Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет38/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

1
2
3
4
Мəндес сөздер қатарын табыңыз.
Укажите ряд слов, близких по значению. 
А) əзіл, ойнау
В) қалам, қалау 
С) бұйым, мүлік
D) кезінде, кейбіреу
Мəндес сөздер қатарын табыңыз.
Укажите ряд слов, близких по значению.
А) қолдау, құптау
В) тоздыру, жаңалау
С) жуықтау, қашықтау
D) жақтырмау, жақтау
Мəндес сөздер қатарын табыңыз.
Укажите ряд слов, близких по значению.
А) ескеру, елемеу
В) есептеу, санау
С) қызару, бозару
D) жағыну, жадырау
Сөйлемдегі асты сызылған сөздің баламасын көрсетіңіз.
Найдите слово, эквивалентное подчеркнутому слову.
Қазіргі жастар – тəуелсіз еліміздің болашағы.
А) өткені
В) кешегісі 
С) келешегі
D) мəртебесі


55
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Тұрақты сөз тіркестері
Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалып, бір ғана мағынаны беретін, құрамындағы 
сөздердің орны тұрақты сөздердің тіркесі тұрақты сөз тіркестері деп аталады.
Мысалы: бармағын тістеу (өкіну), ақылға салу (ойлану), арқаны кеңге салу 
(асықпау), бауыр басу (үйрену), т.б.
• Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа 
сөздермен ауыстыруға келмейді;
• 
тұрақты сөз тіркестері бір сөздің орнына ғана жұмсалады;
• 
тұрақты сөз тіркестері бір сөзбен берілетін ұғымды бейнелі, көркем түрде 
жеткізеді. 
Мысалы: батыр – жүрек жұтқан; момын – қой аузынан шөп алмас; жомарт – қолы 
ашық, т.б.
Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестері мағынасы жағынан бірнеше тақырыптарға 
топтастырылады: 
І. Адамның жағымды, жағымсыз қимыл-əрекеттеріне байланысты тұрақты сөз 
тіркестері: жұлдызы оңынан туу – жолы болу, ағат кету – қателесу, алдынан қия өтпеу 
– сыйлау т.б.
ІІ. Адамның жеке басының қасиеттеріне қатысты тұрақты сөз тіркестері: жүрегінің 
түгі бар – батыр, кең пейіл – жомарт, тас бауыр – қатал т.б.
ІІІ. Адамның физикалық қалпын бейнелейтін тұрақты сөз тіркестері: тілі аузына 
сыймау – шөлдеу, діңкесі құру – шаршау, көз шырымын алу – аздап ұйықтап алу т.б.
ІV. Уақыт, кеңістік, өлшемді білдіретін тұрақты сөз тіркестері: ертеден қара кешке 
дейін – күні бойы; ит өлген жер – алыс, аспанмен таласқан – биік т.б.
V. Тамақ, киім, денсаулыққа байланысты тұрақты сөз тіркестері: жүрек жалғау – 
тамақтану, нəр татпау – аш жүру, ауыздан дəмі кетпеу – дəмді тамақ туралы т.б.
VІ. Табиғат, ауа райына қатысты тұрақты сөз тіркестері: ақ қар, көк мұз – қыс, 
аспан айналып жерге түскендей – қатты ыстық т.б.
VІІ. Еңбек, өмір, тағдыр дүние туралы тұрақты сөз тіркестері: еңбегі еш болу – 
босқа еңбектену, қолын жылы суға малу – жеңіл өмір сүру, маңдайына жазғанын көру 
– өмірдің ағымына көну т.б.
VІІІ. Отбасы, үйлену, дос туралы айтылатын тұрақты сөз тіркестері: тұла бойы 
тұңғышы – бірінші бала, шаңырақ көтерді – үйленді, екі туып, бір қалғаны – жақын 
туысы т.б.
♦ Асты сызылған тіркестің мағынасын көрсетіңіз.
Определите значение подчеркнутого слова.
Апам үй тіршілігіне байланысты кеңес берді.
А) ойланды
В) ақыл қосты 
С) амал жасады
D) іске дайын тұрды
1) ойланды сөзі асты сызылған сөзге мəндес емес;
2) ақыл қосты тіркесі асты сызылған сөзбен мағыналас, сөйлем 
мағынасына қарай ақыл сөзі кейде кеңес мағынасында да 
қолданылады;
3) амал жасады тіркесі асты сызылған сөздің мағынасына 
үйлеспейді;
4) іске дайын тұрды тіркесі кеңес берді деген мағынаға сəйкес 
келмейді.


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет