Тәуелсіздік кезеңіндегі әҢгімелер: идеялық- тақырыптық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата05.12.2022
өлшемі0,67 Mb.
#54867
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
- [#898323]-1643723

3. 
XXI 
Ғасырдағы 
Қазақ 
Әңгімесінің 
Жалпы 
Тенденциясы 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ прозасының 
біршама тоқырап қалғаны рас еді. Әрине, бұл кезеңдерде 
алдыңғы буын өкілдер болды. Бірақ, олардың да қаламдары 
біршама тосылып, жаңылыңқырап қалған жайы бар. Бұл 
кезеңдерде нағыз жаңалыққа, еркіндікке жаны құмар жазушылар 
ғана өз биіктерін ұстап қала алған. Қазақ әңгімелерінің көркемдік 
деңгейін көтеруге Ш. Мұртаза, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Б. 
Нұржекеұлы, Т.Нұрмағамбетов, Қ. Түменбай, Ә. Тарази сынды 
қаламгерлер үлес қосты. Осылардан кейінгі толқын әдебиетке 
кешеуілдеп келді. Өйткені, алдыңғы буын ағалардан жол күтті. 
Ал алдыңғы буын біршама жолын салып та берген еді. Әдебиетке 
кеңес өкіметі тұсында келіп, сол кезеңде қалыптасқан 
жазушылардың көтерген және көтеріп жүрген жалпылама 
тақырыптары мыналар: кешегі өкіметтің жауыздығы мен 
жалғандығы, 
біршама 
деңгейдегі 
культтік 
тақырыптар, 
тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі халық басынан кешкен 
қиыншылық, біршама деңгейдегі тарихи тақырыптар. Бірақ, 
мұның өзінің астарында кешегі өкіметке, патшалық ресейге деген 
ашық қарсылық пен жеккөрініш жатады. 
М.Мағауин әңгімелеріндегі айшықты прозаның ерекшелігі 
− композициядағы ішкі ырғақтың жасалымынан байқалады. 
Мысалы: “Коммунизм! Не ішем, не кием демейсің. Жаппай 
теңдік. Бәрі ақылды. Бәрі білімді. Бәрі – бір тілде сөйлейтін бір 
ұлыс өкілі. Капитал әлемі қирап, аштан өліп жатқан кезде жер 
шарының алтыдан бір бөлігінде – Совет Одағында осындай 
пейіш орнамақ” (Мағауин, 2007: 41). Бұл әңгімеде еліміз 
тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ өмірінінің көрінісі суреттеледі. 
Яғни, қаншама жыл шайқалмастай болған кеңес қоғамының, 
“Коммунизм” идеясының елесін аңсаған қазақ қоғамының 
бейнесін көре аламыз. 
Т.Нұрмағамбетовтің 
шығармаларындағы 
“иіс” 
аса 
маңызды, “Туған үйдің түтінінің иісі”, “Ата қоныстың, кіндік 


TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Б. Көрегенова, Г. Ж. Болатова 
70
қаны тамған жердің”, “жалғыз ұлдың иісі” атрибут ретінде 
алынады. Баланың иісі, әке үйінің иісі (нан, ананың киімі, оның 
қабірінің бір уыс топырағы) − бұлардың барлығы кейіпкер жан 
дүниесінің тереңіне бойлап, көмескіленген анаға, туған жерге 
деген махаббатын қайта жаңғыртады. 
Еліміздің егемендік жылдарында Шерхан Мұртазаның 
қаламынан “Тәуекел той”, “Тортай шалдың есегі”, “Алапар мен 
Динго”, “Шыршаның жыры”, “Сарыала қаз – Феникс”, “Бұршақ”, 
“Жарамазан”, “Тұз кесел”, “Нахал торғайлар”, “Бабаның оралуы”, 
“Шағалалар мен қаңғыбастар”, “Теке бұрқақ”, “Мыңбұлақ” 
сияқты 
классикалық 
әңгімелері 
туды. 
Жазушының 
шығармаларының 
барлығының 
дерлік 
кейіпкерлері 
– 
адамдардың, сонымен қатар үй хайуанаттарының, құстардың, тұз 
тағыларының, яғни тіршілік әлеміндегі әр алуан жан-
жануарлардың символдық сипаттағы іс-әрекеттері мейлінше 
шыншылдығымен, қысқа да нұсқа шымыр қайырымдарымен, 
ішкі жан-дүниеңді шаншып-шаншып алатын өткірлігімен, кейде 
ашынтып, кейде сүйсінтіп жіберетін көркем жинақтауларымен 
баурап алатыны бар. Жазушының табиғаттың тұтастығын 
теңшеген тіршілік атаулыны философиялық тұрғыдан көрсетуге 
баса көңіл бөлетін әңгімелері әсерлі де тартымды. 
Жазушы “Тәуекел той” әңгімесінде тойшыл қазақтың 
қазіргі замандағы бәсекелестікке айналған тойын көрінісін 
Керімқұлды жиынтық образ ретінде алып сынаған. Бұрында ата-
бабамыз өте қонақжай болғанымен, дарақылыққа, бәсекеге, 
ысырапшылыққа, бос мақтанға жол бермеген. Ал қазір қазақ той 
жасау үшін, қарызға батып, аста-төк той өткізеді. Біреуі 
байлығын жаһанға жар салғысы келсе, екіншісі “ұят болмасын”, 
“жұрттан қалмаудың” амалын жасауда. “Алапар мен Динго” 
әңгімесі шығарманың екі басты кейіпкерлердің атымен аталған. 
Динго – австралиялық иттердің тұқымы. Ал Алапар — иттердің 
ергежейлісі, мәстек тұқымы. Шерхан Мұртазаның бұл әңгімесі 
жақсы мен жаманның, күшті мен әлсіздің тартысы, қазіргі 
замандағы 
адамдарда 
табылмай 
жатқан 
жанашырлық, 
бауырмалдық, қамқорлық қасиеттерінің иттердің бойынан 
табылуы. Әңгіменің негізгі идеясы – адамгершілік қасиеттер 
заман өте жойылып бара жатса, адам баласының адал досына 
айналған иттің қасиеті нығайып келе жатқандығында. Қазіргі 
таңда, дүние уақыт өте келе қайтадан кірлене бастағанын 
жайында, зіл сияқты алыптар жойылып, піл сияқты ірілер 
азайғанын, адамдар мен аңдар ұсақталып жатқанын жеткізгісі 
келген. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет