Сыртқы - келбет имидждің бір бөлігі ретінде Имидж - бұл басқа адамға немесе адамдар тобына қандай да бір әсер қалдыру үшін адамның өзі жасайтын бейнесі.
Сыртқы келбет немесе габитарлы келбет (лат. "gabitvc" - сыртқы бейнеі"), имидждің құрамдас бөлігі ретінде келесі элементтерді қамтиды:
сыртқы деректер және физиологиялық ерекшеліктер (бет, көз, шаш, фигура, қалып);
киім және аяқ киім;
шаш, макияж, жалпы күтім;
жеке аксессуарлар;
іскерлік құралдар, көзілдірік, сағат, зергерлік бұйымдар және т. б.
Белсенді тыңдау техникалары
Белсенді тыңдау - бұл тыңдаушы сұхбаттасушыдан ақпаратты қабылдап қана қоймай, сонымен қатар осы ақпаратты түсінуді белсенді түрде көрсететін процесс.
Эхо техникасы– бұл әңгіме барысында қандай да өзгерістер болғанымен де, клиенттің жеке сөздерін немесе сөз тіркестерін қайталау.
Нақтылау – әңгіме барысында адам әрқашан оқиғалар мен бастан кешулердің барлық бөлшектерін сипаттай бермейді. Барлығын, тіпті ең кішкентай бөлшектерді нақтылауды сұраңыз.
Кідірістер – адам сөйлесуді аяқтаған кезде-үзіліс жасаңыз. Бұл ойлануға, түсінуге, мағыналауға, ұғынуға, әңгімеге бір нәрсе қосуға мүмкіндік береді.
Қабылдау туралы хабарлама – басқаша айтқанда, сұхбаттасушыға оның сізге не айтқанын, оның эмоциясы мен күйін түсінгеніңізді хабарлау. Әңгіме барысында қандай әсер қалдырғандығы туралы хабарлау. «Сізге қаншалықты ауыр тигенін және өкінішті болғанын түсінемін. Немесе Сіз өте маңызды ақпарат туралы айтып жатсыз!"