Тесты для вступительного экзамена 6 курс воп каз


ЖДА жағдайындағы хирургия



бет6/17
Дата10.06.2023
өлшемі465 Kb.
#100387
түріТесты
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Тесты-6-курс-ВОП-каз

ЖДА жағдайындағы хирургия

421. Науқасқа деструктивті аппендицитке аппендэктомия операциясы жасалғаннан кейін 7 күні іштің төменгі бөлігінде және шат аралықта тұйық ауырсыну, жиі үлкен дәретке шыққысы келу, дене температутасының 39 ға дейін көтерілуі пайда болды.


1.Жедел жабысқақ ішек өтімсіздігі
2.Пилефлебит
3.Жамбас абсцесс
4.Ішек аралық абсцесс
5.Жедел странгуляциялық ішек өтімсіздігі

422. Науқас К. 28 жаста, жедел флегмонозды аппендицит диагнозымен аппенэктомия жасалған, операциядан кейінгі кезеңде 6 тәулікте дуглас кеңістігі абцесі клиникасы дамыды. Абцесті қандай әдіспен (доступ) ашу және дренирлеу қажет.


1.құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасымен
2.тік ішек арқылы
3.шап аралық арқылы
4.қынап (қыздарда)
5.одновременно через переднюю брюшную стенку и прямую кишку.

423. Аппендикулярлы перитонитке лапоротомия жасалганнан кейін 6 тәулікте науқаста іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, тенезм, дизуриялық бұзылыстар, гектикалық температура 39,5, қалтырау пайда болды. Тілі ылғалды, іші жұмсақ, қасаға үсті маңында аздаған ауырсыну бар. Тік ішек арқылы тексергенде тік ішек алдыңғы қабырғасында үлкен, қатты ауырсынулы босаңсыған инфильтрат сезіледі.


1.пилефлебит
2.Кіші жамбас қуысы абсцессі
3.периаппендикулярлы абсцесс
4.ішек аралық абсцесс
5.cепсис

424. Науқас оң жақ білектің тесілген кесілген жарақатымен келіп түсті, жарақат болғаннан бері 36 сағат өткен.Қандай хирургиялық өңдеу жургізілген?


1.ерте
2.кейінге қалдырылған
3.кеш
4.қайталамалы
5.екіншілік

425. Науқас іштін интенсивті белдеме тғрізді ауырсынуымен келіп түсті. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?


1.Жедел аппендицит
2.Жедел холецистит
3.Жедел панкреатит
4.Жедел іш өтімсіздігі
5.Асқазан тесілген жарасы


ЖДА жағдайындағы балалар хирургиясы

431. Қабылдау бөліміне 1,5 айлық ұл бала түсті, ауырғанына 4 күн болды. Ауру баланың жалпы жағдайының нашарлауынан, дене қызуының жоғарлауымен басталды. Екінші күні сол жақ аяғын қозғалтуды қойды, ал ораған кезде мазасызданып, жылады. Қараған кезде сол жақ жамбас-сан аймағында ісіңкіреу анықталды, белсенді қозғалыстар жоқ, пассивті қозғалыстар кезінде ауырсыну, сол жақ табанының салбырап тұруы. Сіздің диагнозыңыз


1.эпифизарлы остеомиелит
2.сан сүйегінің флегмонасы
3.жамбас-сан буынының артриты
4.шап лимфадениты
5.сан сүйегінің сынығы

432. Ауруханаға 6 айлық бала дене қызуымен, тізе буынының ауырсынуымен түсті. Қараған кезде келесі клиникалық симптомдар анықталды: жіліншік-табан буынында шектелген қозғалыс, ауырсыну, флюктуация, буын эквинусы, табан супинациясы, сол жақ балтыр-табан буынының аддукциясы. Анамнез жинағанда анықталды: аяқтары туғаннан қисайған, толық клиникалық қарау кезінде басқа өзгерістер анықталмады. Қай ауруға бірінші кезекте көңіл бөлу керек?


1.іріңді артрит
2.артрогриппоз
3.сүйек кемістігі әсерінен пайда болған табан деформациясы
4.туа пайда болған маймақтық
5.табан сүйегінің остеомиелиті

433. Нәрестеде жоғарғы еріннің біржақты бітіспеушілігі, дұрыс ембеуі, шашалуы анықталды. Қай уақытта операция көрсетілген


1.1-3 тәулікте
2.4-6 тәулікте
3.7-9 тәулікте
4.10-12 тәулікте
5.13-15 тәулікте

434. Белсенді қуық-несепағарлық рефлюкс қандай әдіспен анықталады:


1.цистоскопияда
2.төмендеуші цистографияда
3.микциялық цистоуретрографияда
4.урофлоуметрияда
5.цистометрияда

435. Бала 10 жаста. Сол жақ бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Зәр анализінде – макрогематурия. Урограммада – сол жақ бүйректің төменгі тостағаншасында көлемі 0,8х1,2 см боатын конгломерат көлеңкесі анықталады. Төмендегі операциялардың қайсысы жиі таңдалады:


1.пиелитотомия
2.нефротомия
3.бүйрек резекциясы
4.нефрэктомия
5.нефростомия




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет