Тестілеудің бірінші күнгі тапсырмаларының үлгісі
Тестілеудің бірінші күнінде үміткерлер математикадан, қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінен пәндік тест тапсырады.
Үлгілер:
Математика, 7 сынып
1. Сыныптағы 11 оқушының туған күндері – жылдың бірінші жартыжылдығында, ал
14 оқушының туған күндері – екінші жартыжылдығында. Сыныптағы оқушылардың
қанша бөлігінің туған күндері екінші жартыжылдықта?
A)
25
11
B)
25
14
C)
14
11
D)
11
14
2. Бесінші сыныпта оқитын 60 оқушының 35%-ті, ал алтыншы сыныпта оқитын 80
оқушының 30%-ті спорт секциясына қатысады. Қай сыныпта спортпен
шұғылданатын оқушылар саны көп?
A) 5 сыныпта
B) 6 сыныпта
C) екі сыныптағы спортпен шұғылданатын оқушылар саны бірдей
D) анықтау мүмкін емес
3. Қалалардың арасындағы жолдың ұзындығы – 2400 км. Карта масштабы – 1:200
000 000. Осы жолды картада бейнелейтін сызықтың ұзындығы қандай болу керек?