Тыңдалым әрекетін меңгерту және бақылаудың маңызы көпеш Күлән Бейсенбайқызы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата18.05.2022
өлшемі135,7 Kb.
#34940
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Күзекова конф The articls Kopesh 2015-03-30



ТЫҢДАЛЫМ ӘРЕКЕТІН МЕҢГЕРТУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДЫҢ 
МАҢЫЗЫ

 
Көпеш Күлән Бейсенбайқызы 
Назарбаев Университеті, оқытушы 
Астана, Қазақстан 
kkopesh@nu.edu.kz 
Аннотация 
Мақалада сөйлесім әрекетінің маңызды бір түрі, соңғы кезде көп қарастырылып жүрген 
және қазақ тілі сабақтарында кеңінен орын алған тыңдалым әрекетін меңгерту және 
бақылаудың маңызы туралы айтылады. Өзге тілді аудиторияда тіл үйренушілерге 
тыңдалымды меңгерту арқылы тілдік қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін дамытып, тіл 
үйренуге деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыруға болады. Тіл 
үйренушінің тыңдалған ақпаратты қабылдауы, есте сақтауы мәтін мазмұнының 
ақпараттылығы мен композициялық құрылымына, сондай-ақ мәтін көлемі мен айтылу 
уақытына байланысты. Аудиомәтінде негізгі ойды білдіретін фактілер мен 
дәлелдемелерден тұратын ақпараттың болуы, белгілі бір шешімі бар мәселенің болуы
айтылған ойдың логикалық жүйелілігі және соңында мәтіннің мазмұнын ашатын 
қорытындының берілуі – мәтіннің әдістемелік талапқа сай екенін көрсетеді. Жалпы 
мәтіннің мазмұны тіл үйренушіге түсінікті болып, тіл үйренуші оны сөйлеу үдерісінде 
қолдана білу керек. Мәтіндегі таныс емес сөздер 2 пайыздан аспаған жағдайда, тіл 
үйренуші оларға назар аудармай, мәтінде айтылуға тиісті негізгі ойды меңгеруге 
тырысады. Тыңдалымды меңгертумен қатар оны бақылау, бағалау қатар жүріп отырғанда 
ғана жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз.
 
Abstract 
The paper covers an important type of speaking skill – teaching and evaluation of listening
which is widely used on kazakh language classes 
nawadays. 
Teaching a language to non-native language learners through listening develops communication 
possibilities as well as raising their interest, motivation and activeness. 
The learners' comprehension and memorizing of listening material depends on content and 
compositional structure of the text as well as its length and timing.
The presence of the information with facts and proves supporting the main idea, a problem with 
certain solution, logical structure and resolving conclusion in the end of the audio text are main 
requirements to meet the methodical criteria.Overall, the text should be comprehensible to 
language learners so that they can use the abstracts when speaking. If unknown words in the text 
are less than 2 percent, a language learner can ignore them and try to understand the main idea. 
The result of our work can be observed only when listening is comprehended, analized and 
evaluated simultaneously.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет