Тәуелсіздікті жариялау әлем назары Қазақстанда



Дата27.09.2023
өлшемі1,23 Mb.
#110661
Байланысты:
Қазақстан.28.12.06

Тәуелсіздікті жариялау әлем назары Қазақстанда

1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңды жариялады. Осылайша, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі заңнама тұрғысынан рәсімделді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі басы-қасында болған осы маңызды тарихи оқиғаны өзінің 2017 жылы жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында былайша еске алып және бағалайды: «1991 жылғы сайлаудан кейінгі бірінші жұмыс аптасында, өзім 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол қойған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» заңның мәтінімен жұмыс істедім. Құқықтық тұрғыда әлемнің саяси картасында дәл осы күні жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Осылайша, тарихи әділеттік орнап, бабаларымыздың ұлы арманы орындалды. Бұған дейін декларация түрінде ғана болған мемлекеттік тәуелсіздік енді конституциялық негізге ие болды. Заңдағы 18 баптың біріншісі біздің елімізді ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.

  • 1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңды жариялады. Осылайша, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі заңнама тұрғысынан рәсімделді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі басы-қасында болған осы маңызды тарихи оқиғаны өзінің 2017 жылы жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында былайша еске алып және бағалайды: «1991 жылғы сайлаудан кейінгі бірінші жұмыс аптасында, өзім 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол қойған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» заңның мәтінімен жұмыс істедім. Құқықтық тұрғыда әлемнің саяси картасында дәл осы күні жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Осылайша, тарихи әділеттік орнап, бабаларымыздың ұлы арманы орындалды. Бұған дейін декларация түрінде ғана болған мемлекеттік тәуелсіздік енді конституциялық негізге ие болды. Заңдағы 18 баптың біріншісі біздің елімізді ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.

Әлем жаңа мемлекеттердің қалыптасуына мұқият зер салды. Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқы болып Түрік Республикасы мойындады. Оқиға Тәуелсіздік туралы Заңға қол қойылғаннан кейін бірнеше сағат өткенде жүзеге асты және қазақстандықтар түркі ынтымағының мұндай көрінісін жоғары бағалады. Келесі 17 желтоқсан күні Қазақстанды Ресей Федерациясы, 25 желтоқсанда Америка Құрама Штаттары мойындады. 1992 жылдың 3 қаңтарында бұл ұлы державаларға – Қытай, ал жылдың соңына дейін тағы 102 мемлекет қосылды.

  • Әлем жаңа мемлекеттердің қалыптасуына мұқият зер салды. Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқы болып Түрік Республикасы мойындады. Оқиға Тәуелсіздік туралы Заңға қол қойылғаннан кейін бірнеше сағат өткенде жүзеге асты және қазақстандықтар түркі ынтымағының мұндай көрінісін жоғары бағалады. Келесі 17 желтоқсан күні Қазақстанды Ресей Федерациясы, 25 желтоқсанда Америка Құрама Штаттары мойындады. 1992 жылдың 3 қаңтарында бұл ұлы державаларға – Қытай, ал жылдың соңына дейін тағы 102 мемлекет қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет