XX ғ. ғылым
философиясыны
ң дамуы
(постпозитивистік пен классикалық емес кезеңдері)
ХХ ғ. үштен екі жартысы - ғылым
философиясының дамуында
эпистемологиялық мəселелердің өзектілігінің белгісі. Ғасырдың басында
ұсынылған ғылыми білімнің унификациясы оның əлеуметтік-мəдени қалыптасу
себептерімен жоққа келтірілген, верификация мен фальсификация принциптері
бір-бірімен қайшылықта, түбінде логикалық ойлау өзектілігін жоғалтты. Осы
ғылым философияның үшінші кезеңінен тіл
туралы танымның бейтараптық
қаруы деген ұстаным пайда болды; сөйлемдер мен терминдер экспериметтің
нəтижелеріне барабар (бірдей) деп қабылданды. Осы
позицияны керемет
тұжырымдаған, ғылым философиясының постаналитикалық кезеңінің өкілі
Ричард Рорти: «Тілдің ерекшелігі оның тəжірибенің нəтижесін өзгерту де емес,
немесе біздің санамызға жаңа келешекті ашуда емес, немесе бейсаналықты
синтездеу де емес, немесе ішкі өзгерістердің жаңа түрін шығару да емес. Тілмен бірге біз бір-
бірімен дəлелделген тұжырымдар мен пікірлермен алмасу арқылы қоғамға кіруге рұқсат аламыз».
Ғылым философиясының үшінші кезеңі
оның рефлексивтік талдаудың
жаңа тақырыптары мен қоса:
1) ғылымның
мағыналық
талдаудан
А. Пуанкаренің
ұсынған
конвенциализм принципімен бірге ғылым тілін талдауға қадам жасалды, жəне
тілге бір ортақ өлшем - унификация - яғни символикалық логиканың күшімен,
физика тіліне негізделіп бəріне
лайық тіл қалыптастыру
;
2) неопозитивистермен ұсынылған ғылым тілінің анализі ғылым
философиясының үшінші кезеңінде үстемді болды, сол
себепте осы кезең
аналитикалық атау алды. Ғылым тілінен «ғылыми емес пікірлер» жойылып,
ғылым өзі физика тілінің негізінде қатал нормативті, унификациядан өткен
зерттеулер
жасайтын болды;
3) өзекті түрде ғылыми зерттеудің логикасы туралы мəселе қосылған соң,
Поппердің ғылыми білімнің өсуі деген концепция маңызды орын алды. Ғылым
тілінің талдау бағдарламасы, «лингвистикалық бұрылыс» Вена ұжымының
қызметінде айқын көрсетілген; бұл ұжым 1922 ж. Вена университетінде Мориц
Шликпен (1882-1936 жж.) индуктивтік ғылымдардың
философиясы атты
кафедраның шеңберінде өткізілген ғылыми семинардың негізінде құрылды.
Зерттеушілердің пікірінше, Вена ұжымы үшін қасиеттілік аргументке берілген
(ағыл. «қатал пікір талас»). Осында біз фальсификация қағидасының бейнесін
табамыз.
Осы кезеңде бақылаудың нəтижелері əлі бірінші орынды сақтап қалды;
таным процесі фактілерді
жинау мен аңғарудан басталады; ол логикалық
позитивизмнің дискурсында хаттамалық пікір (ұсыныс) деп аталған.
Вена ұжымы деген атау М. Шликпен Г. Рейхенбах арасындағы
А. Эйнштейннің ықтималды теория туралы дискуссияның нəтижесінде
пайда
болды. Людвиг Витгенштейннің «Логикалық-философиялық трактатын» (1921)
талдауы да осыған үлес қосты