Тест Сан есім. Жинақтық сан есім жасайтын жұрнақтарды табыныз



бет4/5
Дата19.05.2023
өлшемі38,42 Kb.
#94830
1   2   3   4   5
Автор сөзі
Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады

Төлеу сөз
Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтуын төлеу сөз деп атайды

Түсіну
4. Төл сөз бен автор сөзінің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

  1. Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл дейді Махмұд Қашқари

  2. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
    дейді сөз зергері Ғабит Мүсірепов

  3. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма –дейді.

  4. 4. Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл деді жазушы Әбіш Кекілбай

Қолдану
5.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.
1. «Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын.»-дейді Жүсіп Баласағұн
2. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз”,- деді Елбасы.
6. «Кім тез оқи алады?»Тақтада жазылған сөйлем сөздері орындары ауысып келген, оларды тиісті тәртібіне келтіріп, сөйлемді кім тез тауып оқи алады? Дұрыс жауабын дәптерге жазып, сөйлемді төл сөзге айналдырып , орын тәртібін ауызша айту.
1.Айтыңдаршы қалдырған деуге өлмейтұғын бола артына ма сөз өлді. (Жауабы: «Өлді деуге бола ма , айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»-дейді Абай)

  1. 2. Қазақ гауһары ішіндегі тілінің түрік тілі (Жауабы: «Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі»,-деді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы)

7. Төл сөз бен автор сөзін тауып, орын тәртібінің сызбасын көрсетіндер.Айрықша берілген сөздердің үш тілдегі аудармасын айтыңдар.

  1. «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ», — деді Абай. Өнер-искусство-art

  2. Мағжан Жұмабаев қазақ тілі туралы: «Таза, терең, өткір, күшті,кең тілім!»- деп айтқан. тіл-язык-language

  3. Жүсіп Баласағұн: «Адамға екі нәрсе тірек, тегі:Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі»,- дейді  Жүрек – сердце- heart

  4. «Тіл – елшінің қылышы,- деді Жүсіп Баласағұн ,- тіл қылыштан да өткір.» Қылыш – мечь-sword

  5. «Қасиетін сезем деп ана тілдің,
    Қауырсыны қалмады қанатымның» – деп Мұқағали Мақатаев жырлаған. Ана – мать – mother



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет