ІІІ бөлім. Гүлді өсімдіктердің мүшелері, жемістер және тұқымдар (14 сағат).
I тарау. Тұқым(2 сағат).
10.
Тұқымның сыртқы және ішкі кұрылысы. Тұқымның типтері. Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы.
№5 зертханалық жұмыс.
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу.
1
11.
Тұқымның органикалық және бейорганикалық заттары. Тұқымдағы өсімдік ұрығы. Тұқымдардың алуантүрлілігі. Тұқымдардың өнуі, топыраққа сіңіру тереңдігі. Тұқымдардың таралуы, шаруашылық маңызы.
1
II тарау. Тамыр(3 сағат).
12.
Өсімдіктің вегетативтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы.
№6 зертханалық жұмыс.
Өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың және бидайдың).
1
13.
Тамыр аймақтары: бөліну, созылу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы –тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Тамыр түктері, олардың тамыр және бүкіл өсімдіктің тіршілік әрекеттеріндегі рөлі.
№7 зертханалық жұмыс.
Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау.
1
14.
Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). Тамыр жүйесінің типтері: кіндік және шашақ тамырлар. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың маңызы: өсімдіктің қоректенуі, топыраққа бекінуі, көбеюі, қоректік заттарды қорға жинақтауы. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың түр өзгерістері.
№8 зертханалық жұмыс.
Тамырдың түрөзгерістері.