ТӘуелсіз елдің ТҰЛҒасы



жүктеу 86.93 Kb.

Дата22.12.2016
өлшемі86.93 Kb.

«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰЛҒАСЫ 



 

ӘБДІҚАДЫРОВА Тұрсынай,  

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  

 

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның адамы, оның ішінде жетілген кемелденген 

түрі  «тұлға»  ұғымының  мәні,  мазмұны  мен  болмысы,  адамдар  арасындағы 

қарым-қатынасы,  бойындағы  мәдени  және  рухани  құндылықтары  қандай 

болу керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін біз алдымен жалпы тұлға ұғымына 

тоқталып өтелік7 

Қазақстан  ұлттық  энциклопедиясында  тұлғаға  мынандай  анықтама 

берілген:  Тұлға  –  жеке  адамның  өзіндік  адамгершілік,  әлеуметтік, 

психологиялық  қырларын  ашып,  адамды  саналы  іс-әрекет  иесі  және  қоғам 

мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Тұлға философиялық тұрғыда 

адамды  «адам»  ретінде  тануға,  яғни,  оның  рухани  адамгершілік,  ділдік 

мәдени  қырларына  баса  назар  аударумен  пайымдалады.  Философиялық, 

педагогикалық,  психологиялық,  филологиялық,  социологиялық  және  т.б. 

ғылым  салаларының  тарапынан  берілген  анықтамаларда  «тұлға»  қоғамның 

ең бір құнды бөлігі деп дәлелденеді. 

Психология  –  тұлғаның  өзіне  тән  күш-жігерін,  мінез-құлқын,  психо-

физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді. 

Социологияда  –  тұлға  қоғам  мүшесі  ретінде  қарастырылып,  оның 

әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. 

Қоғамдық  гуманитарлық  ғылымдар  саласының  қай-қайсысында  болсын 

адам  ортақ  мәселе  болғандықтан  да,  олар  тұлға  ұғымын  ортақ  қолданып, 

әрқайсысы  әр  қырынан  зерттеп  таниды  және  осы  ғылым  салаларының 

зерттеу нәтижелерінің өз ара ықпалдастығы мен бір-біріне әсерін анықтайды. 

Психологияда  –  тұлға  өзінің  өмір  жолын  белгілей  алатын,  қайталанбас 

даралық  ерекшелігін  сезінетін  субъект.  Тұлға  адам  ұғымынан  гөрі  нақты 

мағынаға  ие.  Өйткені  адам  тұлғалық  сипатты  иелену  үшін  өз  «менін»  өзге 

«меннен» ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы 

керек.  Яғни  белгілі  бір  мәнді  іспен  айналысатын,  азды-көпті  білімі,  өмірлік 

тәжірибесі,  дүниетанымы  мен  сенімі  бар  адамды  тұлға  деп  атайды.  Тұлға 

бойындағы  адамгершілік  қасиеттің  көрінісі  ар-ұятқа  кір  келтірмеуінен, 

намысын жоғары ұстауынан байқалады [2,525]. 

Тәуелсіз Қазақстанның тұлғасы туралы не айтамыз? 

Тәуелсіз  Қазақстанның  адамы  –  парасатты,  иманды,  елгезек  те 

қаракетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін адам. Ол – адамның 

мәндік  күшінің  шын  бірлігінің  мұратын,  оның  рухани  және  тәндік 

кемелдігінің  мұратын  бейнелейтін  салиқалы,  жан-жақты  дамыған  тұлға 

болуы тиіс. Ал оның жан-жақты дамуы – қоғамдық мәдениет байлығын игеру 

нәтижесінде қоғамның әрбір мүшесінің еңбегі жинақы іске, игілікті әрекетке, 



«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

ал  адамы  іскер  және  шығармашыл  жеке  адамға  айналады.  Бұл  адамды  тар 



өрісті  еңбек  функциясына  басыбайлы,  біржақты  «жарым-жарты»  ететін 

әлеуметтік  еңбек  бөлінісін  жойғанда  ғана  мүмкін  болмақ.  Бұл  бір  адамның 

бойына  бүкіл  және  әртүрлі  еңбек  функцияларын,  мамандықтарын  және  т.б. 

өзіне-өзін  қабыстырып  жинау  арқылы  емес,  адамнан  жоғары  тұрған  дербес 

әкімшілік бақылаушы, бөліп тұрушы және т.б. функцияларды қажет етпейтін 

шын мәнісіндегі адамның жан-жақтылығын дамыту арқылы іске асады. 

Адам  еңбек  процесінде  бұл  функцияларды  өзінің  жинақы  әрекетіне 

айналдырады, сөйтіп жан-жақты және шығармашылық субъектіге айналады. 

Жаңа  кезең  жай  сегіз  қырлылықты  емес,  адам  дамуының  тұтастығын, 

үйлесімділігін  талап  етеді.  Қоғам  дамуының  принципі  әрбір  жеке  адамды 

толық және еркін жетілдіру болып табылады [3,12]. 

Яғни  ешкімнің  бұйрығынсыз  шығармашыл,  үйлесімділікте,  тұтастықта 

толық және еркін дамитын адамды қалыптастыру әр кезеңде үлкен қажеттілік 

туғызып отырған.  

Философия  ғылымдарының  докторы  А.Нысанбаев  өзінің  «Тәуелсіз 

Қазақстан философиясы» атты еңбегінде: «Халықтың өзіндік санасы мәдени 

және  тарихи  тамырдан  ажырауы  мүмкін  емес  және  оның  үстіне,  ол 

жаңашылдық  даму  үдерісіне  бойлаған  берік  мәдени  және  философиялық 

дәстүрге  сүйенбей  дамуы  мүмкін  емес,  сонымен  қатар  дәстүрді  ескермеген 

қандай да бір мәдени жаңалық болуы да мүмкін емес», – деп көрсетеді. 

Біздің пікірімізше, халықтық сана мен дәстүрді бойына қалыптастырған 

тұлға  тәрбиелегенде  ғана  адамзаттың  рухани  биіктерге  өрлеуіне  ықпал 

жасайтын,  Тәуелсіз  Қазақстанның  болашағының  жарқын  болуына  еңбек 

ететін  ұлттық  тұлғаның  қалыптасуын  негіздей  аламыз.  Өткен  тарихи 

кезеңдерде  «ұлттық  тұлғаға»  деген  көзқарас  үстірт  болатын,  тіпті  ұлттық 

деген  сөздің  өзіне  кереғар  пікірлер  айтылып  келді.  Ұлтын  сүйген  ұлдарын 

«ұлтшыл» деп жазалап жатты. Оның бірден бір куәгері – алаш зиялыларының 

атылу  жазасына  тартылуы.  Қазақтың  барлық  рухани  саласында  жазған 

ұлттық мәселелерді батыл көтерген еңбектері мен көркем шығармаларының 

бірден  саяси  репрессияға  ұшырап,  жетпіс  жыл  бойы  қолданыстан  шығып 

қалуын айтсақ та жеткілікті. Тек еліміз егемендікке ие болған ХХ ғасырдың 

соңғы  ширегінде  ғана  халқымыздың  тарихындағы  ақтаңдақтардың  беті 

ашылып,  ұлт  зиялыларының  есімдері  мен  шығармалары  рухани  игілікке 

айнала  бастады.  Ол  1988  жылғы  Қазақстан  Орталық  Комитетінің  арнаулы 

қаулысынан соң ғана жүзеге асты. Халық санасынан сызылып тасталған ұлт 

көсемдері  атанған  ұлы  тұлғалар  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов, 

Жүсіпбек  Аймауытов,  Мұстафа  Шоқай,  Міржақып  Дулатов,  Мұхаметжан 

Тынышпаев,  Мағжан  Жұмабаевтардың  т.б.  ғылыми  педагогикалық  және 

көркем шығармалары әр сала бойынша жазылған еңбектері енді ғана ғылыми 

айналымға еніп жатыр. Осындай жағдайда рухани тарихымыздың ұлылыққа 

толы ұлттық тұлғаларының еңбектерін зерттеп-зерделеу, олардың бойындағы 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

адами қасиеттерін, яғни, әлемді рухани игеруге тырысқан, даналықты жоғары 



көтерген, сөз қадірін басқа құндылықтардан жоғары қоя білген, ұлтын сүйген 

ұлы  тұлғаларымыздың  еңбектерін  жастардың  бойына  тәрбиелік  жолмен 

дарыту,  тәуелсіз  еліміздің  тұғырын  биік  көтеретін  ұлттық  тұлға  тәрбиелеу 

қоғамымыздың  алдында  тұрған  үлкен  міндет  болып  саналады.  Ол  үшін  өз 

қасиеттімізді  әспеттеп,  өмірде  қазақ  болып  туғанымызды  құрметтейтін, 

мақтаныш  тұтатын,  оны  бақыт  деп  есептейтін  ұрпақ  тәрбиелеу  қажеттілігі 

туындайды.  

Егер  біз  мемлекет  болғымыз  келсе,  өзіміздің  мемлекеттігімізді  ұзақ 

уақытқа  меңзеп  құрғымыз  келсе,  онда  халық  руханиятының  бастауларын 

түсінгеніміз жөн, – дейді Н.Ә.Назарбаев [1,13]. 

Халық  руханиятының  және  даналығының  бастауларын  бойына 

қалыптастырған,  «Жеті  атасын  білетін  ер  мен  жеті  ғасыр  тарихын  білетін 

елді»,  мәдениеті  жоғары  деңгейде  дамыған  ұлттық  мемлекетті  басқаратын, 

оның дамып қалыптасуына өз ерік-жігерін қосатын ұрпақ тәрбиелеу, ұлттық 

тұлға қалыптастыру күннен-күнге беки түсіп, қажеттілік туғызып отыр. 

Ал, адам тұлға болып туылмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып 

қалыптасады, ол әлеуметтену жағдайында әрбір ұлттың ұлттық ерекшелігіне 

деген  жауапкершілігін,  қоғамдық  және  адами  қарым-қатынастар  жүйесін 

енгізуді  тереңдете,  жетілдіре  түскенде  ұлттық  қасиеттерді  бойына 

қалыптастырған ұлттық тұлға тәрбиелей аламыз.  

Елін сүйген әрбір ұлт, ұрпақ – ұлтының ұлттық қасиетін, салт-дәстүрін, 

табиғи  мінез-болмысын  қадірлеп  өскені  жөн.  Айталық,  қазақтың  рухани 

дүниесі,  әдебиеті,  өнері,  мәдениеті,  тарихы  бай  халық.  Қазақ  –  солардың 

бәрін жазу-сызуы болмаса да жадында сақтап, бүгінгі ұрпаққа сол қалпында 

жеткізген  ұлы  халық.  Шынында  да  қазақ  айтылған  сөзді  ұққан  және  соған 

тоқтаған.  Мұндай  туа  бітті  мәдениеттілік  еш  халықта  кездеспейді.  Әсіресе, 

өлең-жыр  сөздерін  естіген  сәтте  қағып  алып,  қайталап  айта  беретін,  бір 

жаттап  алған  өлеңдерін  қанша  ұзақ  болса  да,  көпке  дейін  ұмытпай  айтып 

жүретін, келесі ұрпаққа айтып жеткізіп отыратын ерекшелігі бар халық. Бұл 

–  оның  сана-сезімінің  сергек,  жадының  мықтылығын  көрсетсе  керек.  Бұл  – 

халықтың өркениеті мен өмір-тіршілігіне, сөзқұмар, ақынжанды, құймақұлақ, 

т.б  қасиеттеріне  байланысты  қалыптасқан  ерекшелік  болса  керек.  Атадан  – 

балаға,  ұрпақтан  –  ұрпаққа  ауысып  отырған  ақындық  қасиет,  жалпы  қазақ 

жадының  басқа  елден  ерекше  болып  қалыптасуына  игілікті  әсерін  тигізген 

салт-дәстүрі,  оның  рухани  ұйытқысы  болып  саналады.  Еуропа  елдері  бұл 

жөнінде алып тұлға ретінде Гомерді атайды. Қазақ халқы жадында 1 миллион 

өлең  жолын  сақтап,  жатқа  айта  білген  жыр  алыбы  Жамбылды  атап  келеді. 

Ал,  қазақ  халқының  ресми  жазба  тарихы  қытай,  араб,  түркі,  т.б.  елдерде 

сақталғаны  белгілі.  Міне,  осынау  мол  рухани  байлық  ұлт  тұлғаларын 

тәрбиелеуге орасан зор үлес қосқаны анық. 



«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

Көрмеген қорлығы жоқ қазақтардың бір басынан өткерген қасіреттердің 



бәрінде тәуелсіздік жолында табанды күрескен ұлт ұрпақтары да осы рухани 

бай мұрамыздан тәлім алған, елін сүйетін нағыз ер – ұлт тұлғалары екендігін 

ешқашан  естен  шығара  алмаймыз.  Айталық,  1916  ж.  ұлттық  көтерілісте 

қайтыс  болған  150  мың  жазықсыз  қазақ,  1917  ж.  құрылған  тұңғыш  Қазақ 

Алашорда  ұлттық  мемлекетінің  жойылуы,  1918-1922  жылдары  азамат 

соғысында 800 мың ер-азаматтың шейіт болуы, 1928-1933 жылдары күшпен 

коллективтендіруде  2  млн. 300  мың  адамнан  айрылуы,  1931-1933 жылдарда 

жасанды аштықтан 615 мың адамның қырылуы, 1937-1938 жылдары 25 мың 

қазақ  зиялысының  атылып,  жер  жастануы,  1917-1940  жылдары  қазақ 

әліпбиінің  үш  рет  өзгертілуі,  1941-1945  жылдары  Ұлы  Отан  соғысында  350 

мың  қазақтың  опат  болуы,  1949-1990  жылдар  арасында  Қазақстанда 

жарылған атом бомбасынан (26 рет жер бетінде, 87 рет атмосферада, 354 рет 

жер  астында)  күні  бүгінге  дейін  азап  шегіп  келе  жатқан  халық.  Сонымен 

қатар,  1956-1980  жылдар  арасында  мыңнан  астам  қазақ  мектептерінің 

жабылуы, т.т. фактілерді тізер болсақ, осынау зұлмат замандарда ең бірінші 

болып, халықты оятқан, санасын серпілткен, елді ерте білген ұлт тұлғалары 

болды.  Өздері  шейіт  кетсе  де  ұлтының  мүддесін  қорғады.  ”Мың  өліп,  мың 

тіріліп”  жер  бетінен  аман  келе  жатқан  қазақ  халқы  қашан  да  сол  ұлт 

көсемдеріне тағзым етеді. 

1991 жылында алған Тәуелсіздік қана қазақ елін кейінгі 70 жыл ішіндегі 

сталиндік  зұлматтан,  голощекиндік  жасанды  аштықтан,  ”коммунизмді 

орнату”  жылдарының  кесапаттарынан,  490  рет  жарылған  атам  бомбасынан, 

жөнсіз жыртылған тың жер мен сұраусыз бұрылған су зардаптарынан (Арал 

тағдыры),  мұрағаттардың  тұңғиығында  жасырынған  ақтаңдақтардан,  т.б. 

құтқарды. Бүгінде сол ұлт тұлғаларының тіл, жер, мәдениет, өркениет, тарих 

т.б.  рухани  салаларда  айтқан  салиқалы  сөздеріне,  өнегелі  өсиеттеріне 

сүйенген қазақ  зиялылары  ел  мен жер, халық  мүддесі  жолында қызмет  етіп 

келеді.  Аристотельден  Абайға  дейінгі  және  олардан  кейінгі  дүние  жүзі 

ойшылдарының  еңбектерін  бірнеше  рет  парақтап  шықсақ  та  тірелетініміз  – 

тұлға яғни адам мәселесі. Оның өзін-өзі тануға, ғаламдағы орнын анықтауға, 

бір-бірімен  қарым-қатынасын  реттеуге  арналады.  Себебі  дүниедегі  барлық 

жақсылық  та,  жамандық  та  онымен  байланысты.  Кез-келген  қоғамның  өсуі 

де, өшуі де адам қолынан жасалып келеді. Болашақтың жарқын болуы үшін 

адамдардың  психологиясын,  сана  сезімін,  мінез-құлқын,  дүниетанымын, 

бағыт-бағдарын өзгертуден бастау керектігіне ғұламалар мен ұлт зиялылары 

тоқталып, амалын іздеп шарқ ұруда. Адамды рухани құндылықтар негізінде 

жетілдіру  қоғамды  төте  жолмен  жетілдірудің  бірден-бір  жолы  екендігі 

ертеден анықталған ақиқат.  

Осыған  орай  мынандай  мәселелер  туындайды.  Ұлттық  рухани 

құндылықтарымыздың  қатарына  нені  жатқызамыз?  Ұлттық  діліміздің  өзге 

отандастарымызды  еліктіретін,  сөйтіп  бірегей  халық  болып  ұйысуға 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

жәрдемдесетін  қандай  қадір-қасиеті  бар?  Мінез-құлқымыздағы  жағымсыз 



әрекеттер  қайсы?,  –  деген  сұрақтарға  философ  Ә.Нысанбаев  өзінің  «Адам 

және  ашық  қоғам»  атты  еңбегінде:  «Біріншіден,  қазақ  халқы-табиғатынан 

қиналғанға  қол  ұшын  беруге  даяр  тұратын,  ізгілікке  жаны  құмар  гуманист 

халық;  екіншіден,  ізеттілік  яғни,  үлкенді  сыйлау,  кішінің  көңіліне  қаяу 

салмау  –  атадан  балаға  келе  жатқан  асыл  қасиеттеріміздің  бірі;  үшіншіден, 

қоғамның кішкентай ұясы түріндегі отбасындағы ынтымақ-аға ұрпақ пен жас 

ұрпақ 

арасындағы 



келісім. 

Ата-ананы, 

аруақтарды 

құрметтеу, 

жақындарының  арына  кір  жұқтырмау;  төртіншіден,  досқа,  ағайынға,  ұлтқа 

адалдық;  бесіншіден,  қазақ  еркіндікті,  әсіресе  ой  еркіндігін,  жеке  басының 

бостандығын,  ешкімге  бағынышсыздықты  жоғары  қоятын  халық»,  –  деп 

жауап береді [9,82].  

Ары  қарай  ол  өз  пікірінде  бізде  жаңа  экономикалық  элитаның,  яғни, 

рухани-мәдени  элитаның  да  қалыптасып  келе  жатқандығын,  олардың  тек 

ұлттық  тілі  мен  дінінен  ажырамай  дәстүрлі  мәдениетіміздің  үдерісінде 

жетілуінің  қажеттілігіне  де  терең  тоқталады.  Сұңғыла  ақылмен  кез-келген 

қоғамның ілгері дамуына ықпал ететін, парасат иелерінің қалыптасуын үлкен 

мәселе  етіп  көтереді.  Сол  парасатты  адамның  (бізше  ұлттық  тұлға)  өз  ойын 

еркін  білдіруіне  немесе  бұл  ойдың  дер  кезінде  ықпалды  күшке  айналуына 

мүмкіндік 

беретін 

әлеуметтік 

алғышарттарды 

(демократиялық 

бостандықтардың,  материалдық  тәуелсіздіктің,  сындарлы  пікірді  түсініп, 

қабылдауға әзір әлеуметтік ортаның т.б.) екінші мәселе етіп қояды. Дәстүрлі 

қазақ  қоғамында  өз  халқының  ағымдағы  хал-жағдайын  ақыл  таразысынан 

өткізіп,  болашағын  болжап,  ілгері  даму  бағытына  ықпалы  мол  болған  ұлы 

тұлғаларына  тоқталады.  Ондай  тұлғалардың  қатарына  Қорқыт  пен 

Тоныкөктен  бастап  салыстырмалы  түрде,  күні  кешегі  Бұқар  мен  Абайдың 

аралығында  талай  дана  бабаларымыздың  туған  халқының  сол  кездегі 

жағдайын, болашақ тағдырын ойлап тебіреніп өткендігін сөз етеді, әрі бұл игі 

қасиеттердің  ұрпағына  үлгі  боларлық  жолын  көрсетеді.  Ғалым  өз  ойын 

ешкімнің  намысына  тимей  жеткізе  алатын,  кімнің-кім  екенін  бағалауға 

қабілетті,  тасқа  басылған  сөздің  бәріне  құдайдың  пікіріндей  сене  бермейтін 

әлеуметтік  ортаның,  парасатты  тұлғаның  қалыптастыру  мәселесін  көтереді. 

Экономикалық  даму,  демократиялық  үдерістердің  орнығуы,  ақпараттық 

желілердің  кеңеюі  бізді  кез-келген  ойды  жұртшылыққа  еркін  айтудың 

үлгісіне  жеткізетіндігін  айта  отырып,  ол  үшін  ешқандай  топтың  мүддесіне 

тәуелсіз, маргиналдық пен көзқамандықтан (космополитизмнен), ақиқат пен 

халық  қамына  (жалпы  адамзат  болашағына)  қалтықсыз  жаны  ауыратын, 

парасат  иесін,  ұлттық  тұлғасының  қажеттілігін  дәлелдейді.  Ондай  зиялы 

қауымына бүгінгі күні не жетпейді деген сұраққа философ ғалым былай деп 

жауап  береді:  «Жетпейтін  нәрсе  көп,  бастыларын  санамалап  айтсам... 

біріншіден, жанкештілік жетпейді. Атақ демей, ақша сұрамай, мақтау күтпей 

ел үшін барлық жолда алаңсыз берілу жоқ. Екіншіден, біліктілік жетіспейді. 



«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

Үшіншіден  ой  еркіндігі,  рух  бостандығы  жетпейді.  Сөз  кезегі  тисе  өз 



жағдайымызды айтып, жылай бастаймыз. Қай заманда қай елдің зиялысы өз 

жағдайын айтып жыланып еді? Зар илесе, өз жағдайын, өз мұңын айтып емес, 

ұлттың қамын жеп, халықтың мұңын жоқтап, елдің болашағын ойлап басын 

тауға да, тасқа да соқпаушы ма еді?», – деп елінің ертеңін, оның тағдыры мен 

болашағын ойлайтын тұлғалардың болымысына тоқталады [9,90]. Елінің өсіп 

өркендеуі үшін жан-тәнін аямайтын ұлттық тұлғаларымыз көп болғанда ғана 

ұлтымыздың тұғыры биік, келешегі кең болмақ.  

Осы  орайда  ұлттың  қамын  жеп,  халықтың  мұңын  жоқтап,  елдің 

болашағын ойлап жүрген өзіміздің арамыздағы ғалым ағамыз әрі әріптесіміз 

Т.Жұртбайдың сіңірген еңбегіне тоқталып өткіміз келеді. Оның ұлтымыздың 

рухани  өміріндегі  толастамайтын  мәдени  саясаттың  мүдделі  және  күре 

тамырлы  бағыты  болып  табылатын  Абайтану  мәселесіне  байланысты 

еңбектерін,  Абай  әлеміне  жан  бостандығы,  рухани  тәуелсіздік,  ақынның 

адамдық,  адалдық  әлемін  өрбіте  жырлауын  алға  тартамыз  (Абай:  жан 

бостандығы немесе рухани тәуелсіздік). Сонымен қатар ғалымның «Ұраным 

–  Алаш!..»  атты  үш  кітаптан  тұратын  зерттеу  еңбегі  зерделі  зерттеулер 

жиынтығы  болумен  қатар,  ойлар  мен  толғаулардың  топтамасы,  білім  мен 

біліктің  тағлымы  болып  табылады.  «Құнанбай»  (Тарихи  және  әдеби  тұлға) 

атты еңбегінде өмірлік шындық пен «Абай жолы» эпопеясында бейнеленген 

көркем шындықты салыстыра отырып, қазақ тарихындағы жетекші тұлғаның 

бірі  –  Құнанбайдың  ұлттық  руханияттан  алатын  орнын  саралай  көрсетеді. 

«Жетінші  қазына»  атты  тарихи  дастандар  жинағына  жазған  алғысөзінде 

ұлтымыздың тағдырлы жылдарындағы жинақталған қазақ руханиятының аса 

құнды, сирек ұшырасатын, көшпенділер әлемінің ең бір шетін де қат, сирек 

кездесетін,  сандықтың  түбіне  ыждаһатпен  жинап  қойған  жәдігерлерін 

жинақтап ұсынады. «Болашақтың байтерегі» атты жинағында Т.Жұртбайдың 

философиялық, лирикалық мәнерде жазылған адамның жан дүние тазалығын 

табиғат сұлулығымен астастыра суреттеуін көреміз.  

Тұрсын  Жұртбай  ұлттық  идеология,  ұлттық  тұлға  жайында  өзінің 

тұғырлы  ойын:  Тәуелсіздік  дегеніміздің  өзі  адамның  санасына  ой 

еркіндігімен енген дүние. Ой еркіндігі жоқ адам жеке тұлға болып қалыптаса 

алмайды.  Осы  сәби  сананы  ұлттық  жүйеге,  қоғамға,  саясатқа  т.б. 

орайластыра  пайдалануға  болады.  Негізі  жоқ  идеология  ешқашан  үгіт-

насихатпен іске аспайды. Мықты ұлттық идеология бір тамырға бекуі тиіс, – 

деп түйіндейді.  

Ал,  тәуелсіздік  туралы  ойын  төмендегіше  түзеді:  Қазақтың  бүкіл  өмірі 

ерліктен  тұрады.  Соның  бәрі  тәуелсіздік  жолында  жасалды.  Айталық, 

қазақтың  алдағы  жолын  айқындап,  көсегесін  көгертпек  мақсатпен  бас 

біріктірген Алаш зиялылары, беріде атойлап шыққан қазақ жастары өздерінің 

атақ  абыройын  арттыру  мақсатында  алаңға  шыққан  жоқ.  Олар  туған-

туысының,  ағайынының  абыройын  ойлап  емес,  ең  алдымен  елдің 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

болашағына  алаңдады.  Соққыға  да  жығылды,  түрмеге  де  жабылды, 



қудаланды.  Міне,  сол  ерліктердің  ешбірі  ұмытылмауы  керек.  Қазіргі  күні 

қазақ  Тәуелсіздіктің  туын  желбіретіп  отырса,  ол  сол  кездегі  жалынды 

жастардың арқасы. Дәл қазір өткен жолы мен бұлтарыстары көп бұрмаланған 

тарихымызды басқа қырынан танитын кез келді. Ұлтжандылық – ұлы ұғым, – 

деп  ұлттық  құндылықтарымызды  дәріптеп  оның  оңайымен  келмегендігін 

дәлелді етіп айшықтайды.  

Бұл  айтылған  жүрек  жарды  сөздерден  ұлтының  ұлылығын  ұлықтаған, 

ертеңі  мен  болашағына  алаңдаған,  Тәуелсіздіктің  тұғырының  мәңгілік 

болуын  қалаған,  кеше  мен  бүгінді  байланыстыра  бағалап,  бағамдаған,  ұлт 

тарихының  белесті  тұстарын  таразылай  білген  ұлт  тұлғасының  болмысын 

көреміз.  Ол  –  уақыт  пен  кеңістік  тұстарды  шынайы  бейнелей  білген,  ол 

жолда  өзі  де  тынбай  еңбек  етіп  жүрген  Тәуелсіз  елдің  ұлттық  тұлғасы 

екендігін  танимыз.  Ғалым  тұлғасынан  алаш  мұраты  мен  мирасын  анық 

байқалады 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Философия тарихы. 14том. –Алматы,  

  2006.-460 б. 

2. 


Қазақстан 

ұлттық 


энциклопедия. 

Бас 


ред. 

Б.Аяған. 

«Қазақстан 

энциклопедиясының»        Бас редакциясы. – Алматы, 2006.- 704 б. 

3.  Философиялық  сөздік.  Редкол.  Р.Н.Нұрғалиев,  Ғ.Ғ.Ақмамбетов,  Ж.М.Әбділдін 

ж.б. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1996.- 525 б. 

4. Т.Жұртбай. Алаш ақиықтары. 2007. 

5. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 2-том.-Алматы,  

2005.-  476  б.  «Мәдени  мұра»  Мемлекеттік  бағдарламасының  кітап  сериялары.  Бас 

редакцияның алқасы. Тасмағанбетов И.Н.-бас редактор. 

6. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 5-том.-Алматы,  

2005.-  429  б.  «Мәдени  мұра»  Мемлекеттік  бағдарламасының  кітап  сериялары.  Бас 

редакцияның алқасы. Тасмағанбетов И.Н.-бас редактор. 

7. Т.Сарсенбаев. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. -Алматы, 1990.- 47 б.  

8. Т.Сарсенбаев. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. -Алматы,  

2000.-86 б.  

9. Т.Сарсенбаев Адам және ашық қоғам. -Алматы «Қазақ энциклопедиясы»,  

1998.-272 б. 



10. Т.Жұртбай. «Ұраным – Алаш!..» 1, 2 кітап. 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал