Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси тұрғыдан жаңа белеске



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата03.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#6129
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Айшолпан Аманжолова, 

география мамандығының 201 топ студенті

Білім болмаса, өркениет бүгін қандай деңгейде 

болар  еді.  Оны  ойлау  қиын,  білім  алу  күнделікті 

жаңа бір нәрсе үйрену, білу – ақылды адамның ісі. 

Мол алған біліміңнен ләззат алу, жаңа бір нәрсе 

үйрену,  сол  жаңа  үйренген  нәрсеге  қуана  білу, 

білімге  құштар  болу,  адамның  өз  –  өзінің  жан  – 

жақты дамуына апарар жол. Білімнің қуатына тең 

келетін басқа идеялық – рухани күш, қуат көзі жоқ 

екені шындық. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің 

түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы 

айтқан:  «Балаң  білімді  болсын  десең,  малыңды 

аяма»  дейді.  Қазіргі  кезде  білім  беру  жүйесінің 

ендігі  бір  міндеті  –  жастардың  білім  алып  қана 

қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бой-

ына  сіңіріп,  тәрбиелі,  әдепті  болуын  қамтамасыз 

ету.

Білім байлық, азаймас һәм жоғалмас,



Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас. /Баласағұн/

Адам бойында белсенділік, өзгелерді мойындай 

білу, жүйелілік сияқты үш қасиет болса ол адамды 

білімді деп есептеуге болады деп ойлаймын.



Ару Мөкесова, 

география мамандығының  201 топ  студенті

Білім...  Бұл  сөздің  астарында  адамзат 

баласының  өміріне  қатысты  үлкен  мән  –  мағына 

жатыр.  Біздің  халқымыз  білімді  болудың  мәнін 

ертеден-ақ ұққан. «Адам байлығының ішіндегі ең 

тамашасы  –  білім»  деген  екен  шығыс  ғұламасы 

Әбу  Райхан  әл  Бируни.  Олай  болса,  білімді 

болсаң  атақ  та,  даңқ  та,мансап  та,  байлық  та 

сенікі  болмақ.«Халық  пен  халықты,адам  мен 

адамды теңестірген нәрсе – білім» деп М.Әуезов 

айтқандай толыққанды азамат болып қалыптасып, 

дәулетті елде өмір сүру үшін әлбетте білім қажет. 

Теңіздің  тамшыдан  құралатыны  сияқты,  қоғам 

да, халық та жеке адамдардан құралады. Білімді 

адамдар неғұрлым көп болса, ел де соғұрлым бай 

болмақ. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та 

бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай, тәуелсіз 

мемлекетіміздің  іргетасын  нығайтып,  болашағын 

жарқын ету мақсатында мен де балалардың бой-

ына білім нәрін себетін, толымды тәрбие беретін 

ұстаздық  жолды  таңдадым.  Көпке  топырақ  шаш-

пайын,  бірақ  қазіргі  кезде  «білім  алсам,  еліме 

өз  үлесімді  қоссам»  дейтін  жастардың  саны  көп 

емес. Тек диплом алсам болғаны деген ойда, сол 

бір жапырақ қағазды сатып алып жұмысқа тұрса 

да,  ол  әрі  қарай  еңбек  ете  алатынына  күмәнім 

бар.  Болашақта  бәрі  де  ата-ана  болып,  бала 

тәрбиесімен  айналысады.  Өзі  білімді  болмаса, 

қалай  ол  баланы  тәрбиелейді,  өсіреді?  Оны  да 

ойлау керек. Келешек ұрпақты тәрбиелейтін мына 

біз жастар, сондықтан біз білімді болсақ, өсіп келе 

жатырған  ұрпақ  та  ақылды,  еліміз  де  жанданып, 

көркейе бермек.

Айдана Хасанова, 

география мамандығының 201топ студенті

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік 

ұлттық  үлгісі  қалыптасуда.  Еліміздің  білім  беру 

саласы заман талабына сай дамып келеді. Менің 

ойымша өркениетті қоғамды құрудағы мемлекеттің 

қалыптасуы алдымен өскелең ұрпақтың еркін ой-

лай  білуі  мен  шығармашылығы,  кәсіби  біліктілігі 

мен біліміне байланысты. Әрбір бала сапалы білім 

алуға  құқылы  екендігін  есімізден  шығармауымыз 

қажет. Бұл туралы барлық халықаралық заңдарда 

және Отанымыздың Конституциясында жазылған. 

Менің  пікірімше,  білімнің  сапалылығының 

нәтижесінде баланың болашақтағы орнын дұрыс 

таңдап, дұрыс бағытқа алып баратыны ақиқат.

Білімнің баспалдағы мектепте қалыптасады де-

сек, оның тірегі – ұстаздар. Қазіргі мектеп мұғалімі 

білімді, мәдениетті, келер ұрпақты тәрбиелеу мен 

оқытуда  жаңа  амалдарды  біліктілікпен  қолдана 

білетін кәсіби шебер маман болуы қажет. Ол үшін 

мұғалім бүгінгі күнде білім беру саласында болып 

жатқан  барлық  жаңалықтардан  хабардар  және 

оны  сапалы  түрде  қабылдай  алатын  тұлға  бо-

луы  керек.  Жақсы  білімді  ұстаздан  білімді  ұрпақ 

шығатынына сенемін.  

Білім – таусылмайтын байлық. Тек сол байлықты 

терең  меңгеріп,оны  қоғам  игілігіне  дұрыс  пай-

далана  білетін  қазақ  жастары  керек.  Жас  ұрпақ 

– ел тірегі, ертеңіміздің кепілі десек, сол ертеңге 

сеніммен  қарайтын,  менің  білімім  мен  тәрбием 

елім  үшін  дейтін  ұрпақтың  өсіп  шығуы  –  бүгінгі 

күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселесі.

Еңсесі  биік  егеменді  еліміздің  адалдықты  ту 

еткен  алғыр  ойлы,  адал  ұл  –  қыздарына  саналы 

тәрбие,  сапалы  білім  беруде  ізденумен  жұмыс 

жасайтын ұстаздарымыз біз үшін өмірдегі ең биік 

тұлға екендігін естен шығармайық дегім келеді. 



Сыр-сұхбат материалдарын жинақтаған:

Роза  Қаражігітова, профессор 

Әйгерім Түсіпқалиева «Университет» 

газетінің тілшісі

Нам, студентам, факультета Мировых языков 4 месяца про-

веденные в Венгрии, в Университете прикладных наук имени 

Кодолани Янош (Венгрия, Секешфехервар) по программе ака-

демической мобильности стали неоценимым опытом и остави-

ли незабываемые впечатления.  

Хотелось бы немного рассказать об этой прекрасной стране. Венгрия – кра-

сивая, богатая природой страна. Нам удалось посетить озеро Балатон. Это 

прекрасная курортная местность. Город очень комфортабельный и гостепри-

имный. Здесь очень много исторических мест. Столица Будапешт напомнила 

нам город Алматы.  

 

 

Здесь, в университете, мы смогли  развить в себе новые навыки, узнать 



побольше  о  культуре  других  стран  и  увидеть  жизнь  ЕС  изнутри.  Во  время 

праздников и выходных у нас была возможность путешествовать. Это была 

для нас отличная возможность.    

 

По данный программе в Венгрию приехали студенты разных стран: Казах-



стан, Германия, Россия, Финляндия, Турция, Украина, Тайвань. Первый наш 

выезд в Европу дал нам импульс для дальнейшего обучения. Думаем, что в 

следующем году поедут больше студентов с нашего университета. Мы рады, 

что нам выпал такой шанс, благодарим руководство университета, факуль-

тета и кафедры за современный подход в обучении и воспитании будущих 

кадров. Мы с уверенностью смотрим в будущее, и обязательно станем конку-

рентоспособными  специалистами.

Денис Айтпаев, Максот Утешов, 

студенты IV курса, факультета мировых языков

ӘЛЕМ  ТІЛДЕРІ 

ФАКУЛЬТЕТІНІҢ  ИГІ  ІСТЕРІ

«БІЛІМ ТАУСЫЛМАЙТЫН 

ҚАЗЫНА»

Сыр сұхбат:

«Білім  артық  па,  байлық  артық  па?»  –  деген  сұраққа  мұсылманның  төрт 

халифасының бірі – Әзірет Әлі:

1) Білім – артық себебі жаныңда адал достар болады, байлықта тек амал до-

стар жүреді.

2) Білім достарыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды көбейтеді.

3) Білімді қанша жұмсаса да азаймайды, ал байлық бір күні таусылады.

4) Білімің артық болса ел саған қызығады, байлығыңа тек қызғана қарайды.

5) Білім кісілігің мен кішілігіңді арттырады, байлық сараңдыққа әкеп соғады.

6)  Шынайы  білімді  адам  орнымен  сөйлейді,  ізеттілігі  артады.  Байлығы  мол 

адам  оған  масаттанып,  мақтанып,  астамшылық  көрсетеді  деп  нақтылаған 

екен. Ал бүгінгі таңдағы білім алып жатырған жастар үшін білім маңыздылығы 

қандай? Білімнің бағасын жас ұрпақ қаншалықты түсінеді? Осы сұрақ төңірегінде 

университеттің Жалпы және халықтық педагогика кафедрасының профессоры, 

х.ғ.к., Роза Қаражігітова апайымыз студенттер арасында «Білім – таусылмай-

тын  байлық»  атты  пікірсайыс  өткізіп,  эссе  жазуды  тапсырды.  Пікірлерді  оқи 

отырып, тіл маманы болмаса да өзіндік сөйлеу мәнері, жазу бағыты қалыптасқан, 

замандастарым үшін ерекше қуанып қалдым. Газет бетіне барлығын дерлік бол-

маса да таңдаулыларын жариялағанды құп көріп, ұсынып отырмыз.

1 – сәуір – Күлкі күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау 

мемлекеттік университетінде өте жақсы атап өтілді. Бұл күнді 

Жастар саясаты орталығының мамандары университет 

басшылығын және профессор – оқытушыларды Күлкі күні 

мерекесімен құттықтап, әдемі күлкі, жеңіл әзіл сыйлады. 

Мереке  соңы  факультет  аралық  дәстүрлі  ауыспалы  «Ректор  кубогі»  үшін 

өткен  қазақша  «Жайдарман»  ойынымен  жалғасты.  Университеттің  акт 

залындағы  көрермен  санының  ерекше  көп  болуы  қазақша  «Жайдарман» 

ойынының қазіргі таңда жастар арасында үлкен сұранысқа ие ойындардың 

бірі болып отырғанын дәлелдеді.     

Бұл  ойынға  6  факультеттен  командалар  қатысып,  көрермен  көзайымына 

айнала білді. Ойын сәлемдесу сайысынан тұрып, қорытынды есеп бойынша 

бас жүлдені Әлем тілдері факультетінің  «Smile» командасы 24 ұпаймен жеңіп 

алды. 


Сонымен  қатар  30  –  сәуірде    Гейдар  Алиевтың  туғанына  90  жыл  толуы-

на  орай  өткізілген кездесуде ғалымның атындағы стипендияны Әлем тілдері 

факультетінің 4 курс студенті Журавлев Сергей мен 2 курс студенті Жолдасо-

ва Әсел ұтып алды.Бұл студенттерді құттықтай отырып,алар асуларың биік 

болсын дегіміз келеді.

Сондай–ақ  Әлем  тілдері  факультеті  «Студенттік  көктем  –  2013»жастар 

шығармашылық  байқауында  «Би  өнері»  номинациясы  бойынша  2  –  орын, 

«Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша 2 – орын, «Ең үздік факультет» 

номинациясы  бойынша  2  –  орын  және  Әлем  тілдері  факультеті  белсенді 

қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.



Жұмабике Шаңқанова,

әлем тілдері факультетінің меншікті тілшісі

12

ЗАҢ  ЖӘНЕ  ЗАМАН

В условиях независимости и суверенитета, Казахстан провоз-

гласил курс на построение гражданского общества и правового 

государства, считая приоритетными гуманистические правовые 

ценности, соблюдая прав и свобод личности. 

Правовое  государство  –  это  буду-

щее  нашей  республики,  его  нельзя 

построить  в  одночасье,  путь  к  нему 

нелегок, тернист, охватывает ряд эта-

пов  развития  и  требует  от  государ-

ственных  органов,  должностных  лиц, 

общественности,  всего  населения 

республики  серьезных  усилий.  Пре-

жде всего, большая ответственность в 

данном  вопросе  ложится  на  систему 

образования республики. 

В связи с кризисом системы образо-

вания  предназначена  для  овладения 

новым поколением достижениями об-

щества, его духовной и материальной 

культурой в их взаимопроникновении. 

Учебные заведения разного типа для 

каждого  члена  общества  –  трениро-

вочная площадка, где он упражняется 

в управлении своими потребностями, 

совершает  действия,  которые  раз-

вивают  его  способности  оформлять 

мысли,  понимать  и  быть  понятым, 

осознавать  собственные  движения, 

овладевает  социокультурными  нор-

мами.  Профессиональная  деятель-

ность педагогов состоит в том, чтобы 

каждому создать для этого условия.

К  настоящему  времени  психолого 

– педагогическая наука накопила об-

ширный  фонд  теоретических  знаний, 

различных  концепций  и  подходов  к 

совершенствованию  воспитания  и 

образования  подрастающих  поколе-

ний.  


Преступность  среди  несовершен-

нолетних приобретает ярко выражен-

ную  корыстную  направленность.  Они 

активно  пополняют  ряды  теневого 

бизнеса, рэкетиров; усилилась жесто-

кость преступлений, совершаемых не-

совершеннолетними. 

Такие нездоровые тенденции опре-

деляются,  несомненно,  социальной 

фрустрацией: 

неопределенностью 

будущего,  невостребованностью  лич-

ности,  социальной  незащищенностью 

как  и  детей.  Отсюда  вытекает  важ-

ность  гуманизации  межличностных 

отношений,  актуализации  знания  как 

ценности, повышение индекса интел-

лекта и духовности  учащихся. 

Выработка  нового  педагогического 

мышления, без которого недостижимо 

содержания и структуры воспитания и 

правовой  культуры  личности,  как  со-

ставной части его базовой культуры.

Чтобы  человек  мог  состояться 

как  личность,  процесс  его  обучения 

должен  быть  неразрывно  связан  с 

нравственным,  гражданским,  патри-

отическим,  правовым  воспитанием, 

с  формированием  у  молодого  поко-

ления  таких  моральных  качеств,  ко-

торые  помогли  бы  занять  достойное 

место  в  общественной  жизни,  само-

стоятельно  сделать  моральный  вы-

бор,  определить  линию  поведения, 

свою  жизненную  позицию.  Задача 

формирования  всех  этих  качеств  у 

подрастающего  поколения  во  всем 

мире  становится  все  более  актуаль-

ной.

Одним словом, воспитание должно 



носить  интегрированный  характер, 

подразумевающий  единство  целей, 

задач, содержания, форм и методов, 

подчиненных  идее  целостности  фор-

мирования личности.

Амангелды Кульбатыров,

кандидат педагогических наук, 

профессор

«Лаңкестікті  қаржыландыру,  ақшаны  қолма-қолға  ай-

налдыру  және  заңсыз  жолмен  алынған  табыстардың 

(жылыстауына)  заңдастыруына  қарсы  әрекет  туралы 

сұрақтар  бойынша  Қазақстан  Республикасының  кейбір 

заң  актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  тура-

лы» 2012 жылдың 21-маусымында №19-V ҚРЗ Қазақстан 

Республикасының фЗаңы қабылданғаны белгілі. Бұл заң 

бойынша 19 заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар 

енгізілді.

Осыған 

байланысты 



экономика 

және 


құқық 

факультетінде  аталған  өзгерістер  мен  толықтыруларды 

талқылау мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.

Мысалы,  «Төлемдер  мен  ақша  аударымдары  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  заңында  анықталғандай, 

енді  төлем  картасы  олардың  ұстаушыларымен  төлемді 

жүзеге  асыру  мақсатында,  сонымен  қатар  қолма-қол 

ақшаларды алу, валюта айырбастау және басқа да опе-

рацияларды  карта  эмитентімен  анықталған  жағдайда 

қолданылады. 

Төлем  картасы  оның  эмитенті  болып  табылатын  банк-

пен  келісімге  сәйкес  жеке  кәсіпкерлермен  немесе  заңды 

тұлғалармен операцияларда қолданылады.

Келісім бойынша заңды тұлғалар арасындағы төлемдер 

сомасы республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 

және  төлем  жүзеге  асырылған  мерзімде  әрекет  ететін 

1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (өзгеріс: бұрын 

4000  АЕК)  артқан  жағдайда  қолма  –  қолсыз  тәртіпте 

жүзеге асырылады.

Әкімшілік 

құқықбұзушылық 

туралы 


Қазақстан 

Республикасының  кодексіне  бірқатар  толықтырулар 

енгізілді.  Жекелей  алғанда,  Қазақстан  Республикасының 

территориясында  тауарлық  қызметті  (қызмет  көрсету, 

жұмыс  орындау)  жүзеге  асыратын  жеке  қызметкерлер 

немесе  заңды  тұлғалар  төлем  карталарын  пайдалану-

мен төлемдерді қабылдаудан бас тартқан жағдайда жеке 

кәсіпкерлер  үшін  жиырма,  шағын  және  орта  кәсіпкерлік 

субьектілері  болып  табылатын  заңды  тұлғалар  үшін  – 

отыз, ірі кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды 

тұлғалар  үшін  елу  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде 

айыппұл салынады.

Ағымдағы жыл ішінде әкімшілік өндіріп алу қайталанған 

жағдайда жеке кәсіпкерлер үшін– қырық, шағын және орта 

кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды тұлғалар 

үшін  алпыс,  ірі  кәсіпкерлік  субьектілері  болып  табыла-

тын  заңды  тұлғалар  үшін  жүз  айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшерінде айыппұлдар салынады т.б.

Сонымен қатар дөңгелек үстелде 2013 жылы күшіне ен-

ген Салық кодексіндегі өзгерістер талқыланды.

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Назарбаевтың  2012  жылдың  10  сәуіріндегі  тапсыр-

масын  орындауға  байланысты  Қазақстан  Республика-

сында  электрондық  шот–фактураларды  енгізу,  салық 

төлеушілерге  электрондық  түрде  шот–фактуралардың 

көшірмелерін ұсыну мақсатында 2014 жылдың  1 шілде-

сінен бастап электрондық шот-фактуралардың ақпараттық 

жүйесі құрылатын болады.

Қазынашылық  қызмет  көрсету  саласындағы  өкілетті 

мемлекеттік  органның  ақпараттық  жүйесі  арқылы 

электрондық түрде көшірмесі берілетін шот – фактуралар-

ды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау жүзеге асырылады. 

Шағын бизнес субьектілері үшін, арнаулы салық режимін 

қолданатын  жеке  кәсіпкерлер  үшін  бухгалтерлік  есепті 

енгізу  міндеттілігі  алынып  тасталғаннан  кейін  салық 

төлеушілер  үшін  салықтық  есеп  пен  салықтық  регис-

трлер формаларын енгізу бойынша нормалар жан-жақты 

қарастырылған.

Салық  Кодексіне  жылдық  жиынтық  табыстан,  салық 

салынатын  табыстан  шегерімдер,  аванстық  төлемдерді 

есептеу сомалары бойынша көптеген өзгерістер енгізілген. 

Жоғарыда  аталған  бұл  өзгерістер  Атырау  облысының 

жалпы  Қазақстан  экономикасының  дамуына  оң  әсерін 

тигізеді деп есептейміз.

Дөңгелек  үстел  барысында  болашақ  мамандарға  жан-

жақты түсініктер беріліп, ашық пікір алмасуға мүмкіндіктер 

жасалды.

Айман Мусаева,

э.ғ.к., 

қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі

Кейбір дамыған мемле-

кеттерде әлемді жайлаған 

дағдарысқа байланысты 

құрылыс, инфрақұрылымды 

дамыту салаларына бөлінетін 

қаржы көздері қысқарды. Ал, 

керісінше, біздің мемлекетіміз 

қанатын кеңге жайып, құлаш 

ұрып дамып келеді. Пре-

зидент Н.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына жыл 

сайынғы жолдауында басым 

бағыттардың бірі болып 

жұмыспен қамту мәселесі 

табылады. Жұмыспен қамту 

бойынша соңғы екі жыл-

да елімізде 200 мың адам 

тұрақты қызметке тұрса, ал 

2020 жылға дейін 1,5 млн. 

адамды жұмыспен қамту жо-

спарда тұр.

Жұмыссыздықтың  алдын  алу  және 

жұмыс өтілі жоқ университет бітіруші 

түлектерді маман қатарына қосу үшін 

университетте  2013  жылдың  15-ма-

мыр  күні  түлектердің  дәстүрлі  «Жас 

маман-2013» 

жәрмеңкесі 

болып 

өтті.  Өткен  жылдардың  тәжірибесі 



көрсеткендей,  болашақ  жас  маман-

дардан  басқа  мұндай  шараларға 

жұмыс  берушілер  де  белсенді 

қатысады.  Университет  көлемінде 

ұйымдастырылған  бұл  шараға  Эко-

номика    және  құқық  факультеті  де 

белсене қатысты. «Жас маман-2013» 

түлектер  жәрмеңкесіне  Экономика 

және құқық факультетінен Есеп және 

аудит,  Қаржы,  Менеджмент,  Эконо-

мика,  Мемлекеттік  және  жергілікті 

басқару,  Туризм,  Құқықтану,  Кеден 

ісі  мамандықтары  бойынша  бітіруші 

300-ге  жуық  түлек  қатысты.  Ал 

болашақ  жұмыс  берушілер  ретінде 

оған  ірі  мұнай  компанияларының, 

өндірістік 

кәсіпорындардың, 

банктердің,  облыстық  жұмыспен 

қамтуды  үйлестіру  және  әлеуметтік 

бағдарламалар басқармасы, қонақ үй 

қызметкерлері,  сонымен  қатар  Аты-

рау  облыстық  Құқықтық  статистика 

және  арнайы  есепке  алу  жөніндегі 

комитет, Экономикалық қылмыс және 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес 

департаменті, Атырау облыстық Эко-

номика  және  бюджеттік  жоспарлау 

департаменті,  Атырау  облыстық  ту-

ризм,  дене  шынықтыру  және  спорт 

басқармасы өкілдері қатысты. 

Түлектер 

жәрмеңкесіне 

Эко-


номика  және  құқық  факультеті 

мамандықтарының 

бітіруші 

студенттеріне 

ынта 

білдіруші 



қонақтарды  Қаржы  және  есеп 

кафедрасының  меңгерушісі,  э.ғ.к. 

А.Мусаева,  Экономикалық  теория 

және жергілікті басқару кафедрасының 

меңгерушісі, э.ғ.к. А.Абаева, Экономи-

ка  және  менеджмент  кафедрасының 

меңгерушісі,  э.ғ.к.  Р.Сабирова,  Мем-

лекет және құқық теориясы мен тари-

хы  кафедрасының  меңгерушісі,  т.ғ.к. 

Ф.Рыскалиева,  Арнаулы  құқықтық 

пәндер  кафедрасының  меңгерушісі, 

т.ғ.к. Ә.Тұрдалиев факультет тарихы-

мен және биылғы бітіруші түлектермен 

таныстырды.

Әңгімелесу  және  пікір  алмасу  ба-

рысында  жәрмеңкеге  келген  өкілдер 

бітіруші  түлектердің  4  жыл  бойына 

алған  білім  деңгейлеріне  байланы-

сты  алған  білімдерін,  қабілеттерін 

байқады,  әрбір  түлекпен  жеке 

сөйлесіп,  түйіндемелерімен  танысты. 

Әр  өкіл  өздерінің  қызметтік  салала-

рына байланысты сұрақтарын қойды. 

Әсіресе, 

бітіруші 

түлектерді 

қалалық      жұмыспен      қамту   

орталығы  директорының  орынбаса-

ры Н.Салимовтың баяндамасы қатты 

қызықтырды.  Ол  болашақ  бітіруші 

түлектерге  «Жұмыспен  қамту-2020» 

мемлекеттік 

бағдарламасының 

негізгі  бағыттары,  оның  жүзеге  асы-

рылу  жолдары  мен  механизмдері 

туралы  айта  отырып,  осы  бағыттың 

біріншісі 

ретінде 


қарастырылған 

Жастар  тәжірибесі  бағдарламасын 

түсіндірді.  Бұл  бағдарлама  бойынша 

жас мамандарға сұраныс келіп түскен 

мемлекеттік  мекемелерге  6  айға 

мемлекет  есебінен  еңбекақы  төлей 

отырып,  жұмысқа  орналастыруға 

болатынын,  ал  осы  мерзім  ішінде 

өзін  сауатты,  білімді  маман  ретінде 

көрсете  білсе,  тұрақты  жұмысқа 

қалатындықтарын айтты. 

Ешқандай  жұмыс  өтілі  жоқ, 

университетті енді ғана бітіріп отырған 

жас мамандар үшін бұл мемлекет та-

рапынан үлкен қолдау екені анық.

Оқу  орнын  тәмамдаған  барлық 

жастардың  жұмыспен  қамтылуы 

–  ең  басты  мәселе.  Сондықтан, 

студенттердің  жұмысқа  орналасу 

жәрмеңкесі  жыл  сайын  өтіп  келеді. 

Биылғы  шараның  өткен  жылдар-

дан  өзгешелігі  -  жәрмеңкені  жеке 

факультеттерде 

емес, 


әртүрлі 

мамандықтарды 

біріктіріп, 

кең 


көлемде ұйымдастырылуы. 

Түлектер  жәрмеңкесі  өте  жоғары 

деңгейде  өтіп,  жас  мамандарға  де-

ген  сұраныстың  болуы  және  жылдан-

жылға өсуі көңілді жадыратып тастады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет