Тыңдалым дағдыларын қалыптастыру әдістемесі



Дата14.05.2022
өлшемі227,57 Kb.
#34387
Байланысты:
Арықова Әсел ә.о 2

Тыңдалым дағдыларын қалыптастыру әдістемесі

Орындаған:Арықова Әсел

Топ:ПМНО-109

Жоспар:

1.Тыңдалым туралы түсінік

2.Қатысымдық дағдылардың ішкі заңдылықтары

3.Тыңдалым дағдысының Әдебиеттік оқу пәнініде жүзеге асыру әдістемесі


Тыңдалым төрт тілдік дағдылардың бірі. Оқылым сияқты ол да қабылдаушы дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Ол үшін біз контекстіні, тілді және әлем туралы білімді пайдаланамыз. Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.

Тыңдалым түрлері:

Әңгімелесу(диалог)

әндер


әңгімелер(оқиға)

нұсқау(инструкция)

лекция және жарнама және т.б

хабарландыру


Тыңдалым дағдылары бірнеше ішкі дағдылардан тұрады:


Мазмұнын түсіну үшін тыңдау – жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау.

Нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау - тыңдалымдағы қажетті ақпараттарды алу үшін тыңдау. Мысалы, теміржол вокзалында өзіңізге қажет уақытты немесе пойызды білу үшін сол ақпаратты ғана тыңдайсыз, басқа ақпаратты қажет қылмайсыз.

Детальді түрде тыңдау- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін әрбір сөзін зер салып тыңдау, түсіну. Мысалы, маңызды жаңалықтарды айтып жатырған кезде оны дұрыс түсіну үшін әрбір сөзін мұқият тыңдап шығасыз.

Экстенсивті тыңдалым - үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды(роман, әңгіме) тыңдау

Интенсивті тыңдалым – сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы мақсат оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.

Cөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау – сөйлеушінің көңіл-күйін не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау

Тыңдалымға арналған сабақ жүйесінің мысалы:

1.Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.

2. Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.

3. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіре отырып, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.

1)«Құмырсқа мен Қарақоңыз» мысалын түсініп оқы. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді. Мәтіндегі оқиға қатысушыларын ата. Құмырсқаның жақсы оқуының себебі неде екен? Қарақоңыз неліктен уақыт кестесін дұрыс жасай алмады? Өзің уақыт кестесін қалай жасар едің?

2)Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді.



3)Өз уақыт кестенді құрастыр.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет