15-параграф. Оқыту 376. Персонал дабылдарды өңдеу бойынша әрекеттерді орындауға бөлінген функциялар мен міндеттерге сәйкес арнайы оқыту. Үдеріске тек фармакологиялық бақылау бойынша бөлімнің ғана қызметкерлері енбейді, сондай-ақ әлеуетті дабыл туралы белгілі болуы мүмкін немесе дабылды өңдеу үдерісіне қатысатын персонал да, мысалы номативті-құқықтық бөлімнің, клиникаға дейінгі, медициналық, фармакоэпидемиологиялық және маркетингтік зерттеулердің қызметкерлері де қатысады. Оқытуға терминология және дабыл көздері бар қолжетімді деректер базасы кіреді. Оқыту жүйесінің рәсімдері және оқыту бойынша деректерді орналастыру тиісті түрде құжатталады, мамандардың түйіндемесі және орындалатын функциялардың сипаттамасы мұрағатталады. 41-тарау. Рөлдері мен міндеттері 1-параграф. Уәкілетті ұйымның рөлдері мен міндеттері 377. Уәкілетті ұйым: 1) бөлімшесінде көрсетілген басқа да дереккөздерден алынған деректерді қоса, өз аумағындағы деректерге мониторинг жасалады; 2) валидацияны және қолжетімді дереккөздерінен алынған дабылдарды өңдеу рәсімдерінің басқа сатыларын орындайды; 3) валидациядан және бағалау рәсімдерінен өткен дабылдарды одан әрі қарай зерттеу немесе қаупін өте аз ету бойынша одан кейінгі әрекеттердің дұрыстығын анықтау мақсатында тиісті ұлттық эксперттік комитеттерге береді. 4) валидацияны өткен анықталған дабылдар және әзірленген шаралар туралы уәкілетті органды ақпараттандыруды орындайды. 2-параграф. Тіркеу куәлігі ұстаушысының рөлдері мен міндеттері 378. Тіркеу куәлігі ұстаушысы: 1) дабыл бойынша барлық қолда бар деректер мен ақпараттарды бақылайды; 2) деректер базасындағы барлық пайда болған деректерді бақылайды және дабылдардың халықаралық анықталуын орындайды; дабылдардың анықталуына 1.3.3 бөлімінде берілген ақпараттың компоненттерін ескере отырып, олардың валидациясы енуі тиіс; 3) барлық анықталған дабылдардың валидациясын орындайды және олар туралы тиісті уәкілетті органдарға мәлімдейді; 4) дабылдарды анықтау бойынша қызмет ету нәтижесінде қауіпсіздік бойынша шұғыл мәселелер анықталған жағдайда уәкілетті органдарды хабардар етеді; 5) қосымша ақпарат сұрату жасау жолымен дабылдар бағасының рәсімін орындау үшін уәкілетті органдармен қызмет етеді; 6) барлық дабылды анықтау рәсімдері бойынша аудиторлық із болуын қамтамасыз етеді.