Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет16/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   162
2-диалог
4
Мəтінде айтылған жақсы қасиет – ...
A) алауыздық 
B) өзімшілдік 
C) сабырлылық 
D) ынтымақтастық
Сөйлемді диалог мазмұнына сəйкес толықтырыңыз.
Дополните предложение в соответствии с содержанием диалога.
Алдына сəлем бере жəне елді ынтымақтастыру жөнінде келген Төлеге Əнет 
баба садақтың алты оғын біртіндеп сындырып, екі бүктеп он екі шыбық етіп 
ортасынан буып: Міне, енді сындырып көрші,- дейді. Бума шыбықты сындыра 
алмаған Төле оны Əнет бабаға қайтарып: 
Айып етпеңіз, бұл жұмбағыңызды түсінбедім, - депті. 
Сонда Əнет баба мынадай өсиет айтыпты: 
– Төлежан, ешқашан да өзімшіл болма, көптің айтқанын тыңда. Көпті тыңдасаң, 
көп те сенің айтқаныңды орындайды. Көп болсаңдар, өзара ынтымақта болсаңдар, 
сендердің белдеріңді ешкім де сындыра алмайды. Ал əрқайсың жеке дара болып, 
ынтымақтарың жараспайтын болса, мына жеке шыбықтарды сындырған секілді 
əркім-ақ бірліктеріңді бұзып, берекелеріңді кетіреді.
«Қазақтың би-шешендері» кітабынан
1) Алауыздық – бір-бірімен тату болмау 
2) Өзімшілдік – тек қана өзінің жеке басын ойлау
3) Сабырлылық – ұстамдылық, шыдамдылық 
4) Ынтымақтастық – татулық, бірлік, достық 


22
1) Төле Əнет бабамен ел бірлігі туралы ақылдасты.
2) Бір шыбықты сындыру оңай, ал бума шыбықты сындыру қиын.
3) Əнет баба бірлік, ынтымақтастық туралы өсиет айтты.
4) Əнет баба берген жұмбақ – бума шыбықты сындыру болатын.
6
Төле шыбықтарды неге сындыра алмады?
A) Шыбық су болды.
B) Шыбыққа жаны ашыды. 
C) Сындыруға батылы жетпеді.
D) Көп шыбықтың бумасына əлі жетпеді.
Дұрыс жауапты табыңыз.
Найдите правильный ответ.
1) Шыбық су болды – құрғақ емес, ылғал болды.
2) Шыбыққа жаны ашыды – шыбықты аяды.
3) Батылы жетпеді – жүрексінді, қорықты.
4) Əлі жетпеді – күші жетпеді, əлі келмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет