Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның «ерік бостандығы» тұжырымдамасы Ерікті актінің құрылымы. Ерік және тұлға



бет1/6
Дата15.04.2023
өлшемі26,73 Kb.
#82660
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ò?óåëñ³ç ?î?àìäà?û ò?ë?àíû? «åð³ê áîñòàíäû?û» ò?æûðûìäàìàñû Åð³ê


Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның «ерік бостандығы» тұжырымдамасы
1. Ерікті актінің құрылымы.
3. Ерік және тұлға.

Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқын саналы реттеу қабілеті, өзінің барлық күшін қойылған мақсатқа жетуге бағыттауды білдіретін ұғым. Ерік – іс - әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс - әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктік іс - әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс - әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған. Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау болып табылады. 

Еріктік іс- әрекеттердің құрылымы:

  • Саналы мақсаттардың қойылуы (құмарлық, тілек, талпыныс);

  • Шешім қабылдау (мотивтер күресі, басқа талпыныстардың пайда болуы);

  • Жоспарлау және ұйымдастыру (тәсілдер мен құралдарды таңдау, орындаудың бірізділігін орнату, ішкі және сыртқы кедергілерді есепке алу), орындау.

  • Мотивтердің ішкі күресі еріктік акттің пайда болуы мен іске асу шарты ретінде көрінеді.

Ерікті әрекеттермен амалдар мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Басқаша айтқанда ерікті амал - бұл мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет. Бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс. Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан көрініп отырады. Бірақ жүру, көбейту кестесі келеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс адамдармен сөйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Бұл әрекеттер мақсатты, бірақ олардағы ерікті талап ететін сәттер елеусіз. Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен, оларды орылдау кезінде бастан кешетін толғаныстардың болуымен сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет