Тестің жүргізілуі төмендегідей



Дата09.05.2022
өлшемі15,1 Kb.
#33090
Байланысты:
Нұсқау


Нұсқау: «Мына үйлерге қарашы.Ойша елестет,мына қызыл үй саған тиесілі.Сен бұл үйге кімді шақырғың келсе,бәрін шақыруыңа болады.Ойланшы,сен өзіңнің сыныбындағы қайсы баланы өзіңмен бірге қызыл үйге щақырып,ал қайсысын қара үйге кіргізгің келеді»

Тестің жүргізілуі төмендегідей:

Суретті сала отырып балаға қызыл үйде әр түрлі ойыншықтар,тәтті тағамдар бар,ал қара үйде ештеңе жоқ деп әңгімелейді. Нұсқаудан кейін бала қанша баланы қызыл үйге кіргізгенін,қаншасын қара үйге кіргізгісі келетінінің санын жазып отыру қажет. Әңгіменің соңында балаға: «Екі үйдегі адамдардың кейбіреуінің орнын ауыстырғың келмейді ме? Болмаса ешкімді ұмытпадың ба?»-деген сұрақтар қойылады.

Нәтиже қорытындысы: Бұл тестіге алынған қорытынды былай:

Баланың ішкі сезімі мен ілтипаты қарым-қатынас мәдениеті өзінің құрбы-құрдастарын қызыл және қара үйге орналастыруында. Достарының көпшілігін қара үйге кіргізіп, өзі жалғыз немесе айналасына үлкендерді жинаған балаға ерекше зейін аудару қажет. Әдетте,мұндай балалар көпшілікке араласпайтын,өте тұйық немесе айналасындағылардың бәрімен ұрысып біткен қиын бала. Басқа сыныптағы балалармен қарым-қатынас мәдениеті төмен болады.

Олай болса,бұл тест тапсырмасы да балалардың өз сыныбындағы достарымен,құрбыларымен қарым-қатынас мәдениетінің қандай деңгейде екенін анықтап берді.

«Баланың ақылы,сезімі,қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ,селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп,тәрбие де бере алмайды»,-деп Ж.Аймауытов айтып кеткен.

Ендеше,қай-қай мамандықтың да бір айрықша белгісі болады.Ол адамның үйреншікті әдетінен,сөйлеген сөзінен,тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады.Әнші үшін үн,музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса,мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет. Сонымен,педагогтік шеберлік-тек қана мұғалімнің әдістемелік сауаттылығы ғана емес,ол-әр сөзді оқушыларға жеткізе білуі,олардың толық қабыл алуы,толғанып бойға сіңіруі.Осындай мұғалім бойындағы әдептілікте бастауыш сынып оқушыларының яғни,алдындағы тәрбиеленушісінің қарым-қатынас мәдениетін толыққанды қалыптастыруына үлкен ықпалын тигізетіні күнделікті тәжірибеден анық көрінеді.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін дамытудың педагогикалық шарттарын анықтауда ойындар нәтижесінде қатынасушылардың қарым-қатынаста бір-біріне деген көзқарасы,тілтабысуға деген құштарлығы жоғарылағаны байқалды.Бұл жұмыстардан соң жүргізілген шығыс диагностикасы диагностикалау тесттерінің варианттарымен жүргізілді.Бұл зерттеу жағдайдың аз да болса оңға бет бұрғанын байқатты. Сондықтан эксперименттік іс-шаралар оқушылармен жүргізетін жұмыста өз орнын табу керек екендігі дәлелденді.

Зерттеу мақсатымызға орай мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін дамыту барысында едәуір нәтиже алдық. Жоғарыда келтірілген оқу үрдісінде педагогикалық шарттарды анықтауда балалардың қарым-қатынастарын жақсартуға арналған ойындар мен психологиялық түрлі жаттығулар біздің мақсатымызды ғана жүзеге асырып қана қойған жоқ,сонымен қатар, қатынасушылардың танымдық процестері мен жеке тұлғалық қасиеттерінің де дамуына едәуір нәтижелі әсер еткендігі байқалды. Жалпы жүргізілген бағдарлама бойынша түрлі жаттығулардан соң топқа зерттеу әдістерін қайталап жүргізу барысында төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік.



Кесте 9.Түзету жұмыстарынан кейінгі зерттеудің салыстармалы нәтижелері

Деңгейлері

Эксперименталды топ

Бақылау топ




Ұйымдастыру жұмыстарына дейінгі

Ұйымдастыру жұмыстарынан кейінгі




Лидер

4

7

4

Орташа

6

6

6

Төмен

4

6

6

Шетте қалған

5

-

3

Жалпы саны

19

19

19

Зерттеу басында алған нәтижелермен салыстыра отырып,зерттеу объектісі-ұжымнан бөлінген тұлғалар мүлдем болмады,олардың басқа әріптестерімен қарым-қатынастары едәуір жақсарды.

Олай болса біз ұсынып отырған педагогикалық-психологиялық көмек көрсету сипаты әрбір педагогтың қызметіндегі негізгі еске алар ерекшелік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет