Госпитализацияға дейінгі этаптағы жедел медициналық жәрдем
401. Ішектің жіті инвагинациясының клиникалық басы:
1.ауырсынудың өршуі
2.толғақ тәрізді және өте қатты ауырсыну
3.іште тартулы ауырсынулар
4.доғалы мінезді ауырсынулар
5.жаншып ауырсыну
402. 45 жастағы науқасқа шақыру болды. Денесінің жоғарғы бөлігіндегі эритематозды қышыма бөртпеге шағымданады. Анамнезінен: бір тәулік бойы левамицетин дәрісін ішке қабылдаған. Объективті: дене қызуы 370С, іш, мойын, кеуде, төменгі аяқ-қол терілерінде ашық-қызыл бөртпе, терінің қышуы. АҚ 120/70 мм.сб. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:
1.жайылып кеткен есекжем
2.екіншілік сифилис
3.қызылша
4.қызамық
5.қызғылт теміреткі
403. 36 жастағы К. науқасқа жедел жәрдем шақырылды. Сол жақ қабақтың ісінуіне, оң жақ құлақтың және беттің сырғалығына, мойын аймағының шаншуына шағымданады. Анамнезінен науқастың ЖИА-мен, СЖЖ-мен зардап шегетіні анықталды. Емдеу процессінде дигоксинді қабылдау фонында әйелде жоғарыда аталған шағымдар пайда болды. Жергілікті: сол жақ қабақтың ісінуі, құлақтың және беттің сырғалығы, мойын аймағында қышымалы бөртпе. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:
1.көмейде Квинке ісігі
2.жайылып кеткен есекжем
3.анафилаксиялық шок
4.көмейде Квинке ісігі есекжеммен жергілікті Квинке ісігі
5.қызғылт теміреткі
404. 33 жастағы Д. науқасқа шақыру болды, эпигастр аймағында ауырсынуға, жеңілдікті болдырмайтын құсуға шағымданады. Анамнезінен іссапарда болғанда жіті ауырғаны анықталды. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, жоғары пальпациялаған кезде эпигастр аймағында кенеттен ауырсыну бар. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:
1.вирусты А гепатиті
2.өт-тас ауруы
3.жіті панкреатит
4.жіті гастрит
5.өт жолдарының дискинезиясы
405. Гипертониялық кризбен науқасқа медициналық көмек көрсету қажет. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы ауруханаға дейінгі кезеңде гипертониялық кризді медикаментозды емдеген кезде таңдаулы препарат болып табылады:
1.нитропруссид натрия т/і
2.лабетолол т/і
3.ішке Атенолол
4.нитроглицерин т/і
5.тілдің астына нифедипин
Достарыңызбен бөлісу: |