Орындаған: Серікқызы Аида
Тобы: МИ-41
Тік бұрышты ұшбұрышқа байланысты есептерді шешудің әр түрлі жолдары, әдістемелік нұсқаулар, біздің ойымызша есептерді үш деңгейде топтау принципі қарастырылды.
Бірінші деңгейдегі қиындыққа жататын есептер: берілген екі катеті, бір катеті мен гипотенузасы, бір қабырғасы және бір сүйір бұрышының мәні бойынша үшбұрыштың барлық қалған элементтерін табу. Екінші деңгейдегі есептер: іштей сызылған шеңбердің радиусы және үшбұрыштың ауданы, іштей сызылған шеңбердің радиусы мен жарты периметрі, катеттердің гипотенузадағы проекцияларының мәндері, екі катеттің қосындысы мен іштей немесе сырттай сызылған шеңбердің радиустері, биіктігі мен бір катеті берілген жағдайда үшбұрыштың кез келген басқа элементтерін анықтау. Үшінші деңгейдегі есептер: гипотенузаның іштей сызылған шеңбермен жанасу нүктелеріндегі бөліктері, іштей сызылған шеңбердің центрінен сүйір бұрыштарының төбелеріне дейінгі ара қашықтықтары, тік бұрыштың төбесінен гипотенузаға түсірілген биіктіктің табан нүктесінен оның катеттеріне дейінгі ара қашықтықтары берілген жағдайда және оларға керісінше берілген есептерден олардың қалған элементтерін анықтау.