Тәуелсіз елдің еркін тынысты прозасы Шағын жанрлардағы кейіпкерлер мінезі қазіргі заманның шындық болмысының айнасы



бет3/4
Дата09.08.2022
өлшемі104,8 Kb.
#38095
1   2   3   4
Қорытынды

Өткен ғасырдағы қазақ прозасындағы жағдай мен характердің байланысы. Жағдайды бейнелеп, оның қыр-сырын ашатын характер таңдау қаламгердің еншісінде десек те, оларды үйлестір, сәйкестендіру немесе қайшылықта, шиеленісте көрсетуге сыртқы факторлардың әсері болады.


Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде жазылған Қуандық Түменбай, Дидахмет Әшімханұлы, Роза Мұқанова, Қуаныш Жиенбай, Сейітқұл Оспанов, Асқар Алтай,Нұрғали Ораз, Айгүл Кемелбаева, Талаптан Ахметжан, Думан Рамазан, Серік Асылбеков сынды жазушылардың өтпелі кезеңдегі адам сыры мен өмір шындығын ұлттық философиялық негіздер арқылы танытуға ұмтылған ізденістері олардың шығармаларындағы осы негіздегі характер мен жағдай табиғатын көркемдік тұрғыдан зерттеуге мұрындық болды.
Өзі өмір сүріп отырған қоғамнан безінуі, ортадан жерінуі сияқты көріністер мен жағдайлар Н.Ораздың «Қайыршының жұлдызы», Қ. Аманжолдың «Армансыз» әңгімелерінде айқындаушы жағдайда бейнеленеді.
Қ. Түменбайдың «Ақындар заңы», С. Оспановтың «Жол ережесі», Д. Әшімхановтың « Ақабаның толқыны», Н. Ораздың «Балақ бау» әңгімелерінде қалыптастырушы жағдай тереңірек қамтылған.
Тоқырау кезеңі деп аталып жүрген жылдар саяси-қоғамдық ойлар тұрғысынан солай бағалағаны орынды да шығар. Бірақ қазақ әдебиеті дәл осы уақытта жаңа жағдайларды игеруге бптыл қадам жасай бастады. Әлеуметтік тауқыметтер, өтпелі кезеңнің науқан-шаралары, ұлттық мәселедегі түйткілдер мен іркілістер, адамның мінез-құлқы мен ой-өресіндегі
Күрделі өзгерістер, рухани құндылықтар мен табиғат эрозиясы, тарихи жадының әлсіреуі сияқты жағдайлар ұлттық прозаның өнімді тақырыптық-идеялық негізіне айналды. Осындай өнімді көркем жағдайлар мақсат-мүддесі өзгерген, іс-әрекеті белсенді, өмір құбылыстарын талдау мен талқылауға бейім характерді талап етті, ал болса жағдайдың қыр-сырын айқындау үшін жан-жақты қызмет етті.
Әдеби туындыдағы көркем бейне мен жағдайдың өзгеруі психологиялық ахуалдың толқымалы, өзгермелі, ауыспалы қасиеттеріне, ішкі және сыртқы дүниенің арпалыстарына, сананың сапырылысуына, өмірдің мәні мен мағынасы туралы толғаныстарға, тұлғаның «менінің» құбылыстарына тәуелді екені дәйектелді.
Қазақ қоғамының тарихи бетбұрыстағы кезеңі – тәуелсіздік тұсында туған прозалық туындылар табиғаты күрделілігімен назар аудартады. Бұрын болып көрмеген тосын көркемдік амал-тәсілдерге бару арқылы қаламгерлердің көпке белгілі жағдайлардың өзін жаңаша суреттеуі жаңа заман оқырманыныңталабынан туып отыр. Әсіресе, ұлттық идеяны берудегі әлеуметтік символиканың ролі басымдық алуда. Ұлтгық идеяға негізделген біршама дүниелер өмірге келді. Қазіргі қазақ прозасында қазақ халқының жадын жаңаша толықтырған «қасқыр-бөрі», «ағаш-бәйтерек», «үй-Отан-туған жұрт» т.б. ұғымдар әр қаламгерде әр тарапта көркемдік мән иеленген. Көптеген жаңа тарихи оқиғалар, мысалы, Желтоқсан оқиғасы мен нысанына алынып отыр. Тәуелсіздік кезеңіңдегі қазақ прозасындағы үлкен бір жаңалық - дін тақырыбы. Бұл - туған әдебиетімізде үлкен шектеуге ұшырап, әдебиет ішінен өз орнын ала алмай жүрген тақырып. Міне, осындай рухани мешеулік жайлаған атмосферадан кейін С.Досанов, Т.Ахметжан, Д.Амантай, А.Кемелбаева, Д.Рамазан, Е.Әбікен, т.б. қазақ қаламгерлері өте жаңашыл, ірі қадам жасады. Қаламгерлердің бірқатары - А.Кемелбаева мен Д.Амантайлар өздерінің дінгебет бұруын жалған бояулармен әсірелемей, ішкі болмысты таза қалпында көрсеткісі келеді. Ал, Д.Рамазан сынды жазушыларымыз дін тақырыбындағы сонылықты Құраннан тікелей аударма жасап, интерпретация әдісіне жүгінеді. Сонымен қатар, Құранның ең қадірлі, ірі маңызды сүрелеріне үлкен мән беріп, Құранға үстірт мойын бұрмай, үлкен суреткерлікпен қарап жазған көркемсөз шеберлері де баршылық. Құран сүрелерінен үзінді келтіру арқылы дүниеге келген туындылар - автордың бар идеялық-эстетикалық тұжырым, байлауын көрсетеді.
Қазіргі қазақ прозасының көркем және фантастикалық антропологиялық түрлік ерекшеліктерін жоғарыда қарастырылған Д.Досжанның, Г.Шойбекованың, Т.Шапайдың, М.Қабанбайдың, А.Алтайдыңшығармашылығынан талдап тексердік. Әр жазушының суреткерлік қырын дәстүр мен жаңашылдық арақатынасында ашып көрсетуге тырыстық. Шығарманың көркемдік әлемінде бұрындары тек портреттік жанама сипатга ғана қолданылатын адамның дене мүшелері мен ағзаларының (мәселен: жүрек, бауыр, бүйрек, ұлтабар, шаш, т.б.) қазіргі қазақ прозасында сюжеттік, оқиға желісіне құралып, туындының негізгі өзегі мен шығарма арқауына айналуына баса назар аударылды. Авторлық таным мен кейіпкер характерін ашудағы осы көркем антропологиялық ерекшеліктердің тигізетін әсері мен олардың алатын орнына мән берілді. Сонымен бірге қазақ прозасының жаңаша сипаты виртуальдық, мистикалық сарыңдардың енуімен де ерекшеленетіндігі сараланды. Адам болмысындағы дерексіз ұғымдарды деректендіру арқылы Адам тұлғасының күрделі қайшылығын ашу - виртуальды шығармалардың негізгі өзегі. Бұл дәстүрдің алғашқы арналары қазақ фольклорында, 20-30-жылдардағы Алаш әдебиетінде болғаны рас. Бірақ социалистік реализм әдісінің басымдық алуына байланысты үзіліп қалған. Жаңа ой-сезім еркіндігі арқасында қиял мен шындық синтезі арқылы символдық ой айтуға ұмтылыс тәуелсіздік жылдарыңдағы прозадағы соны жаңалықтардың бірі болып отыр.
Тәуелсіздік тұсындағы шығармалар тек тақырыптық, образдық тұрғыдан ғана емес, көркемдік ерекшелік, поэтикалық стиль тұрғысынан да жаңарып, түлегені байқалады. Жаңа тақырып пен өмір құбылыстарын бейнелеудегі тілдік айшықтар (орнаментальді) арқылы да қаламгерлердің даралық қолтаңбасы айқындалады. Адам және оның өмір сүріп, тіршілік етер ортасындағы заттық әлем арасындағы қарым-қатынасты суреттеу көркем әдебиетте үзіліп қалған үрдіс болатын. Бұл кемшілік, әсіресе, ұлттық әдебиеттерде туған жер, өскен орта, ұлттық ерекшеліктерін тануды тұмшалау салдарынан орын алды.Қорыта келгенде, тәуелсіздік тұсындағы қазақ прозасы жаңа көркемдік белеске көтеріліп, өзгеше өрнек қалыптастыру жолына түсті деп ой түйіндеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет