«Тұғыры биік Тәуелсіздік» Мақсаты



Дата15.12.2023
өлшемі47,04 Kb.
#139785

«Тұғыры биік Тәуелсіздік»


Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елтаңбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулері арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға ту, шармен кіреді.
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі «Тәуелсіздік» күніне арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
-Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады ? Қазақстан.
- Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
-Еліміздің елордасы қай қала? Нұр-Сұлтан.
-Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың..
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
Нұрдос
Отан- жерім, Отан- суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
Дулат
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен,
Қазақстан – туған ел.
Анель
Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді бағалап
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Аяулым
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің,жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Тәрбиеші: Отанымыз,туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өнуде. Олай болса балалар, «Біздің Отанымыз » әнін бірге тамашалайық
Ән: «Біздің Отанымыз» хормен
Тәрбиеші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің Мемлекеттік туы бар.
-Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
-Туымыздың түсі – көк.
-Иә, өте жақсы. Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады)
Қолдарына ту, елтаңба, шаңырақ суреттері
Амира
Отаным менің Қазақстан.
Туың тұр ғой жарасқан
Жарқырап тұр күніңде.
Қыраның тұр көгінде.
Ұлжалғас
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Кәусәр
Елбасымыз жолдайды
Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды
Назым
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.
Аяулым
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимннің тұр көгіңде шырқалып.

Тәрбиеші: Балалар енді көріністі тамашалайық: «Тәуелсіздік құрбандары»
Міне, балалар тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Көріністе көргендеріңдей тәуелсіздік үшін күресіп Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Спатаев,Ләззат Асанова,
Сабира Мұхамеджан қызы сияқты аға,апаларың құрбан болған.Осы кісілерді
бір сәт еске алып үнсіздік сақтайық.
ӘН: «Қазақстан бақытты»
Тәрбиеші: Бүгінгі тәуелсіздік мерекесіндегі қуанышымызды білдіретін қандай тақпақтар білесіңдер?
Айкөркем
Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу.
Аңсар
Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.
Әлішер
Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.


Ақниет
Он алтыншы желтоқсан 
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт 
Бәрін кешті басынан 
Анель
Тәуелсіздікті елге сыйлаған,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине
Елбасының арқасы.
Амира
Қазағымның туын тіккен –Елбасы,
Ұл-қызынан үміт күткен-Елбасы,
Қазақ елін аялаған –Елбасы,
Қиындықта сая болған –Елбасы.


Тәрбиеші: Қазақ жері – кең байтақ, ұлан – ғайыр дала. Оның табиғаты
алуан түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, көл де, шөл де, аймақ та бар.
Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, көптеп кездеседі. Ал келесі балалардың орындайтын әсем билері де осы жайында.
БИ: «Көк тудың желбірегені» орындайтын қыздар.


Тәрбиеші: Балалар мына «жүрек» шарды алып, шын жүректен апайларға, осы отырған қонақтарға тілек тілейік.Балалар шығып, бір- бір сөзден айтады
-Нұрлы күн болсын!
-Елімізде бейбітшілік болсын!
-Елбасымыз аман болсын!
-Қазақстан гүлдене берсін!
-Ана тілімізді құрметтейік
-Рәміздерді құрметтейік!
-Еліміз, жеріміз бай болсын!
-Деніміз сау болсын!
-Балабақша гүлдене берсін!


-Сіздерге қуаныш, шаттық тілейміз! ХОРМЕН (шапалақтау)
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын, аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін дейміз! Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет