Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның «ерік бостандығы» тұжырымдамасы Ерікті актінің құрылымы. Ерік және тұлға



бет2/6
Дата15.04.2023
өлшемі26,73 Kb.
#82660
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ò?óåëñ³ç ?î?àìäà?û ò?ë?àíû? «åð³ê áîñòàíäû?û» ò?æûðûìäàìàñû Åð³ê


Еріктік амал кезеңдері: Мақсатты аңғару. Қандайда қажеттілік өз түсінік деңгейіне орай құмарлық немесе тілек сипатын алады. Туа бастаған қажеттілік адам санасына күңгірт, бұлыңғыр құштарлық түрінде бейнелейді. Оның күңгірт болатындығы оған қажеттілік әлі аз, оның сигналдары мида айқын бейнеленбейді. Қажеттіліктің арта тусуіне қарай құштарлық тілекке айналады. Еріктік амалдың бастамасы - тілек деп атайды. Бір нәрсені тілеу дегеніміз - не мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатының білдіру (жазу, біреулерге немесе өзіне айту арқылы). Тілек дегеніміз мұрат түрінде өмір сүретін (адам миында) қажеттілік мазмұны. Тілек әрекетке мотив (іс-әрекетке ү түрткі) болуы мүмкін. Тілеу - бұл алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіру кезеңі. Әрқандай қылықтың түрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын тілек сараптталып, бағаланады; Тілек іс әрекет түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіліктің айқындығымен ерекшеленеді. Әр қилы қажеттіктер маңызының өзгеріске келуінен адамда түрткілер күресі басталалы. Бұл талас - тартыстың мәні; әлі бастамаған әр түрлі әрекеттердің оң не теріс тараптарын, қай жағдайда қандай әрекетке кірісу қажетгілігін таңдауға бағытталған адамның талқылау ісінің жүруі. Түрткілер таласы жағдайына адам үлкен толғанысқа келіп, өз санасы мен сезімінің, қарабасы мен қоғам мүдделері арасындағы қарама - қарсылықтарды жеңе алмай, өз «қалауы» мен сырттан қойылған міндет «талауына » түседі. Түрткілер тартысының қорытынды сатысы шешім қабылдау болады.





2. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі


Шешім қабылдау — бұл мәселені түсінуді, адекватты мақсаттарды бекіту және осы мақсатты іске асыру үшін құралдарды таңдауды болжайтын күрделі ой процессі. Өкінішке орай, айтылған бұл процесс сыртқы орта жағдайлары мен жоғарғы басшылардың қысымының салдарынан жиі жағдайда стихиалы түрде жүреді. Сондықтан до оның іске асырылуы күрделі жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет