Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы



бет189/309
Дата07.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#106574
түріКодекс
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   309
Байланысты:
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû 3

3-бөлім. Өзге де персонал

22. Дистрибьюторда дәрілік заттар дистрибьюциясына оның барлық кезеңдерде қосылған білікті персоналдың жеткілікті саны болады. Персонал саны орындалатын жұмыстардың көлемдерімен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен айқындалады.


23. Дистрибьютордың ұйымдық құрылымы схемалар түрінде ресімделеді және оны басшы бекітеді. Персоналдың функциялары, міндеттері мен өзара әрекеттесуін нақты белгілеп беру қажет.


24. Шешуші лауазымдар атқаратын персоналға олардың лауазымдық міндеттемелері атап көрсетілетін жазбаша лауазымдық нұсқаулықтар құрастырылады, сондай-ақ оларды басқа персоналмен ауыстыру тәртібі белгіленеді.

4-бөлім. Оқыту

25. Дәрілік заттар дистрибьюциясы бойынша қызметке қосылған персонал тиісті дистрибьюторлық практикаға қатысты оқытудан өтеді және өз лауазымдық міндеттемелерін орындауды бастағанша қажетті біліктілікке ие болады.


Персонал жазбаша рәсімдер мен оқыту бағдарламасын негіздемеге алып, өздері орындайтын міндеттерге сәйкес негізде бастапқы және кейінгі оқытудан өтеді. Жауапты тұлға тиісті дистрибьюторлық практика саласында жүйелі оқыту арқылы персоналының құзіреттілігін қолдау қажет.


Қосымша оқытуда өнімді сәйкестендіру аспектілері және жеткізілімдер тізбегіне жалған дәрілік заттардың еніп кетуіне жол бермеу қамтылады.


26. Айналыстың қатаңдау шарттары белгіленген өніммен жұмыс істейтін персонал арнайы даярлықтан өткізіледі. Ондай өнімнің мысалдары өрт қауіпті, жарылыс қауіпті, оңай тұтанатын, оңай жанатын, жылуға төзімсіз, радиобелсенді материалдар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше бақылауға жататын дәрілік заттар және термолабилды дәрілік заттар болып табылады.


27. Оқыту өткізілгені жөніндегі жазбалар сақталады, оқыту тиімділігі мерзімді бағаланады және құжатталды.

5-бөлім. Гигиена

28. Персонал атқаратын қызметінде қолданылатын еңбек гигиенасы және жеке гигиенасы бойынша тиісті рәсімдер белгіленеді және орындалады. Бұл рәсімдерде денсаулыққа, гигиенаға және киімге қатысты талаптар қамтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет