Тест спецификациясы Тест тақырыбы: «Заңнаманы және нормативтік-құқықтық актілерді білу»



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі26,81 Kb.
#116913
1   2   3
Байланысты:
Mektepke-deyingi-t rbie-men-o ytudy -bilim-beru- yymdaryny -basshylary- shin-za namany-zh ne-normativtik y ty -aktilerdi-bilu

5. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі: неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын айқындайтын және мемлекет азаматтарының, сондай-ақ мемлекет территориясында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық акт.
«Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тура қатысы бар басқа да қатынастарды реттейтін, еңбек қатынастардағы тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төменгі мөлшерін анықтайтын нормативтік құқықтық акт.
«Педагог мәртебесі туралы» - Қазақстан Республикасы Заңы: педагог мәртебесін айқындайды, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы (әрі қарай - Стандарттар) тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына; тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне; тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет