Қалыңдыққа орындауға тиісті міндеттер



Дата16.01.2023
өлшемі20,93 Kb.
#61475

Ағылшындықтарда тағы бір қызықты мынандай салт-дәстүр бар. Тойға келіннің 10 құрбысы мен күйеу жігіттің 10 құрдасы міндетті түрде күйеу жігіт пен қалыңдық киімін киіп шығады. Яғни ағылшындықтардың діни- сенімі бойынша, жаман ниетті жын шайтан 10 жұп ішінен нағыз күйеу жігіт пен қалыңдықты таба алмайды және өз жаман ниетін жүзеге асыра алмайды екен. ХVІІ ғасырда тойларда қалыңдық әртүрлі түстердегі киімді киетін болған. Ал Англия ханшайымы Виктория алғаш рет тойға ақ көйлек киген. Содан бастап ақ көйлек кию дәстүрлі түрде жалғасқан. Ақ көйлек пәктікті, тазалықты білдіреді. 

Ағылшындарда ең көне әрі қоғамдық дәстүрі"чаепитие"(қазақша баламасы- шай ішу) деп аталады. Бұл дәстүр ерекше құрметпен орындалады, шығыс елдерінен кем емес. Бұл жақта үнді шайы мен қытайдың ұсақ дәрежедегі шайы көп қолданылады. Ал өздерінен шығатын өте ерекше аралас шайды жолға шыққанда, таза ауаға, серуенге шыққанда өздерімен алып шығады. Шайды таңғы аста, жұмыста, үйге келген кезде ішеді, бірақ кешкі астан кейін шай ішуге болмайды.
Ағылшындықтар "Ескі- демек сенімді. Ескі сөзі күмәнсіздікті білдіреді. Жаңа ой- күдікті, жаңа технология- сенімсіз." деп есептейді.Ағылшындардың неше мың жыл бұрынғы салт-дәстүрлері әлі күнге дейін сақталған. Оның дәлелі ағылшындықтар әлі күнге дейін тойды ескі дәстүр бойынша өткізеді. 
Некенің алдында атастыру (яғни уәделесу) көптеген елдерде орындалады. Англияда атастыру рәсімі алдында күйеу жігіт пен келінге әр түрлі сынақтар жүргізіледі.Атап айтар болсақ, жігіт қыз айтқан, қалаған нәрсенің барлығын орындайды. Ал келін болса бір қолымен ескі сандықтың қақпағын ұстау қажет. 
Қалыңдыққа орындауға тиісті міндеттер: 
- Қандай бағада болса да қарызға алынған нәрсенің өтемі тойдан кейін міндетті түрде қайтарылуы тиіс. 
- Дәстүр бойынша қалыңдыққа сыйланатын сыйлық жаңа болу қажет. Ол жаңа отбасының жаңаша бақытын білдіреді. 
-Жаңа түскен келіннің үстінде көгілдір түсті бірнәрсе болуы қажет.Көгілдір түс риясыздықты білдіреді. 
Ағылшындықтардың үйдің жанына бау-бақша отырғызуы да олардың тағы бір ерекше дәстүрі болып табылады. Ол кезде ағылшындықтар аула ішін өте әдемі, өте таза, әртүрлі көкөніс, гүлзарлармен безендіру де олардың өте жақсы дәстүрі болып келеді. Тіпті талапқа сай өте әдемі бау- бақшалар конкурсы да болып тұрады. Конкурста жеңген жеңімпаз өзін өте таза, ұлттық салт-дәстүрді өте қатты сыйлайтын ағылшынмын деп есептейді. 
Ұлыбританияның ең ерекше дәстүрлерінің бірі түскі асқа дейін үстіндегі киімді ауыстыру керек. Бірақ бұл ескі дәстүрлердің бірі.Алайда Кейбір Британ графтықтарында бұл дәстүр кездеседі.
Біріккен Корольдіктің таңғажайып фактілерінің бірі бұрынғы ғасырларда пайда болған киім-кешектерді кию. Мысалы, беделді Кембриджде және Оксфордта оқитын студенттер XVII ғасырдың мантиясын киіп жүреді. Мұнара сарайының күзетшілері Тьюдор заманынан келе жатқан сәнді киімдерді киіп отырады. Соттар мен адвокаттар 18-ғасырдағың париктерін киіп отырады.
Ұлыбританияның дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына сәйкес, Лондон мұнарасының аумағында 16 ғасырдан бері қарғалар өсіріледі. XVII ғасырда Король Чарльз II жарлығымен мұнарада әрқашан алты қарға болуы керек. Тіпті арнайы лауазым бекітілді — Равенсмастер немесе құс туралы қамқорлық жасайтын қарақшы. Қазіргі кезде Селтик пен Скандинавия құдайларының атымен аталған 6 қара қарға өмір сүреді. Ескі ырым бойынша, егер қарғалар мұнарадан ұшып кетсе, монархияның аяқталғанын білдіреді.Сондықтан қарғалардың қанаттары кесілген.
Британдықтар бағбандықты және онымен байланысты барлық нәрсені жақсы көреді. Шын мәнінде, әрбір үйдің жанында кішігірім бақ бар. Жыл сайын, мамырдың соңында, әлемнің барлық бұрыштарынан гүл шоуларын әкелетін Челсидегі әлемге әйгілі гүл фестивалі өтеді. Мұнда флораның ерекше және әдемі өкілдерін көріп қана қоймай, өзіңізге ұнайтын заттарды сатып ала аласыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет