88."Бірінші курс студенті 3 апта бұрын денесінде, тізе мен шынтағының терісіне қызарған қышыма түйіндердің пайда болу шағымдарымен дәрігерге қаралды. Қарап тексергенде: терісінде шектелген, беті ақшылт қабыршықпен қапталған қызғылт түсті дақтар. Бөртпелер аяқ-қолдардың бүгілетін беттерінде симметриялы түрде орналасқан. Денесінде ретсіз орналасқан қызғылт түлеген папулалар." экзема
89."Үшінші курс студенті медициналық пунктте табандары мен аяқ саусақтарының аралығындағы бөртпелерге, қышынуға шағымданды. Шамамен бір ай бұрын, аяғының саусақ араларында терісі түлей бастаған, кейін терісі жарылып, қышыну болған. Соңғы аптада табандарда көпіршіктер пайда болды. Қарап тексергенде: аяқтың саусақ аралық терісі түлеген. Төртінші және бесінші саусақтардың арасы ісінген және қызарған жерінде эпидермистің сыдырылғаны байқалады." табан микозы