Тестіге қатысқан оқушы саны: 105



бет1/8
Дата12.05.2023
өлшемі167,37 Kb.
#92384
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
суретти тест






Ең алдымен мамыр айының 16-17 жұлдызында қазіргі 1 сынып оқушыларына мектеп алды даярлық топтарында баланың мектепке даярлығын ,өзіндік ерекшелігін анықтауда, Керн-Ийрасектің «Кішкентай адам» сурет салу тестісі мен «Қозғалысты қайталау» тестісі жүргізілді.


Тестіге қатысқан оқушы саны: 105
Керн-Ийрасектің тестісін жүргізу арқылы баланың психологиялық еркшеліктерін , әр баланың тапсырманы орындауын қадағалай отырып салған суреттерінің көлеміне қарай қағаздың қай бөлігіне салғанын және баланың қалам ұстауын партада отыруын, суретті лезде ойланбай орындап тастады ма?әлде белгілі бір нүкте арқылы ойланып салды ма? Салған сурет өзіңе ұнады ма? Ешбір детальдарын ұмытып кеткен жоқсың ба? деген сұрақтар қою арқылы баланың, бойындағы қызығушылықты әрі қарай баланың суретті толықтыру болып табылады.
Жүргізілген тестінің нәтижесі бойынша 56 бала жақсы деңгейде, 42 бала орташа деңгейде 7 бала нашар деңгейде көрсеткіште анықталды.
Әр баланың тапсырмаларды орындауын қарап, соңында білім деңгейін және психологиялық танымдық қабілетінің қаншалықты екенін анықтап психологиялық тұрғыда 51 бала гимназия сыныбына іріктелді. Топтар арасында жүргізілген сынықта ең жоғары деңгейде, көрсетілген балалардың арасында жеке дараланып отырған оқушы Болашақ Мирастың байқағыштығын , тапқырлығын , мінезінің сабырлығын, үздік оқуға мүмкіндігінің мол екенін, жан-жақты үйлесімді тұлға болып өсетінің байқатады.
Осы сынаққа келмеген, бірақ гимназия сыныбында отырған оқушылар
1 а сыныбы
Тампиева Сабина - сынаққа қатысқан жоқ.
Қаражанов Дастанбек- сынақта төмен көрсеткіш көрсетті.
1 ә сыныбы
Меңдігерей Айару-сынаққа келмеген, гимназия сыныпта отыр.
Харесжанов Нұрсұлтан- сынақта орташа көрсеткіш көрсетті .
1 б сынып бойынша.
Катушова Алия сынаққа қатысқан жоқ.
Бақтыгереев Тұрарбек- сынақта төмен көрсеткіш көрсетті.
Каримова Назира – сынаққа қатысқан жоқ.

Мектепке келгендігі оқушының оқушының көңіл-күйін оқуға бейімделуіне көмектесу. Біз мектеп психологтары сынып жетекшілерімен бірге мектепке келгендегі көңіл-күйін бақыладық. Мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі әрекеті ойын болса, енді оқу әрекетіне байланысты бала психологиясы күрделі өзгерістерге енеді, себебі ойынға қарағанда оқу талаптары бала үшін ауыр болады. Мектепке алғаш келген оқушыға кездесетін ең қиын жағдай мектепке тез бейімделе алмауы:



  1. Ерте тұру, сабақтан кешікпеу, сабақ үстінде тыныш отыру, сабақ тыңдау.

  2. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.

  3. Оқу жылының алғашқы кезеңінде кейбір оқушыларға, бала бақшадан немесе үйде дайындалып келген балалар үшін оқу талаптары тым жеңіл, ол баланы жалықтырады. Ол үшін әр сабақты қызықты өткізіп, қызықтыра білуіміз керек. Бейімделу кезеңін әрбір бала өзінің психологиялық ерекшелігіне байланысты түрліше өткізеді.

Дегенменде біздің 1 сынып оқушыларының арасынан мектепке бейімделе алмай жылап, мектепке келгісі келмейтін оқушылар танылған жоқ. Сонымен қатар балалардың арасынан функциональдық ауытқушылығы бар, жүйке жүйесінде өзгеріс бар, ұйқысы бұзылған, баланың өзіндік ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларда кездесетін мектеп неврозын жоюға тырысу мақсатында 120 оқушыға «Бақылау картасы» ата-аналармен біріге толтырылды.
Бұл картаны ата-аналар шартты белгілеріне қарай толтырған. Бұл картаның қорытындысы нәтижесінде 1 а сыныбында 1 оқушы түнгі ұйқысы тынымсыз, түнде оянады, айқайлайды десе, 1 в сыныбында 1 оқушының бойында теріс әрекеттер тырнақ тістеу бар екенін көрсетілген. Осы 2 оқушының ата-аналарына жекеше кеңес беріліп, жоғары маман иелерінен кеңес алу керек екені жөнінде ескертілді.
Сонымен қатар 1 сынып мұғалімдеріне де сауалнама мен темпераментті анықтау әдістемесі жүргізілді.
Жүргізілген сауалнаманың қорытындасымен мұғалімдер танысты. Темперментті анықтау әдістемесі бойынша холерик-4 мұғалім, флегматик -2 мұғалім анықталды.
Ата-аналарға сауалнама жүргізілді. сауалнамаға қатысқан 120 ата-ана. Жүргізілген сауалнама қорытындысы баланың мектепке тез бейімделгендерін, жанұядағы қарым-қатынастың жақсы екенін, мұғалімнің психологиясына үйренгендері туралы көрсетілген болса, кездесетін қиыншылықтарыңызды атап өтсеңіз? сауалға кейбір баланың диктант жазғанда қиындық келтіретінін, ал кейбір баланың әріпті енді танып буындап келеміз деген жауаптарымен таныстық.
Қазан айында баланың жанұя мүшелерімен қарым-қатынасын бала жанұя мүшелерінің әрқайсысының орындарын қабылдауын, олар эмоциялық тұрғыдағы қатынасын, баланың ұстамдылығын анықтауға бағытталған.
Осы жүргізілген «Жанұя суреті» тестісіне қатысқан оқушы саны-153.
Жалпы оқушылардың салған суреттеріне қарап жанұяда қысым көріп, шет қалып жүрген оқушылар жоқ. Кейбір суреттерде тек әкенің тәрбиесін , әкелік жылылықты қажет етіп сағынышпен салған суреттерді байқадық.
Қаңтар айында 1 сынып оқушыларының мектепке дайындығын зерттеу диагностикасы (тест) жүргізілді. Жалпы қатысқан оқушы саны 153. Тест 10 тапсырмадан тұрады.
1 а сыныбы бойынша 16 оқушы қатысты.
Сабақ әзір-3
Дайындығы жақсы -8
Түзету керек ететін -5 оқушы.
1 б сынып бойынша 16 оқушы.
Сабаққа әзір-1 оқушы.
Дайындығы жақсы -6 оқушы.
Түзетуді керек ететін -5 оқушы.
Жеке жұмысты қажет ететін -4 оқушы.
1 в сынып бойынша 19 оқушы.
Сабаққа әзір – оқушы.
Дайындығы жақсы-7 оқушы.
Түзету қажет ететін -4
Жеке жұмысты қажет ететін-7 оқушы.
1 г сынып бойынша 17 оқушы.
Сабаққа әзір -1
Дайындығы жақсы-5
Түзету қажет ететін -8
Жеке жұмысты қажет ететін -3
1 д сыныбы бойынша 12 оқушы.
Сабаққа әзір-0
Дайындығы жақсы-4
Түзету келетін -6
Жеке жұмысты қажет ететін-2
1е сыныбы
Сабаққа әзір-0
Дайындығы жақсы-7
Түзету келетін оқушы-8
Жеке жұмысты қажет ететін -5
Жүргізілген тестінің қорытындысы бойынша гимназия сыныптары арасында 1 а сыныбы өз деңгейлерінде барлық тапсырмаларды ынталанып қызығушылықпен орындай білді.
1 б сынып бойынша оқушылардың әлі шашыраңқы, берілген тапсырманы аяғына дейін тыңдамай , тиянақтылықтың аз екенін байқатып, алаңғасарлықпен орындады. Жалпы бұл сынып 1 а сыныбымен салыстырғанда орташа деңгейді көрсетіп отыр.
1 сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, жүргізген тапсырмалардың қорытындысы бойынша оқу бағдарламасын игере алмай отырған оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оқушының танымдық қабілеттері мен танымдық процестерінің дамуында тежеліс бар екенін анықтап сыныптар аралығында 10 оқушыны дамуы тежелген сыныпқа ұсынады.
Қорытындылай келе прфилактикалық диагностикалық жұмыстың нәтижесі бойынша мектепке бейімделе алмай жиі ауырып, яғни мектепке баруды есіне салса ренжіп жылап, көңіл-күйі нашарлап мектеп неврозынан немесе, жағымсыз сезімдерінен арыла алмай жүрген оқушылар жоқ екенін дәлелдейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет