Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы



бет46/309
Дата07.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#106574
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   309
Байланысты:
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû 3

18-параграф. Аудит

152. Сапаны мониторингілеу және бақылау бойынша бекітілген функциялардан бөлек және байланысты емес жүргізілетін демеуші аудитінің мақсаты жүргізіліп отырған зерттеудің хаттамаға, стандартты операциялық рәсімдерге, осы Стандартқа және нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалау болып табылады.


153. Аудиторларды таңдау және олардың біліктілігі:


1) аудит жүргізу үшін демеуші клиникалық зерттеулерден тыс тұлғаларды тағайындауы тиіс;


2) демеуші аудитордың жеткілікті квалификациясы, яғни аудитті тиісті түрде жүргізу үшін дайындығы және тәжірибесі бар екендігіне көз жеткізуге міндетті. Аудитордың біліктілігі құжатпен расталады.


154. Аудит рәсімі:


1) демеуші клиникалық зерттеулердің/бағдарламалардың аудиті аудит нысанын, аудит жүргізу тәсілдерін, жиілігін, сонымен қатар аудит туралы есеп формасын және мазмұнын анықтайтын демеушінің жазбаша рәсімдеріне сәйкес жүргізілетініне көз жеткізуі керек;


2) демеуші әзірлеген зерттеудің аудит жоспары және аудит рәсімдері өтінімдерді уәкілетті органдарға беру үшін аталған зерттеудің маңыздылығымен, зерттеуге қатысатын субъектілер санымен, зерттеу типімен және күрделілігімен, зерттеу субъектілері үшін қауіп деңгейімен анықталуы тиіс, сонымен қатар кез келген анықталған проблемалар назарға алынуы тиіс;


3) аудит ескертулері мен қорытындылары құжатпен ресімделуі тиіс;


4) егер осы Стандартқа елеулі сәйкессіздік куәлігі болса немесе соттық іс қарау жағдайында демеуші уәкілетті органның талабымен жүргізілген аудит туралы куәлік ұсынады.

19-параграф. Қолданылатын талаптардың орындалмауы

155. Зерттеушінің немесе медициналық мекеменің немесе демеуші қызметкерінің хаттаманы, СОР, осы қағидаларды және (немесе) тиісті нормативтік талаптарды орындамауы демеушінің олардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған кідіріссіз әрекеттеріне апаруы мүмкін.


156. Мониторинг немесе аудит барысында елеулі және (немесе) қайталанатын жағдайларда зерттеуші немесе медициналық мекеме тарапынан қолданыстағы талаптарды орындамағаны анықталса демеуші зерттеушінің немесе медициналық мекеменің зерттеуге қатысуын тоқтатуы тиіс. Егер зерттеушінің немесемедициналық мекеменің қатысуы қолданылатын талаптарды орындамаған елеулі және (немесе) қайталанатын жағдайлардың нәтижесінде тоқтатылса демеуші бұл туралы шұғыл сараптама ұйымына хабарлайды.


157. Егер зерттеу уақытынан бұрын немесе уақытша тоқтатылса демеуші зерттеушіге немесе медициналық мекемелерге және уәкілетті органдарға тоқтату немесе уақытша тоқтату туралы дереу хабарлауы тиіс, сонымен қатар тоқтату немесе уақытша тоқтату себептерін көрсетуі керек. Этика мәселелері жөніндегі комиссияға демеуші немесе зерттеуші немесе медициналық мекеме арқылы, оның ішінде зерттеуді тоқтату немесе уақытша тоқтату себептері туралы хабарлануы тиіс.


158. Зерттеу хаттама бойынша аяқталды ма немесе уақытынан бұрын тоқтатылды ма, оған қарамастан демеуші клиникалық зерттеу туралы есептің жасалуын және оның сараптама ұйымына ұсынылуын қамтамасыз етеді, толық: осы Стандарттың 2-қосымшасының нұсқаулығына сәйкес сәйкес немесе қысқартылған: ICH "Клиникалық зерттеу туралы есептердің құрылымы және мазмұны".


159. Көп орталықты зерттеулерде демеуші келесіні қамтамасыз етуі тиіс:


1) барлық зерттеушілер зерттеуді демеушімен келісілген және егер талап етілсе уәкілетті органдар және Этика мәселелері жөніндегі комиссия рұқсат еткен (мақұлдаған) хаттамаға қатаң сәйкестікте жүргізеді;


2) ЖТК көп орталықты зерттеуге қатысатын орталықтардан талап етілетін барлық деректер жиналатындай етіп әзірленген. Қосымша дерек жинайтын зерттеушілерге қосымша деректер жинау үшін әзірленген қосымша ЖТК ұсынылуы тиіс;


3) зерттеуші-координаторлардың және басқа зерттеушілердің, сонымен қатар медициналық ұйымдардың міндеттері зерттеу басталғанға дейін құжатпен бекітілген;


4) барлық зерттеушілерге хаттаманы, клиникалық және зертханалық деректерді бағалаудың, сонымен қатар ЖТК толтыру бойынша бірыңғай стандарттарды орындау жөніндегі нұсқаулықтар ұсынылған;


5) зерттеушілер арасындағы байланыс қамтамасыз етілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет