«Жалпы биология негіздері» пәнінің жаратылыстану-ғылыми пәндер жүйесіндегі орны, мақсаты мен міндеттері. Жалпы биология - биологиялық заңдылықтарды, тіршілік әлемінің көптүрлілігін, тірі материяның құрылым деңгейлерін зерттейтін пән
Топсеруен.
Тіршілік әлемінің көптүрлілігімен танысу үшін табиғатқа топсеруен жасау.
1
I бөлім. Жасуша— тіршіліктің бірлігі(14 сағат ).
I тарау. Жасушаның химиялық құрамы (5 сағат).
2.
Цитология пәні және міндеттері.Зерттеу әдістері және олардың басқа биологиялық ғылым салалары мен медицина және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін маңызы.
1
3.
Жасушаның ашылу тарихы.
1
4.
Жасушалық теория — ХІХ ғасырдың ең үлкен жаңалығы. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары. Жасуша тірі организм құрылысының, дамуының және қызметінің негізгі бірлігі.
1
5.
Тірі материяның химиялық құрамының бірлігі. Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия жасушаларының химиялық құрамы. Химиялық элементтер, су және басқа бейорганикалық қосылыстар, олардың жасуша тіршілік әрекеттеріндегі рөлі.
1
6.
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидтер, олардың элементарлық құрылысы, жасушадағы рөлі. Ферменттер, олардың тіршілік процестерін реттеудегі рөлі.
№1 зертханалық жұмыс.
Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі.