2012 жылы қыркүйек, қазан айларында 1 сынып оқушыларының ата-аналарымен біріге толтырылып жүргізілген сауалнама қорытындысы.
Жалпы сауалнамаға қатысқан ата-ана саны 120 .
Мақсаты. Баланың жанұядағы мінезін, қарым-қатынас туғызуын, мектептегі оқуға даярлығын анықтау.
Жүргізілген сауалнама бойынша ата-аналар балаларының мектепке тез бейімделгені, жанұядағы қарым-қатынасының жақсы екенін мақтағанды, еркелеткенді жандары сүйетіндігі әліде болса үйде көбіне ойын ойнайтындықтарын білдірсе, кездесетін қиыншылықтарын атап өтіңіз?деген сауалға, кейбір ата-аналар баланың диктант жазғанда қиыншылық кездесетіндіктерін білдірсе, кейбір ата-аналар әріпті енді танып, буындап оқып келеміз деген жауаптарын білдірген.
Жалпы 1 сынып оқушыларына мектеп алды даярлық топтарында тәрбиеленіп жүрген уақыттан бері әр баланың психологиялық танымдық қабілеттерін, ортамен қарым-қатынас туғызуын, белсенділіктерін бойларындағы қызығушылықтарын байқап анықталды. Ата-аналар үшін «Ашық есік» жарияланып өздерінің балаларының ортамен яғни мұғаліммен қарым-қатынасын, сабаққа қаншалықты қатысып үлгерімдерін, қабілеттеріне байқап, әр уақытта сынып жетекшілерімен және біз мектеп психологтарымен қарым-қатынастарын үзбей хабарласып отырады.
Мектеп психологтары: А.Ж.Садгулова
Н.А.Харисова
2012 жылы қыркүйек ,қазан айларында жүргізілген ата-аналарымен біріге толтырылатын бақылау картаның қорытындысы.
Картаны толтырған ата-ана саны-120.
Мақсаты: функциональды ауытқушылығы бар, жүйке жүйесінде өзгеріс бар,
ұйқысы бұзылған балаланың өзіндік ерекшеліктерін көңіл бөліп, оларда
кездесетін мектеп неврозын жоюға тырысу.
Жүргізілген бақылау картасы бойынша бағалау белгісі:
Ауру белгілері жоқ.
1- әлсіз білдірілген, кейде білінеді.
2- біркелкі білдірілген, мерзімді бақылауда.
3-анық білдірілген, тұрақты бақылауда.
Мектеке бейімделе алмаған оқушылар жиі ауырады.
Ауруы мектеп неврозын сипатында болады, яғни есіне салса ренжиді, жылайды, көңіл –күйі нашарлайды.
Кейбір сыныптардың арасында таңертең ерте тұрып сабаққа келгенде, ұйқысы қанбай жылайтын оқушылар бар екенін білдірген.
1 а сынып оқушысы Қуанышев Мағжан ұйқысы тынымсыз, түнде жиі оянады, айқайлайды, төсекке жіберіп қоятындығын, 1 в сынып оқушысы Мергенова Аружан кейде бойынан теріс әрекеттер «тырнақ кеміру» бар екенін ескертілді. Осы жүргізлген бақылау картаның қорытындысы нәтижесі бойынша осы аталған оқушылардың ата-аналарымен кездесіп жекеше кеңес берілді. Жалпы 1 сынып оқушының таңертен мектепке келгендегі сабақ үстіндегі көңіл –күйлері бақыланып, сынып жетекшілерімен үнемі байланыста боламыз.
Мектеп псизологтары: А.Ж.Садгулова
Н.А.Харисова
Достарыңызбен бөлісу: |