Тыңдалым-Айтылым Мағжан Жұмабаев



Дата09.11.2022
өлшемі12,22 Kb.
#48925
Байланысты:
№ 5 тапсырма тыңдалым


Тыңдалым-Айтылым


Мағжан Жұмабаев - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Ол 1893 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында туған. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі – Бекен. Саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауат ашқан. 1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) мешіт медрессесінде оқыды. Онда ол Фирдоуси, Хафиз, Омар һайям, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Мағжан Жұмабаев – суреткер ақын. Ол сөзбен сурет салуда өте шебер. Мағжан - өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ақынның шығармасы өте бай, өте көркем тілде жазылған. Оның «Мен жастарға сенемін» , «Қазақ тілі» , «Сағындым» , «Туған жер», «Ана» деген танымал өлеңдері бар. Мағжан Жұмабаев 1938 жылы халық жауы деген саяси жала жабылып, жазықсыз атылып кетті. Еліміз тәуелсіздік алған соң Мағжан Жұмабаевтың ақталып, бүгінгі күні оның өлеңдерін жас ұрпақ сүйсініп оқиды. Оның жырларында адамға жігер беретін жалын бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет