Бір мағыналы және көп мағыналы (полисемиялы) қосымшалар.
Синоним, антоним қосымшалар.
Омоним қосымшалар.
Функциялы қосымшалар
Қосымшалардың құрамдық сипаты.
Жалғаулардың өзіндік ерекшеліктері.
Жалғаулардың түрлері.
Көптік жалғау және көптік (сан) категориясы.
Көптік жалғаудың жалғаулар жүйесінен алатын орны, сөз байланыстыруға қатысы.
Тәуелдік-иелік ұғымның берілуі.
Тәуелдік жалғау және тәуелдік категориясы.
Тәуелдік және жақтық мағына.
Тәуелідк жалғаудың нөлдік тұлғада қолданылуы.
Ортақ және оңаша тәуелдеу.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Қосымшаларды беретін мағынасына қарай ажыратып көрсетіңіз
1. Сөзжасамдық (лексикалық) мағына
2.Лексика-грамматикалық мағына
3.Грамматикалық мағына
4. Контекстік лексика-грамматикалық мағына
2-тапсырма. Сызбаны толтырыңыз:
синтетикалық семантикалық аналитикалық 3-тапсырма. Антоним қосымшалар. Мақал-мәтелдерден антоним қосымшаларды ажыратыңыз.
1.Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.
2.Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар
3.Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.
4.Берген жомарт емес, алған жомарт.
5.Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, Тілімнен сүріндірме.
4-тапсырма. Омоним қосымшалар. Төмендегі мақал-мәтелдерден –ды, -ді, -ты, -ті қосымшаларының мағыналары мен қызметтерін айқындай отырып, қандай қосымша екенін көрсетіңіз.
1.Талапты ерге нұр жауар.
2.Аяғы жаман төрді былғар. Аузы жаман елді былғар.
3.Ылдисыз өр болмайды.
4.Жонмен барып, Саймен қайттық.
Жердің үстімен барып, Астымен қайттық.
5.Жақсыны жамандаса аруағы тасады, Жаманды жамандаса құты қашады.