Тыңдаушының өз бетінше жұмысы (ТӨЖ) Тапсырма Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған онлайн-тренажермен жұмыс істеу. http://assessment.cpi-nis.kz
Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасу деңгейін бағалауға арналған онлайн-тренажер
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының "Педагогикалық өлшеулер орталығы" филиалы он төрт жасар оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасу деңгейін бағалауға арналған онлайн-тренажер әзірледі (http://assessment.cpi-nis.kz).
Онлайн-тренажер базасы үш бағыт (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, жаратылыстану сауаттылығы) бойынша қазақ және орыс тілдерінде 240 контекстік тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар PISA талаптарының негізінде қазақстандық контекстік материалды пайдалана отырып әзірленді.
Әр тапсырмадан кейін дағдыларды бекіту үшін тест тапсырушыға тапсырманы орындау бойынша ұсыныстармен кері байланыс беріледі. Сонымен қатар, онлайн-тренажердің мазмұны тапсырмалар жинағы түрінде жарияланды.
Пәннің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына сәйкес білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тапсырмасын әзірлеу.