«Елімізде атом станциясын салу – энергетикалық тығырықтан құтқаратын жалғыз жол ма?» тақырыбында аргументтерді сараптап, талқылай отырып эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.
Атом өнеркәсібі, ғалымдардың пайымдауынша, тиімді өнеркәсіп түріне жатады. Ол түрлі салаларда қолданылады. Сондықтан да көптеген елдер атом станциясын салып, оны өздерінің қажеттілігіне жаратып отыр. Атом станциясы сарқылатын энергия көздерін алмастыра алатын балама энергия көзі ретінде де қаралып отыр. Дегенмен, атом станциясы энергетикалық тығырықтан шығара алатын жалғыз жол ма?- деген сауал туындайды.
Менің пайымдауымша, атом станциясын салу тығырықтан шығарғанымен, адамзат әлеміне зардабын әкеледі.Әрине, энергия ресурстарымыз сарқылып жатыр, оның орнын атом станциясы баса алады дегенмен, өз басым қолдамаймын.
Біріншіден, Қазақстан уран өндіруден бірінші орында.Ал, атом өнеркәсібі уран өндіріп, атаом энергиясын өндіреді, сол энергияны түрлі кәсіптік салаларда қолданады. Осы жағынан алып қарасақ, тиімділігі өте жоғары, өйткені бізде негізгі энергетикалық ресурстар сарқылып, орның тапшылығы сезіліп жатыр. Сонымен қатар, атом станциясы ауылшаруашылығы, жеңіл, ауыр өнеркәсіп, көлік өнеркәсібінде, ғарыш айлағында да қолданылады.Алпауыт елдерде соғыс қаруы ретінде де қолдануды көздеп отырғаны мәлім.
Екіншіден, атом станциясы тиімді дегенімізбен, оның зардабы шаш етектен деп айта аламын.Мысалы, осыдан тура отыз жылдай уақыт бұрын Чернобыль апаты болғаны белгілі. Апаттың салдары тек Украина аумағын ғана емес, Ресейдің бірнеше жерлерін шарпып, адамдардың өміріне қауіп әкелді. Осы зардапты адамдар әлі күнге дейін тартып отырғанын көріп жүрміз.Сонымен қатар, еліміздегі Ақтау қаласында тұңғыш салынған АЭС жабылды. Егер де оның пайдасы зиянын басып тұратын болса, жабылмай, жұмысын жалғастырар ма еді?
Үшіншіден, атом станциясы мықты электр қуатын алмастыра алады.Уранның қорының өзі неше мыңжылдыққа жететінін ғалымдар айтып жүр. Дегенмен де, оны қолдану адамзат үшін қауіпі басым екенін барлығым білеміз. Біздің елімізде оны қолдану үшін мықты мамандар керек. Ондай мамандар елімізде жоқтың қасы. Тағы бір пайдасынан зияны басым тұсы ғарыш айлағындағы атом энергиясын қолдану да ашықтан-ашық зардабын тигізуде.Сондықта да, өз басым, атом станациясын қолдану арқылы тығырықтан шығамыз деген пікірге қарсымын. Одан да, тығырықтан шығудың балама энергия көздерін өндіруді алға қоюмыз керек.
Түйіндей келе, тығырықтан шығу үшін қауіпсіз жолды таңдағанымыз дұрыс деп санаймын.Сол үшін ғылымның жаңа ашуларын жасап, атаом станциясын алмастыратын қауіпсіз жолды таңдайық!