Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-параграф. Стандартты операциялық рәсімдер



бет9/309
Дата07.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#106574
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   309
Байланысты:
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû 3

7-параграф. Стандартты операциялық рәсімдер

41. Сынақ зертханасы зерттеу жүргізу барысында сынақ зертханасы алған деректердің сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге арналған сынақ зертханасы басшылығымен бекітілген жазбаша рәсімделген СОР болады. Стандартты операциялық рәсімдерге өзгерістер енгізу сынақ зертханасының басшылығымен мақұлданады.


42. Сынақ зертханасының әрбір жеке бөлімшесі және (немесе) әр алаңы олардың қызметіне жататын қолданыстағы СОР көшірмесі болуы тиіс. Осы СОР-ға қосымша материалдар ретінде жарияланған оқулықтарды, талдамалық әдістерді, мақалаларды және нұсқаулықтарды пайдаланады.


43. Зерттеуге қатысы бар СОР-дан ауытқу құжатпен рәсімделіп, зерттеу жетекшісі мен жетекші зерттеушімен бекітіледі.


44. СОР сынақ зертханасының қызмет түрлерінің әрқайсысы үшін жасалады. Төменде келтірілген СОР түрлерінің тізбесі мысал болып табылады.


45. Зерттелетін заттар (дәрілік заттар) және салыстыру үлгілері (бақылау үлгілері): сынамаларды алу, сәйкестендіру, таңбалау, өңдеу, іріктеу және сақтау.


46. Жабдықтар, материалдар және реактивтер:


1) жабдық: пайдалану, қызмет көрсету, тазалау және калибрлеу;


2) компьютерлендірілген жүйелер: валидация, қызмет етуі, қызмет көрсету, қауіпсіздігі, өзгерістерді бақылау және резервтік жүйе;


3) материалдар, реактивтер және ерітінділер: дайындау және таңбалау.


47. Тіркеу, есептерді дайындау, сақтау: зерттеулерді кодтау, деректерді жинау, есептерді дайындау, индексация жүйелері, мәліметтерді өңдеу, компьютерлендірілген жүйелерді пайдалануды қоса.


48. Сынақ жүйелері:


1) сынақ жүйелерін сақтау үй-жайларын және талаптарын дайындау;


2) сынақ жүйесін алу, беру, тиісінше орналастыру, сақтау, сипаттау, сәйкестендіру және өңдеу рәсімдері;


3) сынақ жүйесін дайындау, зерттеу алдында, барысында және соңындағы бақылаулар мен талдаулар;


4) сыналатын алаңдарда тест-жүйелерді орналастыру.


49. Сапаны қамтамасыз ету рәсімдері: жоспарлау, кестелер құру, жүргізу, құжатпен рәсімдеу және инспекциялар туралы есептер дайындау бойынша СОР персоналының жұмысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет