Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері



Pdf көрінісі
бет71/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79
Байланысты:
С,С тілінде программалау негіздері

 
Бақылау сұрақтары 
 
1. Экранмен жұмыс істеуге арналған қандай графикалық режимдер бар? 
2. Компьютердің қандай элементтерінің көмегімен графиканы аппараттық 
жасақтау жүзеге асырылады? 
3. Графиктік адаптер деген не, оның қызметі. 
4. Графиктік драйверлер қызметі қандай? 
5. Графиктік режим қалай қосылады? 
6. Экранда графиктік суреттерді құру үшін қандай координаталық жүйе 
қолданылады? 
7. Графикалық обьектілерді сызуға арналған қандай функциялар бар
 
 


109 
Өз бетінше орындауға жаттығулар 
 
1. Экранды кездейсоқ әртүрлі түсті 30000 нүктемен толтыратын программа 
құрыңыз. 
2. Экранда шардың қозғалысын бейнелеу керек. 
3. «Жаңбыр» программасын жазыңдар – экранда(кездейсоқ түрде) 50 нүкте 
жоғарыдан төменге қарай қозғалып келе жатқандай болуы тиіс. Нүктелердің 
бірі экранның төменгі шекарасына жеткенде, ол қайтадан экранның жоғарғы 
бөлігінде пайда болуы керек.
4. Экранда боялған шырша салатын программа жазыңдар. Сурет 
элементтерін массивте сақтап, өшіріп және содан кейін қайтадан экранға 
шығарыңдар. 
5. Шахмат тақтасының бейнесін салыңдар. 
6. Шеңберге іштей бесбұрышты жұлдыз салыңдар. 
7. Алдын ала тазартылған экранды ақ түске бояп, жеті атаңыздың аттарын 
жеті түрлі түспен шығарыңыздар. 
8. [0, 3] бөлігінде 0.1 қадаммен өзгеретін y = sin(x) функциясының графигін 
салыңдар.
9. Экранда айналатын тіктөртбұрыш бейнесін салыңдар.
10. Экранға кездейсоқ диаметрі мен түсі бар 100 шеңберді салатын 
программа құрыңдар.


110 
8 Файлдық мәліметтер типтері 
Файл – белгілі бір атпен дискіде сақталатын ақпарат. Кез келген 
файлдың үш ерекшелігі болады: 
Файлдың атауы болады. 
Файлдың компонеттері бір типті болды. 
Файлдардың 
ұзындығы 
деп 
аталатын 
файлдағы 
элементтер 
көрсетілмеген. Файлдың массивтен негізгі ерекшелігі сонда. Бір де бір 
элементі жоқ файл бос деп аталады. Оның ұзындығы нөлге тең.
Берілгендер файлын программа үшін қолдану өте ыңғайлы, себебі: 
1.Берілгендер файлы алдын ала дайындалған болады және бірнеше рет 
қолданыла алады.
2. Берілгендер файлы кез келген басқа программада қолданыла алады.
3. Берілгендер файлын қолданылатын программалар орындалу 
барысында қолданушыны қажет етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет