Тәуелсіздік - ел тірегі! Мақсаты: Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту,туған елге деген сүйіспеншілігін,патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Балалар әуенмен залға кіреді,қонақтармен амандасу.
Қазақстан Республикасының әнұранын орындау.
Жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын,айналайын,жас өркені халқымның.
Жүргізуші: Бәрі де сенің Отаның,
Бойыңды биіктететін
Рухына балап атаның
Өлгенше сүйіп өтетін
-ҚР қандай мемлекет?
-Тәуелсіздікке биыл неше жыл?
-Қазақстан туралы не білеміз?(Дұрыс әрі тез сұраққа жауап беру)
1.Біздің мемлекет қалай аталады?
2.Ел басшымыз кім?
3.Бас қалаңды ата.
4.Ұлтың қандай№
5.Сен тұратын ауыл қалай аталады?
6.Қай тіл мемлекеттік тіл?
7.ҚР рәміздерін ата.
Келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік
Әмина Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Сағира Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым.
Айнұр Түсті бақыт жолына,
Менің Қазақстаным
Саяна Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім- Елтаңбам!
Бекарыс Көк байрақ, көк аспан,
Алтын күн нұр шашқан,
Әлемге танылған.
Тәуелсіз Қазақстан
Біздің қыздарымыздың қазақ биін тамашалаңыздар!
Би: «Қазақ биі» Келесі кезекті балаларымыздың тәуелсіздік күнімізге арналған тақпақтарына берейік.
Айару Тәуелсіздік таңын сүйем,
Күн шуағы төккен күн.
Елім менің, жерім менің.
Баққа қолы жеткен күн
Қаламқас Қазақ жері сәніміз,
Мәуесі мол бағымыз
Саясында жетілер,
Балдай бала шағымыз