2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды.
2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті.
2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.
2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің Ғылыми-зерттеу институты COVID-19-ге қарсы инактивті вакцина QazCovid-in», саудалық атауы «QazVac» жасап шығарды.
2021 жылы ел егемендігінің 30 жылдығы, жыр алыбы Жамбылдың – 175, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155, күш атасы Қажымұқанның 150 жылдығы, тағы басқа бірнеше тарихи тұлғаның мерейтойы кең көлемде атап өтілді.
2022 жылы Қазақстан Республикасы кезектен тыс президент сайлауы өтті.
2022 жылғы атаулы даталар: Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл. Қазақтың соңғы ханы Кенесарының туғанына 220 жыл. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл. Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл. Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл. Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы.