек бидайдың тығыздығы
A) 930 кг/м3 B) 830 кг/м3 C) 730 кг/м3 D) 800 кг/м3 E) 860 кг/м3
18. Қардың көктемде, қар еру басталар кездегі тығыздығы 300 кг/м3. Қардың егістік жердегі қалыңдығы 80 см болса, бір гектар жердегі ылғал қоры:
A) 2,5∙106 кг B) 2,4∙106 кг C) 2,6∙106 кг
D) 24∙106 кг E) 240∙106 кг
19. Жүргізуші 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобиль қозғалтқышын сөндіргенде, ол 3,4 секундтан соң тоқтады. Асфальтпен үйкеліс күші 5880 Н. Қозғалтқышты сөндірген сәттегі автомобиль импульсі мен массасы:
A) 2∙103 кг∙м/с; 1030 кг B) 20∙102 кг∙м/с; 1031 кг
C) 20∙103 кг∙м/с; 103 кг D) 20∙105 кг∙м/с; 104 кг
E) 20∙104 кг∙м/с; 102 кг
20. Өрт сөндіру машинасының сиренасы екі секунд сайын қосылады. Бақылаушыға жақындап келе жатқан машина сиренасының дыбысын, ол 1,8 с сайын еститін болса, машинаның жылдамдығы:
A) 122 км/сағ B) 120 км/сағ C) 102 км/сағ D) 180 км/сағ
E) 90 км/сағ


Тест№2


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет