6-параграф. Қауіпті басқару жүйесіне әсері 397. Қауіпсіздігі бойынша мәселелерін зерттеу бойынша жүргізілетін интервенциялық емес ҚТКЗ (және негізінен кез келген интервенциялық немесе интервенциялық емес қауіпсіздігін тіркеуден кейін зерттеу) қауіпті басқару жоспарында (ҚБЖ) сипатталғандай ҚБЖ енгізіледі. Егер ҚБЖ жоқ болған жағдай болса, қауіпсіздігін тіркеуден кейін зерттеудің деректері бар жаңа ҚБЖ әзірленеді. Барлық тиісті бөлімдерге/ҚБЖ модульдеріне зерттеу жүргізілуін, қауіпсіздіктің спецификациясын, фармакологиялық қадағалау жоспарын және қауіпті ең төмен ету жоспарын, сондай-ақ қаупті ең аз ету шараларының шолуын енгізе отырып, тиісті өзгерістер енгізіледі. 7-параграф. ҚТКЗ міндетті рәсімдері 398. ҚТКЗ Қазақстан Республикасында жүргізу мемлекеттік тіркеуге бірінші өтінім беруді бағалауда немесе тіркеуден кейінгі сатыда, егер тіркелген дәрілік препарат қауіпсіздігінің бейініне қатысты күмандану бар болса міндетті болып табылуы мүмкін. Уәкілетті органның бұл талабы тиісті түрде қауіпсіздіктің және тиімділігінің бейінін бағалау деректеріне негізделеді, жазбаша түрде бекітіледі және зерттеу міндеттеріне, оны жүргізудің және уақытша ұсыну аясына енгізіледі. Талаптарға сондай-ақ зерттеудің шешуші сипаты бойынша ұсыныстар да кіреді (мысалы, дизайн зерттеуі, шарты, әсері, аяқталуы, мақсатты популяция). Ұсынылатын әдістерге белсенді мониторинг әдісі (мысалы, белгілі бір клиникалық базадағы мониторинг, рецептуралық мониторинг, регистрлер), салыстырмалы бақылаушы интервенциялық емес зерттеулер (мысалы, когортты зерттеулер (мониторинг), кездейсоқ-бақылау типті зерттеу, жағдайлар зерттеулерінің сериясы және басқалары), клиникалық зерттеулер, тұтыну зерттеулері, фармакоэпидемиологиялық зерттеулер. Тіркеуден кейінгі сатысында 30 күн ішінде ҚТКЗ жүргізуді тағайындағанда осы міндет туралы жазбаша хабарламаны алған бойында тіркеу куәлігінің ұстаушысы міндет қоюға жауап ретінде жазбаша негіздеме ұсыну мүмкіндігін сұрата алады. Мұндай негіздемелерді ұсыну үшін уәкілетті орган уақытша шектеулер белгілейді. Тіркеу куәлігінің ұстаушысы берген жазбаша негіздеме негізінде уәкілетті орган міндетті қайтып алады немесе растайды.