Оқытудағы диагностика және бақылау Оқыту сапасын диагностикалау. Үлгерім – оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы. Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері. Бақылаудың түрлері, формалары, әдістері. Тест. Тестердің типтері. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері, жүйесі. Ұлттық біріңғай тестілеу – ҚР білім беру мекемелерінде білім алушылардың оқу әрекетінің нәтижесін тексеру және бақылаудың соңғы кезеңі. Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
1
С
19
Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендіру Оқыту – оқушылардың танымдық іс-әрекеті. «Белсенді танымдық іс-әрекет», «түрткі», «ынталандыру» ұғымдары. Оқыту мотивтері. Мотивация және оқытудың табыстылығы. Танымдық қызығушылықтың оқу іс-әрекетіндегі рөлі. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру. Оқудың мотивтерін зерттеу және қалыптастырудың тәсілдері. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті. Оқушылардың өз бетімен білім алуы, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілігі, функционалдық сауаттылығы – оларадың белсенді танымдық іс-әрекетінің нәтижесі.
1
С
20
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары Педагогикалық технология туралы түсінік. «Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы» ұғымдарының арақатынасы. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары. Педагогикалық технологиялардың қызметтері. Педагогикалық технологиялардың түрлері.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы, тұлғаға-бағдарланған, дамыта оқыту, проблемалық оқыту технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы, қашықтықтан оқыту технологиясы, оқытудың ойын технологиясы т.б.