1-мəтін
21
A) Шетелдік серіктестер
B) Алматы мақта-мата комбинаты
C) Оқытудың инновациялық əдістері
D) Отандық текстиль өндірісін дамыту
Мəтінге лайық тақырып таңдаңыз.
Выберите подходящий заголовок для текста.
1) Негізгі əңгіме шетелдік серіктестер туралы да емес.
2) Алматы мақта-мата комбинаты тек фабрика өнімділігін салыстыру үшін ғана қолданылған
ақпарат.
3) Оқытудың жаңа əдістері сөз болғанмен, бұл да мəтін мазмұнын толық қамтымайды.
4) Еліміздегі текстиль өндірісін дамыту жолдары: фабриканы заманауи құралдармен жабдықтау,
кəсіби мамандар даярлау, тəжірибе алмасу.
22
A) «Қазақ-орыс текстилі» АҚ текстиль фабрикасы туралы жалпы мəлімет
B) ТарМУ мен Швейцария колледждерінің арасындағы келісім
C) Текстиль саласында жоғары білікті мамандардың қажеттілігі
D) Текстиль құрал-жабдықтарын жасаушылармен қарым-қатынас жасау
Мəтіннің алғашқы бөлігінің мазмұнын анықтаңыз.
Определите содержание вступительной части текста.
1) Мəтіннің бірінші бөлігінде аталған фабриканың құрал-жабдықтары, өнімдері, шетелдік
серіктестері туралы айтылған.
2) Бұл ақпарат мəтіннің соңына қарай берілген.
3) Бұл да мəтіннің ең соңында айтылады.
4) Бұл мəлімет те мəтіннің соңғы бөлігінде айтылған.
29
ТЫҢДА
ЛЫМ
БӨЛІГІ
23
A) «Қазақ-орыс текстилі» фабрикасы өнімдерінің жылдық мөлшері
B) Текстиль саласында шетелдік фирмалармен тəжірибе алмасу
C) Фабриканың шетелдік қондырғылармен жабдықталуы
D) Тоқыма фабрикасының шетелдік серіктестері
Мəтіннің соңғы бөлігінің мазмұнын анықтаңыз.
Определите содержание заключительной части текста.
1) Бұл ақпарат мəтіннің алғашқы бөлігінде.
2) Мəтіннің соңғы бөлігінде Швейцарияның текстильдік колледждерінде оқу-тəжірибеден өту
туралы айтылады.
3) Бұл туралы мəтіннің басында айтылған.
4) Бұл мəлімет мəтіннің ортасында берілген.
24
A) Шетелден білікті мамандар əкелу
B) Қазақстанда текстиль өндірісін дамыту
C) Шетелдік құрал-жабдықтарды пайдалану
D) Қазақ жастарын шетелдерде тəжірибеден өткізу
Мəтіннің негізгі идеясын анықтаңыз.
Определите основную идею текста.
1) Мəтінде шетелден мамандар əкелу туралы ой айтылмаған.
2) Мəтіндегі негізгі ой – отандық текстильді дамыту.
3) Шетелдік құрал-жабдықтарды өндірісте пайдалану тиімді болғанмен, бұл негізгі идеяға
жатпайды.
4) Жастарды шетелдерде тəжірибеден өткізу білікті мамандар даярлау үшін қажет болғанмен,
бұл – мəтіннің негізгі идеясы емес.
25
Текстиль өндірісін дамыту үшін ...
A) Текстиль өндірісінде міндетті түрде шетелдік əріптестермен бірлесіп жұмыс
істеу керек.
B) Мамандарды шетелдерде дайындау керек.
C) Еңбек өнімділігін бірқалыпты ұстап отыру керек.
D) Текстиль өндірісіне заманауи техника мен технологияны меңгерген кəсіби
мамандар керек.
Мəтіннің түйінін анықтаңыз.
Сделайте вывод по тексту.
Шетелдік текстиль фабрикаларымен тəжірибе алмасу туралы айтылғанмен, бұл міндетті емес,
сондықтан мəтін түйіні бола алмайды.
2) Мамандарды шетелде дайындау да міндетті емес, тек тəжірибе алмасу жөнінде сөз болған.
3) Бірқалыптылық өндірістің өсуін көрсетпейді, сондықтан бұл да түйін бола алмайды.
4) Текстиль өндірісінің дамуы жоғары білікті мамандарға тікелей байланысты, сондықтан мұндай
қорытындыға келуге болады.
Қазақ халқының дəстүрлі қолөнері сан түрлі: кілем тоқу, ағаштан, жүннен,
теріден, сүйектен, тұяқтан т.б. бұйымдар жасау, ши тоқу, ер тұрман жасау, кесте,
аяқ киім тігу, сабын, бояу жасау. Қазақ қолөнерінің бір ерекшелігі ол ерлер,
əйелдер айналысатын болып екі топқа бөлінген. Əйелдер – киіз басып, кілем мен
ши тоқыса, ерлер жиһаз бен жабдық, ат əбзелі мен қару-жарақ тəрізді заттарды
жасайды.
Қазақ қолөнерінде жастардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуде ою-өрнектің
алатын орны айрықша. Этногрфтардың пайымдауынша, осы уақытқа дейін
ою-өрнектің 200-дей түрі анықталып отыр.
2-мəтін
30
Қолөнер қашаннан халықты күнделікті тұрмыстық жағынан қамтамасыз еткен.
XIX-XX ғасырларда қазақ халқының дəстүрлі қолөнерінің ішінде киіз үйдің сүйегін,
ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрнек тоқу, киіз басу кең өрістеді.
Бір ғажабы қазіргі кезде жастарға арнап ер-тұрман, белдік, қыз келіншектерге
арнап сəукеле, шашбау, білезік, сырға жасауға сұраныс артты. Бұл халықтың
тұрмыс деңгейінің жақсаруы мен рухани жан-дүниесінің дүр сілкінген кезеңі болса
керек. Қазір ұлттық сана, салт-дəстүріміз қайта жаңғырған тұста ұлттық қолөнер
кəсібін дамытып, халқымыздың дəстүрлі қолөнерінің көркем туындыларын
импортқа, экспортқа шығару бағытында жұмыстар əлі де аз. Əрине, адамзат қоғамы
жылжыған сайын халықтың дəстүрлі қолөнерінің бірқатары жаңа түрге ие болып,
кейбірі күнделікті тұрмысқа қажет болмай қалғаны ақиқат. Бұл күндері фарфордан,
тоттанбайтын металдан, эмаль жалатылған темірден, пластмассадан жасалған
сəнді жиһаз, бұйымдар көп. Бірақ қазақ қолөнері бұнымен халық тұрмысында
өзінің ежелгі маңызын жоғалтып отырған жоқ.
26
A) Қазіргі тұрмыстық бұйымдар
B) Қазақтың дəстүрлі қолөнері
C) Ою-өрнектің тəрбиелік мəні
D) Қазақтың зергерлік өнері
Мəтінге лайық тақырып таңдаңыз.
Выберите подходящий заголовок для текста.
1) Тұрмыстық бұйымдар туралы мəтіннің соңғы бөлігінде ғана айтылған.
2) Қазақтың дəстүрлі қолөнері мəтін мазмұнын түгел қамтиды.
3) Ою-өрнектің тəрбиелік мəні туралы мəтіннің бір бөлігінде ғана айтылған.
4) Мəтінде зергерлік бұйымдарға сұраныс артылғандығы туралы ғана айтылды.
27
A) Қазақ қолөнерінің түрлері
B) Қолөнердің тəрбиелік мəні
C) Қазіргі сұранысқа ие қолөнер бұйымдары
D) Қолөнер бұйымдарын импортқа, экспортқа шығару
Мəтіннің алғашқы бөлігінің мазмұнын анықтаңыз.
Определите содержание вступительной части текста.
1) Кілем тоқу, ағаштан, жүннен, теріден, сүйектен, тұяқтан т.б. бұйымдар жасау, ши тоқу, ер
тұрман жасау, кесте, аяқ киім тігу, сабын, бояу жасау – қазақ қолөнерінің түрлері.
2) Қолөнердің тəрбиелік мəні туралы мəтіннің ортаңғы бөлігінде айтылған.
3) Қазір сұранысқа ие қолөнер бұйымдары туралы мəтін соңында айтылған.
4) Бұл ақпарат та мəтіннің соңғы бөлігінде берілген.
28
A) Этнографтар анықтаған ою-өрнектің түрлері
B) ХІХ-ХХ ғғ. кең өрістеген қазақ қолөнерінің түрлері
C) Ерлер мен əйелдер айналысатын қолөнер бұйымдары
D) Кейбір дəстүрлі қолөнер бұйымдарының тұрмыста қажет болмай қалу себебі.
Мəтіннің соңғы бөлігінің мазмұнын анықтаңыз.
Определите содержание заключительной части текста.
1) Бұл ақпарат мəтіннің ортаңғы бөлігінде берілген.
2) ХІХ-ХХ ғғ. қазақ қолөнерінің дамуы туралы мəтіннің орта бөлігінде айтылған.
3) Қолөнер бұйымдарының түрлері туралы алғашқы бөлікте сөз болған.
4) Мəтіннің соңғы бөлігінде көптеген қолөнер бұйымдарын жаңа бұйымдар алмастырғаны туралы
айтылған.
|