Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси тұрғыдан жаңа белеске



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата03.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#6129
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Айнагуль Шыганакова,

методист отдела академической мо-

бильности и международных связей

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 

университетінің бір топ магистранттары ма-

мыр айында тағылымдамадан өту мақсатында 

Қалмақ мемлекеттік университетіне аттандық. 

Жоғарғы оқу орны Элиста қаласының 

орталығында орналасқан екен. Соғысқа дейін 

салынған ғимараттың іші тұнып тұрған тарих 

сияқты көрінді. Қалмақ халқының талай зия-

лы ұрпағына қанат бітіріп, үлкен өмірге жол-

дама берген алтын ұядан қаншама ғалымдар, 

жазушылар, білімділер шықты десеңізші?! 

Қалмақ мемлекеттік университеті 1970 жылы 

педагогикалық институт болып ашылған. Жарты 

ғасырға жуық халық ағарту ісін дамытып, жас 

ұрпақты білім нәрімен сусындатқан оқу орнының 

беделі бұл күнде арта түскен. Олай дейтін 

себебім, қала аралап, көрнекті жерлерді тама-

шалап жүріп, университет қонақтары екенімізді 

естіген  қала тұрғындарының көзқарасынан-ақ 

білім ошағына деген үлкен құрмет сезіліп тұрды. 

Біз  –  филологтар  мен  тарихшылар  1932  жылы 

салынған ғимаратта орналасқан гуманитарлық факуль-

тетке келгенімізде, өзінің әдемі әзілдерімен бірден жа-

нына баурап, құшағын жая қарсы алған Иван Василье-

вич  Колодько  есімді  факультет  деканымен    кездестік. 

Бір  –  екі  ауыз  қазақша  сөздерді  қосып  қойып,  әсерлі 

әңгімесін  бастаған  Иван  Васильевич  қазақ  халқын 

құрмет тұтатынын айтып өтті. 

Филология  мамандығы  бойынша  келген  Анар  Есе-

това  мен  Айтолқын  Құлшарова  үшеуміз  «Орыс  және 

шетел  әдебиеті»  кафедрасында  білімімізді  шыңдап, 

кафедра  меңгерушісі  Ханинова  Римма  Михаилов-

намен  таныстық.  Ол  –  қалмақ  елінің  ақын  қызы  екен. 

Үлкен  ғалым,  әдебиетші,  жазушы,  аудармашы  Римма 

Ханинова  –  филология  ғылымдарының  кандидаты, 

қалмақ әдебиетін дәріптеуші, бірнеше кітаптың авторы. 

Шығармаларының көпшілігі әкесінің шығармашылығына 

арналған  екен.  Римма  Михайловнаның  әкесі  Михаил 

Хонинов  - жүрегі халқым деп соққан үлкен ақын, жазу-

шы.  Тағдыр талқысын көп көрген  дарынды ақынның 

өмір  жолы  қазақтың  Мұқағалиының  өмірімен  ұқсас 

болып көрінді. Бір айырмашылығы М.Хонинов соғысқа 

қатысқан,  ал  поэзияға  есейіп  келген.  «Поэт  умирает 

не от того, что у него отказали почки или остановилось 

сердце  –  поэт  умирает  от  недостатка  любви  и  вни-

мания.  Поэт  который  прошедший  ураганный  шквал 

военного  огня,  не  выдержал  кабинетных  интриг  и  за-

говоров.  Доносы,  наговоры,  шепотки  околокабинет-

ных  деятелей  культуры  и  искусства  его  «свалили»... 

–  деп  жазады  ақын  шығармашылығын  зерттеушілер. 

Ақындардың  ұқсастығын  өлеңдерінен  де  байқауға  бо-

лады. М.Хонинов: 

...Наши бабки курили трубки,

Были с виду грубы, но добры...

От работы вспухшие руки

Столько вынянчили детворы!..., – деп жазса, 

Мұқағали Мақатаев: 

Қайран біздің шешелер!

Арды ойлаған,

Шілік шауып, ши орып, бау байлаған.

Жігіттерден айырылып, қалмай қараң,

Қырман басып, егін сап арба айдаған..., – деп жазған 

болатын. 

Міне, ғасырлар қойнауында қазақ – қалмақ тарихының 

ұқсастығы,  бүгінгі  күннен  жалғастық  тауып  жатыр  де-

ген  осы  да.  Түр  –  келбетінің  қазаққа  келетінін  былай 

қойғанда, ұлттық киімдері мен ұлттық тағамдары, ою – 

өрнегі, тұрмыстық заттары, әшекейлері мен музыкалық 

аспаптарының  ұқсастығы,  әрине,  таң  қалдырады.  Тек 

діні  бөлек.  Ортасында  алтынмен  апталған  Будданың 

мүсіні  орналасқан  Хурулдың  әсемдігін  сөзбен  ай-

тып  жеткізу  қиын.  Ызыңдаған  масаның  ғана  дыбысы 

естілетін Хурулдың іші қанша халық жүрсе де тып – ты-

ныш,  аяқ киімдерімізді есік алдына тастап, ішке енген-

де басымызға тартатын орамалға дейін өздері ұсынған 

қызметкерлердің мәдениеттілігі, сабырлылығы ерекше. 

Хурулдың  қабырғалары  философиялық  суреттермен 

безендірілген.  Ол  суреттерді  әр  адам  өз  деңгейіне,  өз 

қабілетіне қарай қабылдай береді. Хурулдың ішін ара-

лап  жүріп,  уақыттың  қалай  өтіп  кеткенін  де  байқамай 

қаласың.  Ерекше  бір  әсермен,  сол  халықтың  тұрмыс 

-  тіршілігіне,  мәдениетіне,  наным  –  сеніміне  деген 

қызығушылық  пайда  болады.  Табиғаты  да  біздің 

жерімізге ұқсас. Қаланың жан – жағы кең жазық дала. 

Халықаралық  шахмат  федерациясының  төрағасы 

Кирсан  Илюмжанов  Шахмат  қалашығының  негізін 

қалап,  Шахмат  мұражайын  ашқан  екен.  Қалашықтағы 

үйлер  шахмат  фигураларымен  аталып,  шахмат 

тәртібімен  орналасқан.  Қала  көшелерінің  ортасында 

сызылған шахмат жазығы мен фигураларын қарапайым 

халық  ойын  алаңына  айналдырған.    Айта  берсек, 

қызықты нәрселер өте көп. Борцк деп аталатын майға 

піскен наны, біздің бауырсаққа қатты ұқсайды. Тек тұз 

қосылған шайы өзгеше. 

Тағылымдаманың  соңғы  күні  «Орыс  және  шетел 

әдебиеті»  кафедрасының  оқытушылары  және  фа-

культет  деканының  сұрауы  бойынша,  біздің  уни-

верситет  туралы  презентация  жасақтап,  жалпы  та-

ныстыру  мақсатында  шағын  пресс  –  конференция 

ұйымдастырдық.  Оқытушылары  орыс  және  шетел 

әдебиетінің оқытылуы, оның өзекті мәселелері жайын-

да бірнеше сұрақтар қойып, қызығушылық танытты. Ал 

студенттер қазақ жастарының тұрмыс – тіршілігі туралы 

білуге тырысты. Оқытушы – профессорлар құрамында 

Әл–Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің, 

Абай  атындағы  Алматы  мемлекеттік  педагогикалық 

университетінің  филология  факультетінің  түлектері 

бар  болып  шықты.  Қазақстанда  оқып,  білім  алған 

шақтарын  естеріне  түсіріп,  қазақ  жеріне  деген  ыстық 

ықыластарын  білдіріп,  қазақ  халқының  алдында  бас 

иетіндерін  көздеріне  жас  алып  тұрып  айтып  жатты. 

Осының  бәрі  жанымызға  жайлы,  жүрегімізге  жылы 

тиді.  Шараны  ұйымдастырғанымыз  үшін  алғыс  хатпен 

марапатталдық.  Тағылымдама  соңында  ғылыми  істер 

жөніндегі проректор В.О.Имеев мырза магистранттарға 

сертификаттарын  табыстап,  құттықтау  сөзін  арнады. 

Болашақ қазақ – қалмақ қарым – қатынастарын өрбітіп, 

академиялық ұтқырлықты одан әрі дамыта түсейік де-

ген тілегін білдірді. 

Қалмақ  жерінен  үлкен  әсермен  оралдық.  Адам  жа-

нына тән бауырмалдықты, туыстықты сездік. Екі халық 

арасындағы  ғасырдан ғасырға жалғасқан өшпес тарих-

ты, тағдыр ұқсастығын зерделедік. 

 Мақсат Өсербаева, 

филология мамандығының магистранты

Интеграция образования, науки и производства, развитие послевузовского 

образования на основе современных достижений науки и техники являются 

одними из приоритетных направлений развития экономики сегодня. В свете 

Послания Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахста-

на «Стратегия «Казахстан-2050» - новый политический курс состоявшегося 

государства» от 14.12.2012. высшее образование играет важную роль в обе-

спечении профессиональной подготовки компетентных и конкурентоспособ-

ных специалистов для всех отраслей экономики республики в интеграции с 

наукой и производством.

Қалмақ жеріндегі тағылымдама

 АКАДЕМИЯЛЫҚ  ҰТҚЫРЛЫҚ  –  ҰТЫМДЫ  ЖҮЙЕ


6

ҒИБРАТ

Қазақта «жақсының жақсылығын 

айт, нұры тассын» деген аталы 

сөз бар. Артында, ізгілік нұрын 

себетін ұлағаты, жасаған жақсы 

істері бар ерекше тұлға, жайсаң 

жан, ұстаз Хамметов Асылбек 

ағай жайлы бүгін сөз қозғаудың 

реті келіп отыр. Жарты ғасырға 

жуық білікті маман даярлау 

жұмысында табысты еңбек етіп, 

университеттің дамуына мол үлес 

қосқан ұлағатты ұстаз, ақпараттық 

жүйелер және есептеу техникасы 

кафедрасының доценті Хамметов 

Асылбек Хамметұлы бүгін, міне, 70 

жасқа келіп отыр.

Ол 


кісі 

жайлы 


пікір 

айту, 


университетімізде  информатика  әлемінің 

ашылуы  жайлы  айтумен  пара  –  пар.  Ай-

налысатын кәсібін жақсы көретін, осы са-

лада  мамандар  дайындау,  шәкірттеріне 

рухани азық беретін саналы да салмақты 

ұстаз жайлы сөз етпекпін.

1994 жылы мен алғаш осы университет-

ке жұмысқа орналасқан уақытымда Асыл-

бек  ағай  кафедра  меңгерушісі  болатын. 

Қазақ  мемлекеттік  ұлттық  университетін 

1992  жылы  тамамдаған  менің,  осы  уни-

верситетке  мектептен  аз  да  болса 

тәжірибе жинап келген уақытым еді. Кел-

ген беттен білек сыбанып жұмысқа кірісіп 

кеткен едім. Ол кезде кафедраның атауы 

«Информатика  және  ОЖИТ»  болатын. 

Асылбек  ағай  айтар  ойы  шегелегендей 

нақ, артық сөз, жайыла, жалпылама айту-

ды сүймейтін. Ол жұмыс барысында жеке 

бастың уақытымен санаспай, сабақта жа-

нын  салып  жұмыс  істейтін,  оқытушылық 

жұмыспен  қатар  ғылыми  –  әдістемелік 

жұмыстармен  де  үзбей  айналысып  оты-

ратын.  Күні  бүгінге  дейін  сол  қалпында 

еңбек етуде. 

Асылбек  Хамметұлы  орта  мектептер-

де  «Информатика  және  есептеуіш  тех-

ника    негіздері»  пәнінің  енгізілуіне  бай-

ланысты  Москва  қаласындағы  МГПИ-да 

білім  көтеру  курстарынан  өткеннен  кейін, 

Қазақ  КСР  Білім  беру  министрлігінің 

міндеттеуімен  1986  –  1988  жылдар 

аралығында  облыстың  физика  және  ма-

тематика  мұғалімдерін  қысқа  дайындық 

курстарынан  өткізіп,  информатика  пәні 

бойынша  қосымша  мамандық  алуына 

мұрындық  болған.  1975  –  1985  жылдар 

ішінде      мектептерде  геометрия  пәнінің 

Колмогоров  ұсынған  жаңа  мазмұнда 

оқытылуына  байланысты  мұғалімдердің 

білімін  жетілдіру  курстарында  теориялық 

және  әдістемелік  сабақтар  өткізді. 

А.Хамметовтың  басшылығымен  уни-

верситет  оқу  үрдісіне  студенттер  білімін 

бақылау мен бағалаудың «АвтоТестВуз», 

«NewTester»  сияқты  жаңа  формалары 

енгізілген  болатын.  Информатика  пәндер 

циклы  мен  арнайы  курстар  бойынша 

ең  жаңа  компьютерлік  технологиялар 

енгізілген  кешенді  оқу  бағдарламалары 

жасақталып, 9 оқу және оқу – әдістемелік 

құралы  мен  10  әдістемелік  нұсқаулары 

жарық  көрді.  Ағайдың  еңбектерін  жас 

оқытушылар,  студенттер  мен  оқушылар 

пайдаланып жүр. Олар: «Кейбір есептерді 

Бейсик  тілінде  программалау»  –  Аты-

рау,  1999  –  132  б.,  «Turbo  Pascal  7.0. 

Программалау  бастамалары»  –  Алма-

ты,  2004–352  б.,  «Компьютермен  физика 

есептерін  шығару  және  құбылыстарын 

моделдеу  практикумы»  –  Атырау,  2005 

–  232  б,    «Основы  компьютерной  графи-

ки»  –  Атырау,  2006  –  116  б,    «AutoCAD 

2008 


автоматтандырылған 

жобалау 


жүйесі», – Атырау, 2010 – 242 б., «Delphi 

ортасында программалау бастамалары», 

1–  кітап  –  Атырау,  2011  –  208  б,  «Delphi 

ортасында  программалау  бастамала-

ры»,  2  –  кітап  –  Атырау,  2011  –  228  б, 

«AutoCAD 2008. Жұмыс бастау» – Алма-

ты, «Полиграфия – Сервис К0» баспасы, 

2011–  236  б.  және  «Бағдарламалау  тілін 

оқыту негіздері», – Астана, «Фолиант» ба-

спасы,  2011  –  512  б.  Осындай  еңбектері 

үшін,  Асылбек  Хамметұлы  2013  жылдың 

мамыр  айында  Жоғары  оқу  орындары-

на  оқулық  дайындаудағы  үздік  жетістігі 

үшін  берілетін  Қазақстан  Республикасы 

жоғары оқу орындары қауымдастығының 

А. Байтұрсынов атындағы медалімен ма-

рапатталды.

Кафедрамызда  жоғары  білімді  маман-

дарды, бакалаврларды, магистрларды да-

ярлауда  ағайдың үлесі зор. Асылбек ағай 

тек  қана  ғылыми  және  теориялық  білімі 

қалыптасқан  студенттерді  даярлап  қана 

қоймай, әрбір студенттің жеке қасиетінің, 

потенциалының  қалыптасуына,  олардың 

болашақ мамандықтарына тікелей қажетті 

білімді беру үшін көп еңбек сіңіріп жүрген 

білікті ұстаз, тәлімгер.   Ғылыми–зерт-

теу  жұмыстарымен  де  үнемі  айналысып 

отырады.  Оның  зерттеу  жұмыстарының 

нәтижесінде 7 ғылыми мақаласы Мәскеу, 

Санкт-Петербуг, 

Ленинград, 

Алма-

ты,  Атырау  қалаларында  шыққан  жур-



налдар  мен  жинақтарда  жарық  көрді. 

«Батыс  Қазақстан  аймағында  мектеп 

оқушыларының  дене  дайындығы  мен 

дамуы  деңгейін  зерттеу»  мемлекеттік  – 

бюджеттік тақырыбы бойынша жұмыстарға 

қатысты.  Оның  жетекшілігімен  50  –  ден 

астам  студент  диплом  жұмыстарын  сәтті 

қорғады,  көптеген  студенттері  ғылыми 

баяндамалар  жасады.  «Шәкірті    өзінен  

озған    ұстаз  –  еңбегі    ақталған    ұстаз» 

–  дегендей,  оның  жетекшілік  еткен 

көптеген шәкірттері – облысымыздың осы 

саладағы озық ғылыми – педагогикалық, 

техникалық  мамандары.  Бүгінгі  күні  сол 

шәкірттерінің  көпшілігі  ағамызбен  бірге 

бір  ұжымда  еңбек  етіп,  ұстаз  алдынан 

алған  білімі  мен  үлгі  –  өнегесін  жастар 

бойына дарытып жүрген білікті мамандар, 

ұстаз еңбегінің жанғаны деген осы да.  

Мұндай  қуанышты  күндер  аясында 

Асылбек Хамметұлы секілді жаны жайсаң, 

тамаша  жанға  қандай  тілектер  айтылса 

да  орынды.  Ұстазымыздың  бүгінгі  жет-

кен  жасына,  мерейлі  тойына  құтты  бол-

сын  айта  отырып,  барша  әріптестерінің 

атынан  Асылбек  Хамметұлына  зор 

денсаулық,  жанұясына  амандық,  жарқын 

шығармашылық  ғұмыр,  арамызда  талай 

жылдар  ұстаздық  қызметін  әрі  қарай 

жалғастыра    беруіне  тілектестігімді 

білдіремін.

Айман Майлыбаева,                                 

ақпараттық жүйелер және есептеу 

техникасы кафедрасының  

меңгерушісі, ф-м.ғ.к.     

...Бақытты жолдан  жасарлық  күш бар ұстазда, 

Уақыттан алға асарлық  күш бар ұстазда,

Алыпты мықтап тежерлік  күш бар ұстазда,

Тылсым  дүниемен  тілдесетін    күш  бар  ұстазда,

  – 


деп  ақындар  жырлағандай  өзінің  ақыл-парасатымен,  білім 

-білігімен, өз ісіне деген адалдығымен ел құрметіне бөленіп, 

өз орнын аумай тапқан, өткір ой өрісімен дараланып тұрған 

азамат, әке, ұстаз деген ұлы есімдерді еңселеп, ұстаздардың 

ұстазы атанған физика – математика факультеті ақпараттық 

жүйелер  және  есептеу  техникасы  кафедрасының  доценті, 

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері 

Асылбек  Хамметұлы  Хамметов  сан  тараулы  соқпақтардан 

сүрінбей  өтіп,  адами  болмысын  биік  ұстап,  өмірінің  70-ші 

белесіне қадам басты. 

  Оқу орнының конференц залында 11 мамыр күні физика–мате-

матика факультеті университет ұжымымен бірлесе отырып Асыл-

бек Хамметұлының 70 жас мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. 

Салтанатты мәжіліске Асылбек Хамметұлының ұстазы, профес-

сор, физика – математика ғылымдарының кандидаты Ғафрулла 

Даирұлы, Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының рек-

торы, физика – математика ғылымдарының докторы, профессор 

Е.У.Ихсанов, Атырау мұнай және газ институтының профессоры, 

физика – математика ғылымдарының кандидаты Д.Н.Шабдиров, 

«Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы»  акционерлік 

қоғамның  Атырау  облысы  бойынша  филиалы  педагогикалық 

қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтының  профес-

соры,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты  Н.Сарсенова, 

Қ.Дүтбаев  атындағы  гуманитарлық  педагогикалық  колледж  ди-

ректоры Б.Рысқалиев, Жангелдин атындағы орта мектеп дирек-

торы М.Т.Хабиева, №16 орта мектеп директоры С.М.Исмагулова, 

№2  орта  мектеп  директоры  В.А.Миденова,  Ұлттық  қауіпсіздік 

комитетінің  ақпараттық  бөлім  басшысы  Ы.Т.Сағындықов  және 

әріптестері, достары, шәкірттері, туған – туыстары, университет 

бөлім басшылары, факультет декандары  қатынасты. 

  Салтанатты мәжілісті физика – математика факультетінің де-

каны, профессор, т.ғ.д. Б.З.Кенжегулов жүргізді. Мәжіліс басында 

университет теле – радио орталығының мамандарымен бірлесе 

дайындалған Асылбек Хамметұлы Хамметовтың мағыналы өмір 

жолының  жарқын  беттерінен  өмірдерек  көрсетілді.  Салтанат-

ты  мәжілісте  университеттің  бірінші  проректоры  С.А.Қасабеков 

құттықтау  тілек  білдіріп,  Асылбек  Хамметұлына  Жоғары  оқу 

орындарына оқулық дайындаудағы үздік жетістігі үшін Қазақстан 

Республикасы  Жоғары  оқу  орындары  қауымдастығының 

А.Байтұрсынов  атындағы  медалін  табыс  етті.  Келген  қонақтар 

Асылбек Хамметұлының сегіз қырлы бір сырлы ұстаз, Атырау об-

лысы бойынша информатика ғылымының негізін қалаушылардың 

бірі екенін, өзге салаларға қосқан үлестері жөнінде зор құрметпен 

әңгімелеп  берді.  Асылбек  Хамметұлының  ұстазы  профессор, 

ф–м.ғ.к.  Ғ.Даиров  «Информатика  ғылымының  негізін  қалаушы 

біздің өңірде екі адам болса, соның бірі – Асылбек Хамметұлы.  

Асылбектің бойында тұнған өнер, ол өнердің шыңына жеткен аза-

мат», – деп Асылбек Хамметұлының негізгі қырларына тоқталса, 

Асылбек  ағайдың  шәкірттерінің  бірі  Жангелдин  атындағы 

орта  мектеп  директоры  М.Т.Хабиева  өз  тілегінде:  «Асылбек 

Хамметұлының  геометрия  пәні  бойынша  сабақ  берген  сәттері 

бізде ұмытылмас естеліктер, ағайдың сызған геометриялық сыз-

балары әдемі де, келісті шығатын еді, ағайдың сабақ беру әдісінің 

өзі  өзгеше  болатын»,  –  деп    шәкірттік  ризашылығын  білдірсе, 

тағы бір шәкірті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық бөлім 

басшысы  Ы.Сағындықов  «Асылбек  Хамметұлы  біздің  бөлімге 

ақпараттық  технологияларды  пайдалану  мақсатында  әр  түрлі 

программалар  құрып  көмектесті,  ағайға  үлкен  алғысымызды 

білдіреміз»,  –  деп,  өз  ризашылығын  байқатты.  Информатика 

мамандығының  студенттері    Ж.Жұмабаев,  Г.Еркін,  Н.Оңайбаев 

«Ұстазым», «Смет», «Сәулем – ай», «Ән аға» әндерін қонақтарға 

тарту етті. Салтанатты мәжіліс естелік ретінде суреттерге түсумен 

аяқталды.     

  Асылбек Хамметұлы  –  білім беруде қажымай қайраттанып, 

қазақтың  айбатты  ұл  –  қыздарына  білім  нәрін  берудегі  бағбан, 

ұстаз,  жол  басшы,  абзал  азамат,  ұжымның  қадірлісі.  Ұлағатты 

ұстаз өмірі – кейінгі толқынға үлгі-өнеге. 



Гульфара Рысмагамбетова,

физика-математика факультеті деканының орынбасары

ЕҢБЕГІ  АҚТАЛҒАН  ҰСТАЗ

ҰСТАЗДАРДЫҢ  ҰСТАЗЫ....


7

ТАҒЗЫМ

...Өмірдің  қуанышы  мен  қызығын  да, 

ащысы  мен  тұщысын  бастан  кешіріп,  әр 

деңгейдегі  қызмет  бабында  қалыптасқан 

шынайы  сыйластық,  туған  бауырымыздай 

болып  кеткен  ілтипаттық  қасиеттері  бәрі-

бәрі  сол  кездегідей  есімізде,  санамызда 

сақтаулы.  Ибатжан  ортамызда  жүргенде 

нағыз  ерліктің,  адами  қасиеттердің  сим-

волындай  жарқырап  жүретін  жан  бола-

тын.  Оны  бүкіл  жастар  қауымы,  бүкіл  сту-

денттер  ұйымы,  тәрбие  берген  шәкірттері 

қашанда үлгі тұтып, ұқсауға тырысатынын 

жүрегімізбен сезінуші едік. 

Үлкенге де, кішіге де ілтипатпен қарайтын, 

қазақи кең пейілділік пен дарқан жүректен 

төгіліп  тұратын  жомарттық  бойына  түгел 

дарыған  жан  еді.  Ол  өңіріміздің  ардақты 

перзенттерінің  бірі,  университетіміздің 

өркендеп дамуына зор үлес қосқан, өзіндік 

орны бар азамат болатын.

Жоғары  курста  оқып  жүргенде,  ХХ 

ғасырдың  60-жылдары  институт  рек-

торы  С.Т.Қожабаев  Ибаттың  іскерлік, 

ізденімпаздық,  тапсырманы  тиянақты, 

бұлжытпай 

орындаудағы 

ерекше 


қасиеттерін  жоғары  бағалап,  зор  сенім 

артып,  оған  студенттерінің  кәсіподақ 

комитетінің төрағасы қызметін тапсырады. 

Ұлағатты ұстаз, іскер басшы жаңылмапты. 

Осындай ауқымды, әрі жауапкершілігі мол 

сан-салалы қызметті Ибат Қамешұлы пар-

тия, комсомол ұйымдарымен бірлесе оты-

рып,  өзіне  тән  елгезектікпен,  білгірлікпен, 

ұйымдастырушылық  қабілеттігін  көрсете 

отырып,  барлық  күш-қуатын,  ерлік-

қайратын, ынта-жігерін аямай, талапқа сай  

атқара білді.

Жастардың 

қызу-қайнаған 

сан-

алуан  жұмыстарының  ортасында  жүрді: 



студенттік  құрылыс  отряды,  жазғы  де-

малыс  кезіндегі  ауыл  шаруашылығы 

жұмыстарына 

көмектесу, 

жастардың 

өнер  сайысына  арналған  фестивальдар, 

әртүрлі  деңгейдегі  спорттық  жарыстар-

ды  ұйымдастырып,  бел  ортасында  жүріп 

шынықты, тәжірибе жинақтады. 

Институтты  үздік  бітіргеннен  кейін  Ибат 

Қамешұлы дүние жүзі тарихы кафедрасы-

на  оқытушылық  қызметке  қалдырылды. 

Оның  алдына  қойған  бірден-бір  мақсаты, 

ой-арманы ғылым жолына түсіп, өлкеміздің 

тарихын  зерттеу  болатын.  Осы  арма-

нын  жүзеге  асыру  мақсатында  1974 

жылы  Қазақтың  әл-Фараби  атындағы 

(ол  кезде  С.М.Киров  атындағы)  ұлттық 

университетінің 

Қазақстан 

тарихы 

кафедрасының  аспирантурасына  оқуға 



түседі.  Ғылыми  жетекшісі  –  Қазақстан  та-

рихын зерттеушілерінің көрнекті өкілдерінің 

бірі,  ҚҒ  Академиясының  академигі  Мәлік 

Асылбековтың  басшылығымен  және  ты-

нымсыз  ғылыми  ізденіс,  инемен  құдық 

қазғандай  маңдай  тер  төккен  еңбектің 

нәтижесінде  ҚҒ  Академиясының  тарих 

және  этнология  институтының  ғылыми 

Кеңесінде  тарих  ғылымдарының  канди-

даты  дәрежесіне  диссертациясын  сәтті 

қорғап шығады.

Бұдан кейін Ибат Қамешұлы институтта 

оқытушылық,  факультет  деканы,  институт 

проректоры  сияқты  жауапты  жұмыстарды 

заман  талабына  сай  абыройлы  атқарып, 

зор беделге ие болды. 

Ибат  Қамешұлының  студент  жастар-

мен  жүргізген  тәрбие  жұмыстарындағы 

қабілетін  сөзбен  жеткізу  мүмкін  емес.  Ол 

тарих-филология  факультетінің  партия 

ұйымының  хатшысы  болған  кезінде  бүкіл 

саяси-тәрбие  жұмыстарын  өз  қолына 

алып, жастардың ақылшысы, қамқоршысы 

болғанын ризашылықпен еске аламыз. 

Ибат Қамешұлының жаны жомарт, пейілі 

кеңдігінің арқасында достары да көп бола-

тын.  Сыйласып,  сырласып,  құрмет  тұтып, 

адал дос болған өзім білетін кейбір азамат-

тарды  атап  көрсек,  олар:  Мұрат  Өтешев, 

Әнес  Бисенов,  Мүсілім  Ғабидоллаұлы, 

Мерген Байболов, Лев Иосифович Белый, 

Анатолий  Блахин,  Александр  Дурманов, 

Мәди  Нәубетжанов,  т.б.  есімдер  ауызға 

ілінеді. Осындай достардың ақ ниет, жақсы 

қарым-қатынастары оған, жанұясына үлкен 

тірек болғаны белгілі. 

Ибат  –  өз  ортасында  дара  оза  шыққан, 

арды  ойлап,  дос  жинаған,  атаның  баласы 

емес, адамның баласы бола білген, арты-

на  тәрбиесі  мол  ұрпақ  қалдырған,  оларға 

қамқор бола білген тұлға. 

Бүгінде  Ибаттың  артында  ұрпақтары 

–  бір  –  бір  шаңырақ  иесі,  немерелер  өсіп 

келеді.  Отбасының  ұйытқысы  Сәбила  әлі 

күнге  дейін  Ибаттың  достарынан,  жолда-

старынан қол үзген жоқ. Үлкен парасат пен 

ақыл иесі.  

Ибат  Қамешұлындай  жаны  таза 

тұлғаларды қастерлеу, еске алу, құрметтеу 

ұлтым деп өтетін ұрпақтарға тәлім-тәрбие 

болуы үшін қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет