Тіл дамыту әдістемесінің қалыптасуы Қазақстанда әдістеменің дамуы. А.Байтұрсынов, Н.Құлжанова, Б.Б.Баймұратова, Қ.М.Меңдаяхова, К.М.Метербаевалардың еңбектеріндегі ана тілін оқыту және тіл дамыту әдістемесінің мәселелері. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту әдістемесінде шетелдік тәжірибені қолдану. Әдістемені дамытудың заманауи мәселелері. Көптілділік жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың жұмыс ерекшеліктері. Ресейде әдістеменің дамуы. К.Д. Ушинский — балаларға ана тілін бастапқы оқыту әдістемесінің негізін қалаушы.
30-40-жылдары тіл дамыту әдістемесінің дамуы. Е.Н.Водовозова мен Е.А.Флеринаның тіл дамыту әдістемесіне қосқан үлестері. Е.И.Тихееваның балабақшада балалар тілін дамытудың әдістемелік теориясы мен тәжірибесін құрастырудағы рөлі.
Тіл дамытудың теориялық зерттеулері мен әдістеменің қалыптасуындағы Ф.А.Сохин, О.С. Ушакова, М.М. Конина, В.И.Логинова, А.М. Бородичтердің рөлі.
Шетелдік педагогикада балалардың тілін дамыту мәселелері. Я.А. Коменский мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту принциптері туралы. И.Г.Песталоццийдің еңбектеріндегі ана тілін оқыту әдістемесі. Ф.Фребель мен М.Монтессоридің жүйелеріндегі тіл дамыту әдістері.
1
Орташа
(B) -1
1
3
Балабақшада тіл дамыту бойынша жұмыс жүйесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Тіл дамытудың мақсаттары мен міндеттері. Балаларды тәрбиелеудегі ана тілінің мәні. Балабақшада тіл дамытудың міндеттері, олардың психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық негіздемесі: байланыстырып сөйлеуді және сөздікті дамыту, тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру, тілдегі дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу, көркем сөзге деген қызығушылықты және сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Балабақшада балалардың тілін дамыту әдістері мен тәсілдері. Әдістердің жіктелуі. Көрнекілік әдістерінің сипаттамасы. Сөздік әдістер және олардың сипаттамасы. Балалардың тілін дамытудың, тілдік біліктері мен дағдыларын бекітетін практикалық әдістер. Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы. Ұйымдастырылған оқу қызметінің өтілуіне қойылатын талаптар.