Семинар тақырыптары және әдістемелік нұСҚаулар апта, сағат



бет1/7
Дата27.09.2023
өлшемі87 Kb.
#110953
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


1 апта, 1 сағат
Тақырып 1. Кіріспе. Көшпелі мемлекеттер жөніндегі таптық теориялар.

  1. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері.

  2. Пәннің маңызы және Қазақстан тарихындағы орны.



Сабақтың мақсаты: Ортағасырлардағы Қазақстан тарихының мәселелерімен жүйелі түрде, ғылыми негізде таныстыру, ортағасырлардағы тарихи дамудың жалпылама және ерекше заңдылықтарымен таныстыру, Отан тарихын үйрету арқылы студенттерді Отан сүйгіштік қасиеттерге, адамгершілік қасиеттерге, халықтың тарихи дәстүрлі болмыстарын қадірлеуге баулу.
Әдістемелік нұсқаулар: Пәнді оқып-үйренудің нәтижесінде магистранттар: ортағасырлық Қазақстан тарихындағы күрделі мәселелердің шығу төркінін, даму барысын, саралай білуі тиіс; дискуссиялы сұрақтардың себептеріне талдау жасай білуі тиіс; тарихи дамудың принциптері мен заңдылықтарын игере білуі тиіс.


2 апта, 1 сағат
Тақырып 2. Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты негізгі жазба дерек мәліметтеріне талдау.

  1. Рашид ад-дин Шыңғыс хан және монғол мемлекетінің құрылуы туралы.

  2. Рашид ад-дин Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы туралы.

  3. Монғолдың құпия шежіресіндегі Шынғыс хан және оның жаулап алу жорықтары туралы.

  4. «Шыңғыс нәме» бойынша Жошы ұлысы туралы, Бату, Берке, Орда Ежен, Өзбек хан, т.б. туралы мәліметтер.

  5. Әбілғазы Алтын Орда тарихы туралы.



Сабақтың мақсаты: Шыңғыс ханның білігі деген атпен белгілі тарихшы Рашид-ад-диннің шығармасын, Монғолдың құпия шежіресіндегі Шынғыс хан және оның жаулап алу жорықтары туралы және «Шыңғыс нәме» бойынша Жошы ұлысы туралы берілген деректі талдау жасау. Осы арқалы түрік-монғол қоғамының рухани құндылықтары, саяси билік және әлеуметтік құрылымы туралы мағлұмат қалыпастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет