Тәуелсіздік кезеңіндегі әҢгімелер: идеялық- тақырыптық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата05.12.2022
өлшемі0,67 Mb.
#54867
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
- [#898323]-1643723

Қорытынды 
Қазақ қоғамының тарихи бетбұрыстағы кезеңі − тәуелсіздік 
тұсында туған прозалық туындылар табиғаты күрделілігімен 
назар аудартады. Бұрын болып көрмеген тосын көркемдік амал-
тәсілдерге бару арқылы қаламгерлердің көпке белгілі 
жағдайлардың өзін жаңаша суреттеуі жаңа заман оқырманының 
талабынан туып отыр. Әсіресе, ұлттық идеяны берудегі 
әлеуметтік символиканың ролі басымдық алуда. Ұлттық идеяға 
негізделген біршама дүниелер өмірге келді. Қазіргі қазақ 
прозасында қазақ халқының жадын жаңаша толықтырған 
“қасқыр-бөрі”, “ағаш-бәйтерек”, “үй-Отан-туған жұрт” т.б. 
ұғымдар әр қаламгерде әр тарапта көркемдік мән иеленген. 
Көптеген жаңа тарихи оқиғалар, мысалы, Желтоқсан оқиғасы мен 
оның қазақ халқының тағдырындағы қасіретті таңбасы алғаш рет 
зерттеу нысанына алынып отыр. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ 
прозасындағы үлкен бір жаңалық − дін тақырыбы. Бұл – туған 
әдебиетімізде үлкен шектеуге ұшырап, әдебиет ішінен өз орнын 
ала алмай жүрген тақырып. Міне, осындай рухани мешеулік 
жайлаған 
атмосферадан 
кейін 
С.Досанов, 
Т.Ахметжан, 
Д.Амантай, А.Кемелбаева, Д.Рамазан, Е.Әбікен, т.б. қазақ 
қаламгерлері өте жаңашыл, ірі қадам жасады. Қаламгерлердің 
бірқатары – А.Кемелбаева мен Д.Амантайлар өздерінің дінге бет 
бұруын жалған бояулармен әсірелемей, ішкі болмысты таза 
қалпында 
көрсеткісі 
келеді. 
Ал, 
Д.Рамазан 
сынды 
жазушыларымыз дін тақырыбындағы сонылықты Құраннан 
тікелей аударма жасап, ремиссенция әдісіне жүгінеді. Сонымен 
қатар, Құранның ең қадірлі, ірі маңызды сүрелеріне үлкен мән 
беріп, Құранға үстірт мойын бұрмай, үлкен суреткерлікпен қарап 
жазған көркемсөз шеберлері де баршылық. Құран сүрелерінен 
үзінді келтіру арқылы дүниеге келген туындылар − автордың бар 
идеялық-эстетикалық тұжырым, байлауын көрсетеді. 


TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Б. Көрегенова, Г. Ж. Болатова 
76
ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың басындағы 
қазақ прозасы тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің әлем өркениетіндегі 
классикалық үрдістер көрсеткіштерімен деңгейлес сипатымен 
бағалана алады. Қазақ әдебиеті шығармаларының ұлттық 
негізділігін сақтай отырып, әлем әдебиеті арналарымен бірге 
көркемдік дамудың жаңа жетістіктеріне жетуі жаңа әлемдегі 
жаңа Қазақстан мәдениетінің мәңгілік тұғырын нығайта түседі. 
Бұл – қазақ сөз өнері дамуының мәңгілік шығармашылық 
қозғалыстағы жолы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет